Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет15/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Орман астары – орман шымылдығы астында өскен және қазiргi өсiп-өнiп тұрған жағдайында сүрекдiңдi құрауға қабiлетсiз бұталар, сирегiрек сүректi ағаш түрлері.

Орман астары орманның өсуiне, оның су қорғау, қорғаныш және т.б. пайдалы қызметтерiне әсер ете отырып, орман құрауға тiкелей қатысады.

Шаруашылық маңызы жөнiнен ол ешуақытта орман шымылдығындағы басым ағаш түрінің орнын ауыстырмайды, өскiндер сияқты кәрi ағаштардың орнын баспайды.

Бiздiң ормандарда кездесетiн бұталардан орман астарына жататындары: арша, шетен, тал, ұшқат, қарақат, сыңғақ итшомырт, шаттауық және т.б.

Орман астарының орман өсiрушiлiк маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау рөлiн орындайды, яғни, орман топырағын шөптесін өсiмдiктер басып кетуiн тежейдi, топырақ борпылдақтығын және түйiрлi құрылымын сақтайды, оны қоректi заттармен байытады, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады. Бiрақ, орман астары орман үшiн терiс рөлде атқаруы мүмкiн: ол қалың болған кезде өскiннiң өсуiн тежейдi, орманның қайта жаңаруына кедергi келтiредi. Мұндай жағдайда, орман астарын сирету жұмыстары жүргiзілуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет