Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858 ж. Шыңғыстау 1931 ж.) көрнекті ақын-ағартушы, Алаш қайраткері. Қ. Абайдың немере інісі, яғни оның туған ағасы Құдайбердінің ұлы



Дата13.10.2019
өлшемі18,83 Kb.
#49801
Байланысты:
Шакарим Багжан

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858 ж. Шыңғыстау – 1931 ж.) – көрнекті ақын-ағартушы, Алаш қайраткері. Қ. Абайдың немере інісі, яғни оның туған ағасы Құдайбердінің ұлы. Өлеңдері мен жазбаларында 5 жасынан хат танығанын, 7 жасынан әкеден жетім қалғанын, қажы атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың қамқорлығында өскенін айтады. Данышпан Абайдың тигізген ықпал-әсері туралы Қ. кейінірек: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сезіндім» деп жазады. Осы дәйексөз Алаш қай-раткерлеріне темірқазық болған бір негізді айғақтайды. Қаламгер ретін-де қалыптаса келе Қ. араб, парсы, түрік, орыс тілдері арқылы әлемдік руханияттың тұнығынан су ішуге ұмтылады. «Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың» деген ойында да ізгілік пен біліктің нышаны аңғарылады. Ақынның бүкіл шығармашылығы – ізденген, тазарған, өз иманы мен халық иманына қамқор да жауапкер жан сезімінің айнасы дерлік. Қаламгердің ағартушылық бағыттағы пәлсапалық, сыршыл, шыншыл өлеңдері («Қазақ айнасы», «Жолсыз жаза яки кез болған іс» жинақтары-на кірген немесе қолжазба күйінде жеткен), халық өмірінің қилы та-рихынан сыр шерткен «Еңлік-Ке-бек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу» жырлары, Шығыс тағылымын байыптаған «Ләйлі-Мәжнүн» аударма-дастаны, орыс тілінен тәржімелеген көркем аудар-масын (А.Пушкиннің «Дубровскийі» мен «Бораны», Л.Толстойдың алты әңгімесі, Г.Б.Стоудың «Том ағайдың балағаны»), мұсылмандықтың әліп-песі сынды «Мұсылмандық шарты» еңбегі, ұлт тарихының бір шетін тү-гендеген «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», заманындағы түр-лі ой ағымын бағамдаған «Үш анық» еңбегі – ХХ ғ. басындағы бірнеше буынның сауатын ашып, рухани көкжиегін кеңейтті. Ол 40-тан аса бере, шамамен 1898-1899 ж. биік мұ-сылмандық парызын өтемекке қаж.қ сапарда болып қайтады. Стамбұл, Мысыр, Араб елдерін аралап, ойы-на – ой, білігіне білік қосып келеді. Мұнан кейінгі жерде ақынның имани абыройы, білімі халқына бұрынғы-дан да жақындай түседі. Жасы ұлғая келе ол дінді, білімді елшілдікпен толықтырды. Сондықтан да тарихи 1917 ж. дана Абайдың қайтқан жа-сына шыққан (59 жас) ақынды Алаш қайраткерлері «Шәкәрім ақсақал» деп атады. Қ. мен Алаш қайраткер-лері арасында тығыз байланыс болға-нын дәлелдейтін дерек аз емес. Мы-салы, ұлттың саяси қозғалысының серкесі Ә.Бөкейхан 1907 ж. ІІ Мемле-кеттік Думаға депутаттыққа канди-дат етіп Қ.-ны ұсынған. Бірақ ақын өз орнын Т.Нұрекенұлына берген. Сон- дай-ақ 1905-1906 ж. Семейде Ә.Бө-кейханның жетекшілігімен және қа-тысуымен өткен саяси жиындардың барлығына дерлік Қ. ұлт зиялыла-рының өкілі ретінде қатысқан. Ақын Алаш қайраткерлерінің ақыл және еңбек күшімен шыққан «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне бел-сене араласып, мақала, өлең жазып тұрған. Екі басылым арасында өзара пікірталас туғанда бітістіруші-дәне-кер болғаны тағы бар. Ә.Бөкейхан 1914 ж. мұсылман сиезіне қатысты сериялық мақалаларында қазақ тілінің мықтылығын дәлелдегенде, Абайдың қатарында Қ.-ның орнын айрықша атайды. «Қазақ» газетінде Алаш қайраткерлері Қ.-ның жари-яланған кітаптарына оң баға беріп отырды. Бұл дәстүр төңкерістен кей-ін де жалғасып, А.Байтұрсынұлы-ның «Әдебиет танытқышында», басқа да қайраткерлердің оқулықта-ры мен мақалаларында ақын шығар-машылығы лайықты сөз етілді. 1917 ж. Қ. Алаш қозғалысының жуан орта-сында жүрді. Алаш партиясын құру және Алаш автономиясын жариялау шарасына даярлық ретінде обл.-тарда қазақ сиездері ұйымдастырылғанда, ақын өз өңірінде (Семей) 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен жиынға қатысып, сөз сөйлейді. Қ. Алаш Орда үкіметі жарияланатын 5-13 желтоқ-санда Орынборда өткен ІІ жалпықа-зақ сиезіне арнайы шақырылады. Алаш партиясының Семей обл.-тық комитетіне ақынның өзіне жақын тартқан 4 шәкірт-інісінің (А.Қозы-бағарұлы, Т.Абайұлы, Х.Ғаббасұлы, А.Молдабайұлы) кіргені де біраз жайды аңғартса керек. Осы тұста ол: «Оқыған жастың етегін, Қабыл ал-дым жетегін, Босқа жатып нетемін» деп жазды. 1917 ж. қараша-желтоқсан айларында земство сайлауы болған-да, Қ. Семей уездік земствосына Шыңғыс болысынан сайланады. Ер-терек, 1878-1880 ж. Шыңғыстаудың болысы болып, ел билеу ісін тәжіри-бесімен өткерген ақын жаңа заман-ның да билігін көреді. Обл.-тық зем-ствоға бірнеше рет қатысады. М.Бо-штайұлы басқарған обл.-тық қазақ сотының мүшесі болады. Осы ша-мада аталған сот земство мәртебесі аясында Алаш Орданың атынан сот билігіне қатысып отырғанға ұқсайды. Біраз зерттеушілер «Алаш Орданың қазысы, биі болды» деуі сондықтан. Ахат Шәкәрімұлы естеліктерінде де осындай мәлімет бар. 1918 ж. Алаш қ.-нда большевиктер қолынан қапы-да қаза болған ұлт сардары Қ. Нұр-мұхамедұлының жаназасында Қ. «Өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен дәлелдеді. ... Құдай тағала қа-заққа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті» деп аталы сөзін айтты. 1919-1931 ж. ақын біраз уақыт шығар-машылықпен айналысып, «Таң», «Қазақ тілі» басылымдарымен ара-ласып тұрады. 1924 ж. Германиядан келген профессор М.Кучински Қ.Ке-меңгерұлының жол бастауымен Қ.-мен дидарласады. 1930 ж. үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында өмірден баз кешіп, қай-ғымен жатып қалады. ОГПУ мұнда да тыныштық бермейді. Оның «Ел-сізде қалған мен бір шал» дейтіні – осы шақ. 1931 ж. 2 қазанда ауданға бет алып келе жатқан ақынды ОГПУ Қамзабекұлы283қаныпезерлері екі рет атып, мерт қы-лады. Құрқұдыққа тасталған оның сүйегін баласы Ахат 1961 ж. аршып алып, мұсылман ғұрпымен Абай зи-ратының қасына қайта жерлейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет