— Бір ұрыста жау қолына түсіп қалдым, - деп бастапты батыр. - Қалмақтың мені олжа еткен батыры еліңнің ерлерін ата, олардың осал жерлерін айт, қазақтың ұлы өзенінің өткелін көрсет деп қинады мені. Мен айтпадым да, көрсетпедім де. Содан кейін ол мені кеңірдегімнен қылқитып жаңа сойылған өгіздің жас терісіне қаптатып, босағасына байлатып қойды. Жас тері жаздың ыстығында бір-ақ күнде кеуіп, сірі боп шыға келді. Күн көтеріле сіріге шелектеп су құйдырады. Ол кезде сірі сәл кеңиді де, құрыс-тырысым жазылып, ракаттанып қаламын. Күн қыза сірінің суы кеуіп, ол енді қайтадан құрысады. Өгіз терісінен жасалған темірдей сірі жан-жағымнан құрсау боп қысқанда сүйектерім сытырлап, өліп кете жаздаймын. «Жауға жанынды берсең де, сырыңды берме» деген емес пе? Өлсем өлермін, бірақ сырымды бермеспін деп тістеніп, күн сайын бір уыс боп бүрісемін де қаламын. Өстіп бір ай жаттым. Бір айдың ішінде арыстай басым аруақтай болды да қалды. Бір айдан кейін қазақтың бас батыры келіп, мені қинаған жауды өз қолымен өлтіріп, мені қысқан сіріні өз қолымен тіліп, босатып алды. Бір ай сіріде жатқанымда қынқ етіп үн шығармағанымды бір ерлік деп білемін.
Түнде, мен далада ұйықтап жатқан жерімде сұп-суық бірдеңе бақайымнан көтеріліп, кеудеме шығып, жоғары қарай өрмелеп келе жатқанын сезіп, оянып кеттім. Қозғалмай жа-тып, байқасам, бақайымнан бері қарай өрмелеп келе жатқан ұп-ұзын жылан екен. Ұшып тұрсам, оның шағып алатынын білдім де, сенің іздеп келе жатқаның осы ғой деп, аузымды аша бердім. Жылан апандай боп жатқан ауызға басын сұға бергенде мойнынан қыршып алдым да, жыланның басын жерде шеңбердей боп шоршып жатқан денесінің қасына түкіріп тастадым. Екінші ерлігім осы деп есептеймін.
Жиырмаға жаңа ілінген қылшылдаған шыдамсыз жас шағымда ене бойымды қышыма қотыр басып, орнымнан қозғала алмай, жатып қалдым. Сонда тұла бойым отқа күйгендей дуылдап, қанша қышынып, қиналсам да, етіме бір рет тырнақ тигізбей, шыдап кеттім. Осыны үшінші ерлігім деп айтар едім депті батыр.
Мінеки, әр адамның басынан өткерер ерекше үш ерлігі болса, мен мұны өз үш ерлігімнің біріне балар едім, достар!» - деп Жомартбек дәптердің бетін жапты.
Алғашында бұл жайды қыздардың кейбіреулері күле, жымия отырып тыңдағандарымен, ең соңында олардың бәрі де жым-жырт отырып қалды.
— Жоқ, бұл жазғаныңыз да жақсы екен, ағай, - деді Меңтай ғана әлден уақытта.
— Оның несі жақсы? - деп Зайкүл шап ете түсті. - Үш күн қыздың қасында жатып, жігер көрсете алмағаны жігіттік пе?
— Иә, неге жігіттік емес, нағыз жігіттік, - деді Майра Абаева. - Орынсыз құмарлық - опасыз жаумен тең. Ендеше адамның өз нәпсісін тыя білуі - үлкен ерлік.
— Қойыңдаршы, ерлік соғыста болмай ма? - деді Қанипа қыздардың бұл өзара таласын өршіте түсу үшін шеткерірек отырғандарға қарап, көзін қысып қойып.
— Рас, ерлік соғыста ғана болады, бұл қайдағы ерлік, - деді Зайкүл Қанипа өзін қостап отыр екен деп ойлап, одан сайын әршелене түсіп.
— Ой, шырағым, - деді Майра да қызбаланып, - ерлік тек қана соғыста болады деп кім айтты саған? Біле білсең, күнделікті өмірдің өзі ерлік. Егер сен бірдеңеге ұшырап қалып, мына Жомартбек өзіңді алақанымен көтеріп, ауруханаға жеткізсе, ол да ерлік.
Жомартбек басын шайкады.
— Оны, кімді алақанға салып, кімді арқалап апаруды ойланатын шығармыз. Ал Зайкүлді аяғынан салақтатып, арқалап алғанға не жетсін. Ол маған да жеңіл, Зайкүлге де рақат: аппақ саны, өзі айтқандай, «түбіне» дейін көрінеді.
Қыздар қыран күлкі болып қалды.
— Әй, өй, менің санымда шаруаң болмасын, - деп Зайкүл Жомартбекке қарап жұдырығын түйді. - Мен бірдеңеге ұшырап қалсам, бәрібір сен ауруханаға апармайсың. Одан да жедел жәрдемге жалынғаным артық. 03-ке телефон соғындар, қыздар, ондай бірдеңе бола қалса.
— Оған да мен жүгіремін ғой бәрібір, - деді Жомартбек күлместен, жымимастан. - Ал сенің санында менің ешқашан шаруам болған емес. Кербез ағайыңа көрсетіп жүрген өзің ғой оны.
Зайкүл Жомартбекті жене алмасын біліп, қолын бір сілтеді де, алғашқы әңгімеге қайта оралды.
— Тоқта, Абаева, сен несіне қызылкеңірдек боласың Ерболды қорғап. Алдымен мұның осы жазғаны шын деп ойлайсың ба?
— Шын. Өмірде ондай болады, - деді Майра.
— Тоқта ендеше. - Зайкүл басына келген әлдебір ойға екі көзі жайнаңдап қуанып кетті. - Ендеше Ерболды періште дейік. Сен сонда мына мақалды білесің бе өзің: «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген. А? Білесің бе?
— Иә. - Майра сасқалақтап қалды. «Апырау, ондай да мақал бар еді-ау. Мына түлкі қыз оны қайдан суырып ала қойды? Бұған енді не десем дауа?» дегендей, Зайкүл айтқан мақалдан адамның адалдығына бұлтартпай сендіретін сөз іздеп, дағдарғандай күй танытты. - Білемін. Ол мақал ғой. Бірақ мақалдың бәрі бірдей...
— Тоқта. - Зайкүл қолын көтерді. - Емтиханда мақал деген халық жүрегінің шындығы, мақал - шындық сәулесі деп таңдайың тақылдағанда алдыңа жан салмайсың. Енді келіп, ол мақал ғой дейсің. Мақал болса, өтірік демекпісің сонда?
— Жок, өтірік демеймін, шындық. Бірақ ол қандай мақал? Мәселе сонда. Халықтың адал жүрегінен шыққан, өмірдің философиясын білдіретін, шын даналықты танытатын мақал мен мәтелге дауым жоқ. Ал халықтың сол даналығына үстем таптың, елдегі қу, сұмдардың өз пайдасын көздеп, қосып жіберген қоспалары және бар.
— Мысалы? - деді Зайкүл. - Мысалын айт.
— Мысалы, «Бәйбішеге жарасар қолындағы сабасы» деген мақалды ал. Бәйбішеден басқа әйел, кедей әйелдері қолдарына саба ұстаса, күнә бола ма екен? Олар қымыз ішсе, ауыздарынан ағып кете ме екен? Жоқ, бәйбішеге жарасқан саба басқаға да жарасады. Бірақ үстем таптың сабаны бәйбішеден басқаға ұстатқысы келмейді. Кедей, күң әйелдерге саба ұстауға жазбаған деп оларды сендіруге тырысады. Атам заманнан келе жатқан халық мақалы осылай деген дейді. Сол сияқты өздерінің өзгеге жасаған қиянат, қылмысын бүркеу үшін қу, сұм адамдар да мақалға ұқсас сөздер шығарып, қосқан. Мәселен жаңағы өзің айтқан: «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген. Сұм, арам адамдар сұмдығын істеп алады да, артынан «Мен қайтейін, «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген, мен періште емеспін, адаммын ғой» деп монтансиды. Бұл сол үшін шығарылған сөз. Әйтпесе алтын көрсе, періште неге жолдан таяды? Жолдан таяды екен, онда ол періште емес. Жолдан таю, жөнсіздік жасау - адамнын ісі. Бірақ адамның да адамы бар. Жұрттың бәрін жолдан таяды деуге болмайды, жолдас Сағынова. Мақалды білген жақсы. Бірақ әр мақалдың мәнін де ажырата білу керек. Ас ішіп, ақ нан жегенді жақсы керіп, арпа мен бидайды айыра алмаудың несі лайық?
Майра алғашында сөзін кібіртіктеп, күмілжіңкіреп бастағанымен, орынды ой, орамды сөз тапқаннан кейін біржолата қанаттанып, қайраттанып кетті. Үсті-үстіне бастырмалата, екпіндей сейлеп, Зайкүлдің аузын аштырмай тастады.
— Жаса, Майра! - деп Жомартбек жалғыз өзі аямай алақан соқты. - Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің.
— Жоқ, жоқ, сен қоя тұр оны, - деді Зайкүл жеңілгісі келмей. - Қыздар, айтындаршы, Ерболдың қызды құшақтап, үш күн оңаша жатқандағы адалдығына әсте сенуге бола ма?
Ол Майрадан басқалардың өзің қолдауын күтті. Қыздар сылқылдап, сықылықтап күліскендерімен, ешкім оған демеу болар ештеңе айтпады.
— Мен сенемін, - деді Қанипа сықылыктап күліп отырып.
— Мен де ағайға сенемін! - деді Меңтай күлместен, байыпты түрде. - Майра ете дұрыс айтты.
— Жоқ, мен сенбеймін, - деді Зайкүл. - Ешқашан да олай болмайды.
Мен өз басымнан кешкен адал, ақиқат шындыққа Зайкүлді сендіре алмағаныма ыза болдым. Бірақ адамның күн-шуақ жақтарына көңіл бөлмей, көлеңке жағына көбірек кез салатын Зайкүл сияқтыларға не дауа? Әсіресе, оның «ешқашан да олай болмайды» дегені жаныма батты. Неге олай болмасқа? Болғанын бастан кешкен кісі айтып тұрғанда неге сенбеске?
— Қалай болады ендеше? - дедім мен Зайкүлге кекете сұрақ қойып.
— Оны өзің де білесің, - деп Зайкүл ыржалақгай күлді. Өзің өзгеше мас еткен әлдебір тәттінің дәмін есіне түсіргендей боп елтіп қалды.
— Біздің Зайкүл ерте ашылған гүл ғой, - деді Жомартбек оған ешбір мән бермегенсіп, мүләйім ғана.
— Иә, әр гүлдің өз уақытында ашылғаны жақсы ғой, - деп қостады Майра, мырс етіп.
— Онын несі жақсы? - деді Зайкүл лап ете тез жауап беріп. - Уақытында ашыламын деп жүргенде суық соғып кетсе, солар да қалар ол гүл.
— Жоқ, олай болмас, мезгілінен бұрын ашылған гүл ғана ерте солатын шығар, - деді Жомартбек.
— Ерте солсам да, есемді жібермесем болады. Менің білетінім осы, қыздар, - деді Зайкүл Жомартбектің мысқылын елемеген болып.
— Иә, ашыл, Зайкүл, ашыл, - деді Майра, сылқылдай күліп. - Бірақ бір жола ашылып-шашылып қалып жүрме.
Бұл әңгімені Меңтай басқа арнаға ауыстырды.
— Ол қыз қазір қайда, ағай? - деп маған қарады. - Тананы айтамын.
— Осында.
— Осында-а-а? - деп екі-үш қыз қосыла дауыстап қалды. - Алматыда ма?
— Иә. Көргілерің келсе, мен бір күні ертіп әкеліп, таныстырайын өздеріңмен. Ақылды, жақсы қыз.
— Бәсе, - деді Зайкүл қайтадан сықылыктап. - Енді түсінікті болды. Осылай шығар деп өзімде ойлап едім- ау. Екеуің ЗАГС-ке де барған шығарсындар.
— Қоя тұршы сарнамай, Зайкүл, - деді Қанипа көзі ойнақшып зәлімдене қалып. - Ал, ол мұнда қашан, қалай келген? Біз неге оны осы күнге дейін білмейміз?
Бұл бар қыздын көкейіндегі сұрақ болуға тиіс.
— Бәсе!
— Иә, - десіп қалды бірсыпыралары Қанипаны қостап.
Мен сол жолы Танаға Алматыда ЖенПИ деген жаңа интитута шылғалы жатқанын естігенімді хабарлап, соған барып, оқуға түсуге кенес бергенімді айттым.
— Менің соңымнан іле-шала Тана Алматыға келіп, сол институтқа түсіпті, - дедім. - Қазір екінші курсында оқиды.
— Кездесу жағы қалай? - деді тағы да Қанипа.
— Анда-санда.
— Одан кейін бірге жатқан жоқсындар ма? - деді Зайкүл шыдамсызданып.
Қыздар үндемеді, Зайкүлді қайырып тастамады. Соған қарағанда олардың да осыны білгілері кеп отырғаны аян болды.
— Жоқ, - дедім мен күліп. - Ол менің досымның қызы - досым ғой. Тек дос тұрғысында ғана кездесіп, ажырасамыз.
Зайкүл одан сайын тақымдай түсті.
— Достықтан махаббат туады демеуші ме еді? Әлде достық махаббатқа ұласады деуші ме еді? Абаева, айтшы, осылай ма еді! - деді Зайкүл Майраға қарап. Майра басын изеді.
— Ендеше, - деді Зайкүл тағы да қылмындап, - дос болғаннан кейін ептеп...
Қыздар ақырын ғана сылқ-сылқ
күлісіп алды. Жомартбек басын шайқады. Меңтай, Майра, мен үшеуіміз ғана күлгеніміз жоқ.
— Ондай ұласқан ештеңе жоқ әзір, - дедім мен салмақты түрде.
— Ол енді екі жақтың да көңіліне байланысты шығар, - деді Меңтай жай ғана.
Зайкүл ентелей түсті.
— Немене, Ерболдың қызда көңілі жоқ дейсің бе? Болғанда қандай! Осында төмен қараған болып, бәріміздің ашық-шашық жерімізді андып, сілекейіне шашалып, өзінен-өзі әлек болып отырады ғой бұл. Әсіресе, сен қолына түссен, шайнамай қылғыр еді, бәлем.
Қыздар да, Жомартбек те тегіс ду күлісіп қалды. Меңтайдың ақ жүзіне қызыл қан ойнап шыға келді. Бірақ онысын білдірмеу үшін Меңтай қыздармен қоса күліп, Зайкүлдің сөзін әзілге айналдырып жіберуге тырысты.
— Сен немене, Зайкүл, - деді Меңтай күліп жатып. - Ағай сонша кісі жейтін тажал ғой деп пе едің?
— Қызды жейтін жалмауыз - жігіт екенін сен білмеуші ме едін, - деді Зайкүл жұлып алғандай. - Сен оны «ағай, ағай!» дейсің. Бір күні ағайың сені, әлгі бір елдің ертегісінде айтылатын, қай елдікі еді өзі, иә қызыл бөрікті қызды жұтқан сұр қасқыр сияқты, «ап!» деп асап қойғанда білерсін әлі тажалдың кім екенін, жалмауыздың не екенін. «Қызыл көр-пені» ұмытып кеттің бе өзің? Ол жай шығарыла салған өлең емес. Ол жалмауыздың саған қарап алақтаған тілі де, шырағым.
Қыздар бұған да мәз боп қалды. Бұл жолы мен де күлдім. Тек Меңтай ғана не күлерін, не күлмесін білмей сәл отырды да, артынан амалсыздан езу тартты.
— Зайкүл не десе, о десін, - деді Меңтай қыздардың күлкісі тыйылғаннан кейін. - Бірақ біздің ағай ондай кісі емес!
— Көрерміз, - деді Зайкүл де ерегісіп.
— Иә, - деді Қанипа күліп.
Жаңағы Зайкүл айтқандай менің қыздарға қызыға қарайтыным рас еді. Бірақ менің қарауым Дон Жуанның жас келіншектерге қарауы, Жиль Бластың жақсы әйелдерге қызығуы емес. Менің қыздарға қарауым өмірге қызығу, өмірдің сұлулығына ынтығу болатын. Бағбанның өз қолынан өсірген гүлге мақтанышпен, құмарта қарағаны сияқты, өзім солдат болып, қоса қорғасқан өміріміздің жанды гүлі, жақсы қыздарға сүйсіне көз салып, осындай жандарды өлімге бермеу үшін күрескеніме риза болып, іштей мақтануым еді. Көп жігіттер осы ғажап гүлдерді көре алмай кетті. Мен сендерге өзімнің алапат соғыста аман қалып, өздеріңнің орталарыңда отырған баға жетпес бақытымды сағат сайын сезіну үшін қараймын, қыздар. Ал сен менің мұнымды мазақ етесің, Зайкүл. Бірақ мен сенің бір сөзінді құптар едім. Сол сөзіңнің шындыққа айналуын қалар едім. Ол сенің Меңтайды мен тажал болып, «ап!» деп асап қояды, қылғымай жұтады дегенің. Меңтайды менің сүйетінім рас. Бірақ мен оны, сен айтқандай, «асап» та қоймас едім, «қылғымай» да жұтпас едім. Ол мені сүйсе, мендік болса, мен оны гүл етіп төбеме көтерер едім. Оған айнымас адал жар, ажырамас жан серік болар едім. Дегенмен, сен бүгін маған жақсы қызмет еттің, Зайкүл. Сен менің ойымды айттың. Меңтайға ауызбен айтып білдіре алмай жүрген тілегімді жеткіздің. Бұл үшін саған мың да бір рақмет, Сағынова.
Мен осылай деп ойладым. Бірақ мен оны ешкімге де айтпадым. Қыздармен қосыла күліп, жайбарақат адамға ұқсап, үндемей отыра бердім.
— Иә, әркімнің өз Пенелопасы болғанға не жетсін! - деді Қанипа жұрт тегіс тынышталғаннан кейін маған көзінің астымен қарап қойып, өзгелерге бұрылып, көзін бір қысып қалып. Содан соң өтірік күрсініп алды. - Онсыз өмір қиын ғой!..
«Әркімнің өз Пенелопасы болғанға не жетсін» деген менің сөзім болатын. Бұл курстағы қыздардың
ауыздарынан түспейтін афоризмге айналып кеткен еді. Осындай бір үнсіздік орнай қалған тұста әлдебіреу соны айтып жіберіп, жұртты ду күлдіретін.
— Жоқ, - деді Зайкүл қолын сермеп. - Бұл Ерболдың, Ербол сияқты ұлдардың айтатын сөзі. Біздің оны өзгертіп, «Әркімнің өз Одиссейі болғанға не жетсін!» деуіміз керек, қыздар. Маған Одиссей керек!
Қыздар тағы да күлді.
— Одан өзге жарамай ма? - деді Жомартбек Зайкүлдін сөзін қағып алып.
— Жоқ, - Зайкүл де тез жауап берді. - Жарамайды, сен жарамайсың. Соғыста болған жоқсың.
— Ендеше соғыста болған, омырауы орденге толып қайтқан адам отыр ғой алдыңда, - деп Жомартбек мені нұсқады.
— Мұның өзі бір кісіден басқаны көрмейтін соқырлау Одиссей, - деді Зайкүл жұртты тағы ду күлдіріп.
— Қыздар, көп күліп кеттік, қояйық енді, - деді Меңтай оң жағында одеял үстінде жатқан кітапты қолына алып. - «Үй артында кісі бар» дегендей, емтихан келе жатқан жоқ па ертең тағы да.
— Иә, сақалы сапсиып, - деді Жомартбек.
Жомартбектің сөзіне ешкім күлмеді. Бәріміз, бөлменің ішін шаңдата асыр салып ойнап, мұғалім келе жатқанда тым-тырыс парталарына отыра қалатын төменгі класс шәкірттеріндей бұқиып, төмен қарап, конспект, кітаптар бетіне қайта үңіліп, үнсіз қалдык.
Осыдан кейін бір демалыс күні мен Тананы жатақханаға ертіп әкеп, қыздармен таныстырдым. Ол, әсіресе Меңтаймен, Майрамен шүйіркелесе сөйлесіп, жақсы дос боп кетті.
XII
Нашар студенттердің көз жасын көктемнің жылы жауынындай сорғалатып, жазғы емтихан да өтті. Біздің бірсыпыра қыздар жылап-сықтап жүріп, кейбіреулері құлап қалған емтихандарын қайта тапсырып, бәріміз тегіс үшінші курсқа көштік. Бір курс жоғарылағанға Алатаудың төбесіне шықпағанмен төскейіне жеткендей боп, көңіліміз көтеріліп қалды.
Соңғы емтиханнан құтылған күні кешке отыз үшінші аудиторияға жиналып, өзімізше сауык өткіздік. Оны қалай ұйымдастыруды алдын ала ақылдасып алғанбыз.
Ішкісі келгендерге бір-бір бокал шампан қойылды. 1шпейміз дегендерге қалағандарынша лимонад пен минерал суы берілді. «Сен ананы іш», «сен мынаны іш» деген сияқты біреуді біреу қыстау, қинауға қатаң тыйым салынды. Әркімге екі бутербродтан шайнама және тиді. Осының өзі бізге бірінші класты ресторанның ең қымбат, ең дәмді лағамынан кем боп көрінген жоқ- Бірлесіп жасалған программаның «Ішу, жеу, ықыластану» деген бірінші бөлімі осымен бітті. Оның «Ойнау, ойлау, өнер таныту» деп аталатын екінші бөлімі басталды. Бұл бөлімде әркім өзінің бұрыннан осы күнге арнап даярлаған ең оригиналды деген ойынын ортаға салады. Ең жақсы деп танылған номерлерге мынадай сыйлық беріледі: ұлдар қалаған қызынын бетінен сүйеді; қыздар қалаған адамына өз тілегін орындатады.
... Түскенде сен есіме, ерке Гәкку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын, - дейді Меңтай қыздармен қосыла. Қыздар бұлай десе, мен ішімнен сол әуенге қосып өз әнімді, өз жүрегімді жарып шыққан жырымды ағытамын. Мен де өз-өзімнен ырғалып, толассыз тербелемін. Бәрі аз бағасына барлық санның; Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша, ханның - Меңтайды мәңгі құшып, сүйетұғын Бар екен не арманы жігіт-жанның?.. Мен қайта-қайта жаутандап Меңтайға қараймын. «Жанымның жырын ұқсаңшы, жүрегімнің тебіренісін тындасаңшы!» деп жалынғандай боламын. «Мен сені екі ай көрмеймін. Екі күн көрмесем, есім шығатын басым екі айға қалай шыдаймын, Меңтай? Сол екі айға азық боларлықтай етіп, маған бір рет қиыла қарасаңшы, аясаңшы мені» деп жылағандай боламын. Бәлкім, көлденеңнен анықтап қараған адамға менің иегім Дірілдеп, ернім кемсендеп кеткен де шығар. Бірақ әсем әнге елтіген жұрттың ешқайсысы менің көріксіз бетіме көңіл аударған жоқ.
Вокзал радиосы поездың жүруіне бес минут қалғанын хабарлап, перронға «Саржайлау» күйінің екпінді әуенін төкті. Осы кезде қыздар мен жігіттер шыр көбелек айналып, етек-тер үйіріліп, еріндер күлімдеп, вагондар алды би алаңына айналып кетті. Екі-екіден жұптасқан жастар аяқтарының ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды бірін-бірі қуалаған сансыз құйынға толып кеткен сияқтанды. Қан көбелек айналған сол құйындар көкке бұрандадай бұралып, қазір ұшып-ұшып, биіктен самғап, алыстап кететін іспеттенді. Жомартбекпен билей жөнелген Меңтайға көзім түсіп еді, екі бетінің ұшы қызарып, екі танауы әсем боп делдиіп кеткен Меңтайдың кішкентай әдемі аяқтары жерден жоғарылай көтеріліп барады екен. Одан айырылып қалардай зәрем ұшып, «алла!» деп көзімді жұмдым. Менің бақытыма қарай осы кезде күй аяқталды да, бауырын жазып, көкке көтерілуге айналған аққу қайтадан жерге қонды. «Уһ!» деп ішіме терең бір дем тартып үлгіргенімше проводниктердің тұс-тұстан жамырай айтқан: «Жолдас жолаушылар, вагонға кіріңіздер!» деген үндері естілді. Перронды кернеген жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай лап қойысты. Біз де қыздарымызды қолтықтап, вагонның тепкішегіне көтердік. Олармен асығыс қол қысыстық. Меңтай менің қолымды қаттырақ қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар деп үміттенген едім. Олай болмады, оның алақаны менің қолыма тиер-тиместе екінші біреу қағып әкетті. Осы кезде радио «Қараторғай» әнін бастады. Оған перрондағылар қосылды, вагондағылар және шырқады. Көп адамның қосыла айтқан әні желді күнгі теңіздей толқып, вокзал үстіне көтерілді де, кең проспектіні керней Алатауға қарай лықсыды. Келеді қара торғай қанат қағып...
Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де:
- Меңтай, сен маған ұрыспа, дәптеріңе бір сөз қосып қойдым! - дедім дауыстап.
Осы кезде гудок беріп, поезд қозғалды. Перроннан поезға, поездан перронға қарай қолдар созылды. Меңтай басын изеп, қыздарға қолын бұлғады. Ол басын маған изеді ме, қыздарға изеді ме, менің не дегенімді естіді ме, естімеді ме - айыра алмадым. Менің көзіме мөлтілдеп жас келді. Оны өзгелерге көрсетпеу үшін жылжып бара жатқан вагондарға қарап қолымды сермей бердім. Қол сермеп, жердегілер шырқап тұр. Вагондардың терезелерінен, есіктерінен қол бұлғап, поездағылар шырқап барады. Сермелген қолдар қалықтап ұшып бара жатқан қара торғайларға ұқсайды. Бір топ қара торғай зымырай, самғай ұшып, алысқа бет қойғандай. Бір тобы қалықтай көтеріліп, қайта айналып келіп, алғашқы орнына қонуға бет алып, қайта төмендегендей.
Бұлан, етіп қасымыздан соңғы вагон өтті. Сары жалаушасын шошайта ұстаған кондуктор сан көздің шарасына жалғыз кіріп, бейне бір сол көздердің тұңғиық түбіне сіңгендей болып, тереңдеп батып бара жатты.
Радио музыкасы тынды. Ән тоқталды. Поездың дүрсілі бірте-бірте алыстай да бәсендей берді. Қалған жұрт үн-түнсіз кері бұрылып, вокзал қашасынан қалаға шығатын қақпаға қарай ағылды. Перрон той өткен, жәрмеңкесі тараған тақыр тебеге ұқсап, құлазып, бос қалды. Сол перрондай болып, поездың қарасынан көз айырмай, қалтиып жалғыз қалған менің көңілім құлазыды.
- Ереке, - деді біреу ақырын дауыстап. Бұл Жомартбектің үні еді. Ол мен әскерден келген алғашқы кездегідей «ағайды» қойып, кейде осылай, «Ереке» дейтін болған. Үйренісе келе басқа бірсыпыра қыздар да мені «Ербол» деп атауға көшкен. Тек Меңтай ғана «ағай» деп атайтын.
Мен мойнымды бұрсам, мың кісі сыярлық перронда Жомартбек екеуміз ғана қалыппыз. Жомартбек менің Меңтайды құлай сүйетінімді іштей түсінетін еді. Сондықтан болар, ол жақаурата сөйледі. «Екі ай деген не, екі-ақ күндей боп өте шығады әлі. Содан соң тағы да бас қосамыз ғой бәріміз, - деді ол екі танауы делдендеп. - Жүріңіз, жұртта сіз екеуміз ғана қалдық».
Жомартбек мені жұбаттым деп ойлады. Бірақ онысы жұбату емес, жараның аузын тырнаумен тең болды. «Екі ай екі күндей боп қалай көрінсін, - деп назаландым ішімнен. - Мен қызыққанға келдененнің құрығы түскіш келуші еді. Көңілім құлаған осы қызды да тағы біреу қағып кетіп, дәт деп қалмасам жарар еді. Онда мен қалай өмір сүремін? Сәлиманың шерін соғыс тұншықтырған еді. Бұл қызға қолым жетпей қалса, оның өкінішін не ұмыттырмақ? Мұндай келбет-көркі келісті, ақыл, парасаты мол, жаным сүйген жақсы қыздан айырылып қалсам, сорлы жүрегім өмір бойы қап арқалаған қайыршыдай, арман арқалап кетпей ме амалсыз. Мұны ұмыттыратын басқа жақсы қызға кездессем құба-құп, кездеспесем, мүгедектей мұнды болып қалмаймын ба өмір бойы. Ендеше аузын буған өгізге ұқсап, сегіз ай бойы неге жүрдім үн-түнсіз? Неге айтпадым шынымды? Неге аяғына жығылып, «жарым бол» деп жалынбадым мен оған? Кейбіреулер қызды бір көргенде-ақ «мен саған ғашықпын. Мен сенсіз өмір сүре алмаймын» деп, жетім қозыдай қақсамай ма, жақ жаппай? Құмарлығын ғашықтыққа балап, қыр соңынан қала ма қыздың ондайлар? Қант салған қаптай ғып, қолма-қол жүрегінің аузын ашып тастамай ма аңқайтып? Ендеше мен шын ғашықтық сырымды неге ақтармадым сонша күннің ішінде? - деп іштей еңіреп, өз бармағымды өзім шайнап, сүйретіліп, вокзалдың қақпасынан әрең шықтым. Жаным жаңағы поезда кетіп, бұл жерде құр сүлдерім ғана қалғандай, мең-зең күйде Жомартбекке ілесіп келіп, трамвайға міндім. Кетеді таң атқан соң өсек бағып. Еріне былшылдайды елді шағып. Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, Жүреді теріс қарап, жыбыр қағып.
Кісіге күле сөйлеп келмес жанап. Былшылдар ел кезінше байын сыбап, Таусылды күні-түні ет пен шай деп, ' Қонағын қыстай келген бәрін санап...
Орамал жерде жатыр, кірі батпан. Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан. Сүтіне шелектегі ит кеп тисе, «Кет!» деп те айтпайды оған, құдай атқан,ө-ө, е-е-е.. Оуф!
Төрешінің ұйғаруымен Жомартбекке де сүю сыйлығы тиді. Ол алшаңдап, Зайкүлге қарай жүрді. Ернін шүршитіп, нақ соны ғана сүйетіндей боп, ыңғайланып бара жатты. Зайкүл құйтыңдап, басын қиқандатып, ернін ыңғайлай бастады. Жомартбек оны өзіне қарай ұмтылта түсті де, басын шапшаң бұрып, шөп еткізіп Зайкүлдің қасында отырған Нәзиләштің бетінен сүйді. Зайкүл сүйісуге ыңғайлап, шошайтқан ернін не істерін білмей, түсі бұзылып, нәумез боп қалды. Оны бағып отырған біз және қыран күлкіге баттық. - Зайкүл, немене сүйіскің келіп пе еді, кел, - деді Жомартбек ештеңе болмағандай жайбарақат оған қарай бұрылып.
— Архимедтің тұтқасын ұстағандай болмай, аулақ кетші, -деді Зайкүл теріс айналып.
— Менің өз тұтқам да жетеді, - деді Жомартбек бейне бір Зайкүлмен ұрысқандай баж ете қалып. - Біреудікі маған дәрі емес!
Осылай деп Жомартбек Зайкүлге қарап күлейін дегендей боп ыржиып келе жатты да, дереу біреумен төбелесіп қалғандай, түсін томсырайта қойды. Бұлай, бет-бейнесін лезде екінші түрге түсіре қою сияқты артистік өнер курста Жомартбекке ғана тән болатын. Осынысымен ол бәрімізді бұрын да талай рет күлдірген еді. Бұл жолы да ол біздің күлмес еркімізге қоймады.
Қанипа, Сақила, Назиләш үшеуі үш жақтан қол көтерді. Майра үшеуіне де бас изеді. Олар ортаға келіп, соғыс кезінде шыққан «Көкем-ай» деген әнді шырқады.
Елде жүрген жас бауырдың майдандағы ағасын сағынып, жүректің запырандай зарымен айтқан жан-жүйені босатар ащы әні аудиторияны кернеп кетті. Үш дауыс қосыла шырқ-ап, «Көкем-ай!» деп зарлағанда терезенің шынысына дейін дірілдеп, қалтырап кеткендей болды.
Достарыңызбен бөлісу: |