1.8.3 Орман және фитонцидтер. Фитонцидтер – зиянды микроорганизмдердi өлтiретiн немесе олардың өсуi мен дамуын тежейтін жоғары сатыдағы өсiмдiктер бөлетін биологиялық белсендi заттар. Фитоцидтердi ХХ ғасырдың 30-жылдарында биолог Б.П.Токин ашқан.
Барлық ағаш және бұта түрлері фитонцидтiк дәрежесi бойынша келесідей бөлiнедi:
1) өте күшті фитонцидтілер: кәдімгі емен, үшкір жапырақты үйеңкі;
2) күштi фитонцидтілер: қотыр қайың, үлпек қайың, кәдімгі қарағай, шырша, көктерек, орманжаңғақ ағашы, мойыл, кәдімгі арша;
3) орташа фитоцидтілер: сібір балқарағайы, кәдімгі шаған, ұсақ жапырақты жөке, қара қандыағаш, сібір самырсыны, шетен, сары қараған, кәдімгі жұпаргүл, татар ұшқаты;
4) әлсiз фитонцидтілер: шегіршін, өгейбұта;
5) өте нашар фитонцидтілер: қызыл аюбадам, итшомырт.
Достарыңызбен бөлісу: |