Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет76/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.12.5 Таза сүрекдiңдер. Таза сүрекдiң дегеніміз – ағаштың бір түрінен құралған алқа ағаштар. Таза сүрекдiң тiршiлiгiнiң биологиялық ұғымы –түрiнiң сақталуында, оның басқа түрлермен күресiнiң жеңiлдеуiнде және сыртқы ортаның қолайсыз әсерiнде болып табылады. Бiрақ, бұл сүрекдiң тiршiлiгiнiң әр түрлi кезеңдерде «түрдiң гүлденуiн» көрсетпейдi және түр iшiндегi күрестi жоққа шығармайды. Мысалы, жер асты сулары терең жатқан, босаң құмдарда таза қарағай алқа ағаштарының құрылуы қарағайдың осы жағдайларда «гүлденуiн» куәландырмайды.

Таза қарағай сүрекдiңiнiң құрылуы мен тiршiлiк етуiнiң ең алғашқы кезеңдерінде түрдi сақтау үшiн күресі өркендердің шөптесін өсiмдiктермен бәсекелесiнде көрiнедi. Кейінірек сырық ағаш шағында ағаштар арасындағы күрес күшейе түседi, бiрақ, ол түрдiң қуруына әкелiп соқпайды және сүрекдiңнiң қалыптасу процесі алқа ағаштың толысқан жасына дейін жалғасады. Яғни, орман шымылдығы астында қарағайдың табиғи жаңару мүмкiндiгiн жоққа шығармай, бiрыңғай сүрекдiңнiң табиғатта қалыптасуының нығайып отыруымен сипатталмайды және ол әр уақытта гүлденiп отырмайды. Таза сүрекдiңнің қалыптасуы белгiлi экономикалық пайда беруi мүмкiн, дегенмен, мұнда алқа ағаштардың бiраз кемшiлiктерi (ағаштар арасында ылғал мен қоректік заттар үшін бәсекенің артуы) еске алынуы керек .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет