Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет5/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Кесте 1.1 - Әртүрлi жағдайда, ашық жерде және көршi ағаштардың тығыз қоршауында өскен екi кәрi емендердiң өлшенген деректерi (П.С.Погребняк бойынша)



Таксациялық элементтер

Ашық алаңдағы ағаш, 115 жас (жыл)

Сүрекдiң iшiндегi ағаш, 112 жас (жыл)

Екiншi ағаштың бiрiншiмен салыстырғандағы пайыз

1

2

3

4

1,3 метр биiктiктегi диаметрі

100

51

51,0

Ағаштың биiктiгi

21,5

30,1

140,0

Желегінің көлденең кескiнi, м2

253

48

19,0

Жерден тiрi бұтаққа дейiнгi ара қашықтығы, м

25

21,0

84,0

Желегінің тiк аралығы (ұзындығы), м

19,0

8,1

42,6

Дiңнiң көлемi, м3

5,7

2,6

45,6

Бұтақтардың көлемi, м3

2,8

0,3

10,7

Ағаштың тамырсыз көлемi, м3

8,5

2,9

34,1

Бұтақтар көлемiнiң дiң сүрегiне пайызы (%)

49

11,0

22,4

Бұтақтар көлемiнiң ағаштардың жалпы көлемiне пайызы

32,9

10,3

31,2

1000-мен есептегенде дiңнiң түр саны

331

440

132,9

1000-мен есептегенде ағаштың түр саны

499

501

100,4


Желсiздiк, жазғы салқын және қысқы тыныштық – орман ортасының сипатты ерекшелiктерi. Орман шымылдығы астында топыраққа жететiн жауын-шашынның, жарықтың, жылудың көлемi өзгередi, булану өзгеше болады, орман төсенiштерi құралады, микроорганизмдердiң, саңырауқұлақтардың, жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң жаңа түрлерi мен топтары дамиды.

Бiр-бiрiне және орналасқан аумағына әсер ете отырып, ағаштар өзiне және көршi ағаштарға жаңа сападағы ықшам климат жағдайын жасап, өзiндiк орта қалыптастырады.

Еркiн жағдайда өсетiн ағаштардың бұтақтары төмен орналасқан желектерінің пішіні шар тәрiздi, жайыңқы болып келедi. Ағаш дiңдерi, әдетте, бұтақты, қысқа, өте кiшiрейген болып келедi, сондықтан олардан бағалы сортименттер алынбайды. Ормандағы ағаштар еркiн өсетiндерден 10-12 жыл кеш жемiс береді.

Сонымен, орман көптеген ағаштардың қарапайым үйлесiмi емес, ол өсiмдiк қауымдастығы, онда ағаштар бiрiне-бiрi өзара әсер ете отырып, қоршаған орта жағдайларын: жарықты, температураны, ауаның ылғалдығы мен құрамын, желді және басқа экологиялық жағдайларын өзгертедi. Осы өзара әсерге байланысты орман ағаштарының орманнан тыс өскен ағаштардан тым өзгеше екендiгi байқалады.

Жасы ұлғаюына байланысты орман ағаштарына табиғи азаюы (табиғи сиреуі) мен бiршама жiктелуi тән.

Орманда тiршiлiк үшiн және табиғи iрiктелу күрестерiнiң заңдылықтары анық көрiнiс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет