Ұсынылған облыстар: Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан.
Пісіп жетілу мерзімі: Орташа ерте пісетін (вегетациялық кезеңі 82-93 күн)
Сорттың сипаттамасы: Түйнектің формасы сопақша, түсі сары, қабығы бүтін, балдыры ақ түсті. Түп жартылай жайылған. Гүл тәжі ақ түсті.
Өнімділігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділігі 272 ц/га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділігі 317 ц/га, Павлодар облысы бойынша орташа өнімділігі 372 ц/га, Қостанай облысы бойынша 275 ц/га, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділікгі 173,3 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 15-17,9 %.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Сынақ барысында құрғақ шірік пен таз қотыр ауруына 8% дейін зақымданды.
Пайдалану бағыты: асханалық бағыт
Ерекшеліктері: Түйнектің тауарлық салмағы 86,5-118 г., тауарлығы 95,4%, дегустациялық бағасы 4,1 балл, сорттың жалпы бағасы 4,2 балл.
Ұсыныстар: Оңтүстік Қазақстан облысының (Сайрам кешенді МСУ) ІІІ-аймағында, Қостанай облысының (Қостанай көеөністік МСУ) ІІ- аймақта, Павлодар облысының (Павлодар көкөністі МСУ) далалық аймағында, Шығыс Қазақстан облысының (Көкөністік МСУ) қалыпты-құрғақ далалық аймағында, Солтүстік Қазақстан облысының (Новокаменск көкөністік МСУ) орманды далалық аймағында (суармалы жағдайда) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Сорт: Ривьера
Оригинатор: Агрико Б.В., Голландия
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыстар: Қостанай, Оңтүстік Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: Ерте пісетін (вегетациялық кезеңі 71 күн)
Сорттың сипаттамасы: Өсімдіктің биіктігі (75-85 см), тік, типі бойынша аралық, сабағы қуатты, тамыр жүйесі күшті. Жапырақтары күңгірт-жасыл, ірі, жапырағының жиегі толқынды. Қабығы қалың тегіс, әлсіз бұдырлы, ашық-сары түсті, көзшелерінің орналасу тереңдігі өте ықшамды, тамыр жемістің формасы сопақша, дөңгелек формасы сирек кездеседі. мәйегі дәнді, реңі крем түстес.
Өніміділігі: Қостанай облысы бойынша орташа өнімділігі 277 ц/га, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділігі 163,3 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 14,9 %.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша картоптың бейдауа қоздырушысына, вирус инфекцияларына, картоп нематодына төзімділігі орташа. Таз қотыр ауруына сезімтал. Өнім дер кезінде жиналмаған жағдайда, түйнектік және жапырақтық фитофторозына шалдығуы мүмкін.
Пайдалану бағыты: асханалық бағыт
Ерекшеліктері: Түйнектің тауарлық салмағы 154 г., тауарлығы 97,9%, дегустациялық бағасы 4,7 балл, бір түйнектің салмағы 110-115 г.
Ұсыныстар: Оңтүстік Қазақстан облысының (Сайрам кешенді МСУ) ІІІ-аймағында, Қостанай облысының (Қостанай кешенді МСУ) ІІ-аймағында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Сорт: Жолбарыс
Авторлар: Красавин В. Ф., Мошняков А. Н., Шарипова Д. С., Баядилов К. О., Удовицкий А. И., Айтбаев Т. Е., Бабаев С. А., Сейтмұратов Б. Ж.
Оригинатор: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыс: Қызылорда
Пісіп жетілу мерзімі: Орташа пісетін (вегетациялық кезеңі 113 күн)
Сорттың сипаттамасы: Түп жайылған, биік, сабағы әлсіз бұтақталған. Түйнектері дөңгелек-сопақша, көзшелері орташа орналасқан, қызғылт түске әлсіз боялған. Қабығы сары, мәйегі ақ түсті.
Өнімділігі: Сынақ өткізілген жылдары орташа өнімділігі 291 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 14,7%.
Ауруларға төзімділігі: Сынақ барысында аурулар мен зиянкестерге аз зақымданды.
Пайдалану бағыты: асханалық бағытта
Ерекшеліктер: Бір түйнектің салмағы 132 г. Дегустациялық бағасы 4 балл.
Ұсыныстар: Қызылорда облысының IV-ші аймағында (Шиелі МСУ) (суармалы жағдайда) пайдалану үшін ұсынылды.
Дақыл: Картоп
Сорт: Нартау
Авторлар: Красавин В.Ф., Мошняков А.Н., Бабаев С.А., Шарипова Д.С., Удовицкий А.С., Красавина В. К.
Оригинатор: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт
Сорттың сипаттамасы: Түп орташа, ықшамды, сабақтары әлсіз тармақтанған, түйнектері дөңгелек-сопақша, көзшелері орташа орналасқан, қызғылт түске әлсіз боялған. Қабығы сары, мәйегі ақ.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 244 ц/га құрады
Сапалық көрсеткіштері: крахмал мөлшері 14,9 %.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша Қазақстанда таралған егістік ауруларға төзімді.
Пайдалану бағыты: әмбебап бағыт
Ерекшеліктері: Түйнектің тауарлық салмағы 117 г. тауарлығы 80%, дегустациялық бағасы 4,5 балл.
Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау етегі аймағында (суармалы жағдайда) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Сорт: Бора Валлей
Автор: Лим Хак Тай
Оригинатор: Potato Valley, Оңтүстік Корея
Өтініш беруші: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт (вегетациялық кезең 110-115 күн).
Сорттың сипаттамасы: биік түп, ықшамды, сабақтары күлгін, жақсы тармақтанған. Жапырағы күңгірт жасыл. Гүлдері ақ, төменгі бөлігінде қоңыр жолағы бар. Қарқынды гүлденеді, гүлшоғыры – көп гүлді, ықшам, гүлсидамы ұзын, боялған. Түйнектері дөңгелек, күңгірт-күлгін түсті, қабығы тегіс, мәйегі күлгін болады.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 203 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 16,4%.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша вирусты ауруларға төзімді.
Пайдалану бағыты: Сорт диеталық, фармацевтикалық және косметикалық мақсатта және парфюмериялық бұйымдар жасау үшін ұсынылады.
Ерекшеліктері: Түйнектің тауарлық салмағы 120 г., тауарлығы 60%, сақталғыштығы 92%. С дәрумені мен антиоксиданттардың құрамы жоғары, коллориясы төмен.
Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау етегі аймағында (суармалы жағдайда) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Оригинатор: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт
Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп, сабағы әлсіз тармақтанған, түйнегі ұзын, түйнектің ұшы доғал, көзшелері үстіңгі қабатта орналасады, қабығы тегіс, мәйегі ашық-сары түсті.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 380 ц/га құрады
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 16%.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша Қазақстанда кездесетін егістік аурулар түріне төзімді.
Пайдалану бағыты: Әмбебап бағытта, чипстер мен фри жасау, жоғары сапалы азық-түліктерді қайта өндіруде жарамды.
Ерекшеліктері: Тауарлық түйнектің салмағы 105 г. Тауарлығы 96,1 %.
Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау етегі аймағында (суармалы жағдайда) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Оригинатор: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыстар: Алматы, Ақмола
Пісіп жетілу мерзімі: Орташа пісетін сорт (вегетациялық кезең 100 -110 күн).
Сорттың сипаттамасы: Түбі жартылай жайылған, орташа. Жапырағы жасыл, жылтыр, мөлшері орташа. Түйнектері сары, созылыңқы дөңес, ұшы доғал, қабығы тегіс. Түйнектің мәйегі ашық сары, кескен кезде қараймайды.
Өнімділігі: Алматы облысы бойынша орташа өнімділігі 402 ц/га, Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 168 ц/га құрайды.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 14,3%.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша Қазақстанда кездесетін егістік аурулар түріне төзімді.
Пайдалану бағыты: Әмбебаптық бағыт
Ерекшеліктері: Тауарлық түйнектің салмағы 106-111 грамм. Тауарлығы 92 %.
Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау етегі аймағы, Ақмола облысы бойынша (Целиноград көкөніс МСУ) ІІ күңгірт қоңыр топырақ аймағында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Картоп
Оригинатор: «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2013
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп жетілу мерзімі: орташа кеш пісетін сорт (вегетациялық кезең 120 күн).
Сорттың сипаттамасы: Түбі тік, биік. Сабағы әлсіз тармақтанған. Жапырағы орташа, тілімдері әлсіз, түсі жасыл, әлсіз түктелген. Түйнегі созылыңқы, қызыл, мәйегі сары.
Өнімділігі: Өтініш берушінің аймағында сыналды. Орташа өнімділігі 436 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Крахмал мөлшері 14,7%.
Ауруларға төзімділігі: Өтініш берушінің деректері бойынша Қазақстанда кездесетін егістік аурулар түріне төзімді.
Пайдалану бағыты: Әмбебаптық бағыт
Ерекшеліктері: Тауарлық түйнектің салмағы 105 г. Тауарлығы 92,5 %.
Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау етегі аймағында пайдалану үшін ұсынылады.