Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет14/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
Сүрекдің – алқа ағаштың негiзгi құрамдас бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы.

Бұл орманның аса маңызды компоненті, негiзгi құрамдас бөлiгi. Сүрекдің басты және екiншi дәрежедегi ағаш түрлері деп бөлінеді.

Жоғары экономикалық және шаруашылық маңызы бар, сонымен қатар, сол орта жағдайларында жоғары өнiмдi алқа ағаш құрайтын ағаш түрлерін басты деп атайды. Екiншi дәрежедегi ағаш түрлері басты ағаш түрлеріне қарағанда шаруашылық және экономикалық құндылығы төмен болып келедi.

Сүрекдіңнің жоғары деңгейiн алып жатқандары басым ағаш түрлері болып табылады, бiрақ, ол көбіне басты болмай, керісінше, екiншi дәрежедегi ағаш түрлері болып келедi. Серіктес ағаштар басты ағаш түріне қолайлы әсер етедi және нақты жағдайларда өзiндiк шаруашылық маңызы жөнiнен одан қалыспайды (мысалы, емен ормандарындағы үйеңкiлер).

Қазақстан жағдайлары үшiн басты ағаш түрлеріне қарағай, шырша, емен, қайың, майқарағай, балқарағай, самырсын жатады. Белгiлi бір жағдайларда оларға екiншi дәрежелi ағаш рөлiнде көрiнетiн көктерек, қандыағаш жатқызылуы мүмкiн.

Өскiн – ағаш өсiмдiктерiнiң орман шымылдығы астында немесе кесiлген ормандағы сүрекдiңдi құрауға қабiлеттi жас ұрпағы.

Жас ұрпаққа, ең алдымен, сүректi өсiмдiктердiң бiр жастағы балғын немесе санақ жүргізген жылы пайда болған балғын өсімдіктер жатқызылады. Тiрi қалған жағдайда, олар – 3-5 жасқа дейiнгi, ал солтүстiк жағдайында –10 жасқа дейiнгi өздігінен өскен жас ұрпаққа айналады.

Тiрi қалған жас ұрпақ келесi жас санатына өскiнге айналады. Өскiнге, әдетте анасының желек биiктiгiнiң жартысындай биiктiгi бар және 1,3м биiктiкте диаметрі 8 см дейiнгi жас ағаштарды жатқызады. Өскiн – табиғи қайта жаңарудың шаруашылық тұрғысынан қарағандағы аса маңызды санаты. Ол аналық сүрекдiң құрамына кiретiн, сондай-ақ кiрмейтiн ағаш түрлерінен құралуы мүмкiн және ол тұқымнан немесе вегетациялық жолмен өсіп-өнеді.

Барлық өскiн сүрекдiңге айналмайды. Өскiндердiң кейбiр бөлiгi толысу жасына жетпей жойылып кетедi, кейбiр бөлiгi ұзақ уақыт әлсiреген жағдайда тiршiлiк еткенмен ешқашан жоғары сатыдағы сүрекдiңдi ауыстыра алмайды. Ағаш дайындау кезiнде өскiндердi зақымданудан сақтау шараларына көп көңiл бөлу қажет.

Өскiндердi сақтау орманды қалпына келтiру құралы ретiнде, орман шаруашылығы және орман өнеркәсiбiнде өндiрiстiк жоспарларда қарастылырып отырады.

Өсiмтал – жанына көлеңке түсіре отырып, басты ағаш дiңiнiң өсуiн жеделдетуге және пішінінің жақсаруына ықпал ететiн сүректi ағаш немесе бұта түрі.

Әдетте, өсiмтал ретінде, көлеңкеге төзiмдi ағаш-бұта түрлері қалыптасады. Өсiмталды жас кезiнде баяу өсетiн түрлер, мысалы, емен тәрiздiлер қажет етедi. Басты түрін басыңқырамай қапталынан қоршай отырып, бұтақтардың қаулап өсуіне кедергі келтіріп, дiңнiң биiктеуiне ықпал етедi.

Мұндай қасиеттер сүректi ағаш түрлерінен – үйеңкiде, шегiршiнде, жөке және басқаларда, бұталардан – шаттауықта, ұшқатта т.б. бар.

Орманшы өскi үстiн көлеңкелеген басты ағаш түрінің ұшын немесе жанындағы бұтақтарын кесiп тастай отырып, өсімталдың өсуін жүйелi түрде реттеп отыруы тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет