Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Атмосферадағы зиянды қоспалар және оларға ағаш түрлерінің қатынасы



бет47/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
1.8.4 Атмосферадағы зиянды қоспалар және оларға ағаш түрлерінің қатынасы. Өнеркәсiптiң шығарып тастайтын шаң-тозаңдарының өзiнде 140-қа жуық зиянды заттар бар.

Табиғи ортада техногендiк әсердiң күшеюi көптеген экологиялық проблемаларды туғызды және олардың ең өзектiлерi атмосфералық ауаның жағдайымен байланысты болып отыр. Өнеркәсiп шығарған қалдық заттары, пайдаланылған газдар, күйе, iрi қалалар аспанындағы сансыз шаң-тозаңдар түтiн шатырын құрайды және спектрдiң ультракүлгін бөлiгiнiң енуiне кедергi жасайды.

Ағаш және бұта түрлерінің зиянды газдарға төзімділік дәрежесi әр түрлi және ол өсiмдiктер табиғатына, олардың даму сатысына, газдың шоғырлануына, ауа-райы мен топырақ жағдайларына, алқа ағаш қалыңдығына, орманнан қашықтығына байланысты болады. Бiркелкi ағаш түрлерінің зиянды газдарға сезiмталдығы да бiрдей емес және газдың түрi мен шоғырлануына, топырақ құнарлығына, фотосинтез бен тыныс алу қарқынына, жапырақтардағы жалпы суға, өсiмдiк жасына, жыл маусымына және ағаш түрінің тұқым жағдайына байланысты болып келедi.

Газға төзімділік дәрежесiне қарай, барлық ағаш және бұта түрлері үш санатқа бөлiнедi:

1) газға өте төзімділер: тікенді шырша, күнбатыс туясы, ақ қараған және т.б.;

2) газға орташа төзімділер: кәдімгі және виргиния аршасы, сібір балқарағайы, үлпек қайың, қотыр қайың, кәдімгі емен;

3) газға төзімсіздер: кәдімгі шырша, кәдімгі қарағай, ат талшын, кәдімгі шетен, шаған.

Орман бiршама дәрежеде ауаның шаң-тозаңнан тазаруына әсер етедi және оның әрі қарай таралуын тежейдi. Орман алқаптары атмосфераның ең төменгi бөлiгiндегi ауа толқындарының сипатын өзгертедi және зиянды газдардың тезiрек тарауына жағдай тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет