Дайджест по освещению в сми



бет7/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

https://ru.egemen.kz/article/sostoyalos-rasshirennoe-zasedanie-soveta-assamblei-naroda-kazakhstana

Вчера в Астане состоялось расширенное заседание Совета Ассамблеи народа Казахстана. В нем приняли участие Государственный секретарь Республики Казахстан Гульшара Абдыкаликова, заместитель Председателя – заведующий секретариатом АНК Дархан Мынбай, депутаты Парламента РК, известные общественные деятели.

В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова подчеркнула роль Ассамблеи народа Казахстана, обладающей огромным потенциалом созидания, в реализации поставленных Нурсултаном Назарбаевым задач политической, экономической и духовной модернизации страны. Государственный секретарь, в частности, отметила, что АНК и все ее структуры должны принять активное участие в выполнении задач политической, экономической и духовной модернизации страны. Важной задачей Ассамблеи является участие в совершенствовании законодательства по защите прав человека и поддержанию принципов правового государства, а также в устранении причин, способствующих нарушению конституционных прав и свобод граждан. Сегодня фактором успеха нации является конкурентоспособность человека. Ассамблея должна внести свой вклад в формирование культуры современного общества, в реализацию программы «Туған жер», проектов «100 новых лиц Казахстана», «Сакральная география Казахстана», являющихся основой формирования общественной культуры, воспитания патриотизма среди молодежи, сохранения культурно-генетического кода нации, укрепления национальной идентичности.

В ходе заседания в целях использования общественного потенциала в формировании антикоррупционной культуры был подписан план совместных действий по партнерству Ассамблеи народа Казахстана и Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции. Как отметил заместитель Председателя АНК Д. Мынбай, в реализации конкретных мер, предусмотренных в документе, примут участие все региональные структуры, Советы общественного согласия, научно-экспертные группы и этнокультурные объединения Ассамблеи.

- Ассамблея народа Казахстана вносит свой вклад в возглавляемую Президентом страны борьбу с коррупций, активизацию и широкую пропаганду этой работы в обществе. Глава государства в своей программной статье "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания" отметил: «Мы строим меритократическое общество, где каждый должен оцениваться по личному вкладу и по личным профессиональным качествам. Такая система не терпит кумовства. …Чтобы двигаться вперед, нужно отказаться от тех элементов прошлого, которые не дают развиваться нации». Это очень правильные слова. Поэтому общество должно принять самое широкое участие в формировании антикоррупционной культуры в стране. Верю, что подписание совместного плана действий позитивно скажется на борьбе с коррупций, - сказал Д.Мынбай.

Указанный план предусматривает организацию специальных концертных программ и театрализованных представлений, направленных на формирование антикоррупционной культуры, подготовку информационных листков, проведение разъяснительной работы, встреч с населением. Кроме того, на разных языках этносов нашей страны будут подготовлены тематические видео- и аудиоролики, которые будут распространяться в социальных сетях, выходить на телеканалах и радио.

Состоялась презентация серьезного научного труда «История межэтнических и межконфессиональных отношений в Республике Казахстан». Этот крупный проект реализован Академией государственного управления при Президенте РК. В нем исследована история межэтнических и межконфессиональных отношений в стране, история, культура и традиции наиболее крупных этносов. В исследованиях участвовали восемь докторов и девять кандидатов наук, пять магистров, представляющих такие разделы науки, как социология, история, философия и политология.

Возглавлявшая проект руководитель Центра по изучению межэтнических и межконфессиональных отношений Академии государственного управления при Президенте РК Айгуль Садвакасова рассказала, что данный труд объединил в себе несколько монографий. В книгу вошли такие работы, как «Ислам и православие в Казахстане», «История казахстанских этносов», «Казахские традиции и сегодняшний день», «Русские Казахстана», «Узбеки Казахстана», «Немцы Казахстана».

В ходе заседания Совета Ассамблеи обсуждены региональный опыт реализации новых направлений деятельности Ассамблеи, деятельность депутатской группы АНК в Мажилисе Парламента страны,  работа Ассоциации общественных объединений узбеков Казахстана «Дустлик».

Совет АНК выдвинул на рассмотрение сессии АНК кандидатуры общественных заместителей Председателя Ассамблеи, одобрил предложение Секретариата об учреждении нагрудного знака  «Жомарт жан» АНК и утвердил Положение об общественных наградах Ассамблеи народа Казахстана.







https://egemen.kz/article/assambleya-kenhesininh-kenheytilgen-otyrysy-oetti

Кеше елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары − Хатшылық меңгерушісі

Дархан Мыңбай, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы жасампаздық әлеует­ке ие. Кеңестің кеңейтілген оты­ры­сында сөз алған Мемлекеттік хат­шы Г.Әбдіқалықова Ассамблеяның рөлі­не осындай баға берді.  – Биылғы жылы ҚХА активі мен барлық құрылымдары саяси, эконо­микалық және рухани жаңғыру мін­детін іске асыруға белсене атсалысуға тиіс. Ас­самблеяның алдында мынадай міндет­тер тұр. Бірінші – жүзеге асырыл­ған реформа адам құқықтары мен құқық­тық мемлекет принциптерінің сақталу кепілдігін күшейтеді. Ассам­блея тиісті заңнамаларды жетілдіруге, Конс­титу­цияда көрсетілген азаматтардың құ­қық­тары мен еркіндіктерінің бұзылу себеп­терін жоюға қатысуы керек. Екін­шіден, заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің жаңа форматтарын назарға ала отырып, ҚХА Кеңесінің, Мәжілістегі ҚХА депутаттық корпусының, Қоғамдық келісім кеңестерінің және басқа да құрылымдардың өзара іс-қимыл үлгісі жасалуға тиіс,– деді Г.Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бүгінгі таңда ұлт табысының негізгі факторы адамның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Ассамблея қоғам­дық мәдениеттің қалыптасуына, жастар­ды отансүйгіштікке тәрбиелеудің, ұлт­тық мәдени-генетикалық кодты сақтау­дың, ұлттық бірегейлікті нығайту­дың негізі болып табылатын  «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жер­лері­нің географиясы» сынды жоба­ларды іске асыруға үлес қосуы керек. Осы жиын барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы арасында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғамның әлеуетін пайда­лану мақсатындағы әріптестік туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары Д. Мыңбай айтқандай, құжатта қамтылған нақты іс-шараларды жүзеге асыруға Ассамблеяның барлық өңірлік құрылымдары, Қоғамдық келісім кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен этномәдени бірлестіктер атсалысатын болады. – Қазақстан халқы Ассамблеясы Ел­ба­сымыздың басшылығымен елі­міз­де жүргізіліп жатқан сыбайлас жем­қор­­лық­қа қарсы күреске, осы бағыт­тағы жұ­мыстарды ілгерілетуге, оны қо­ғам­да кең көлемде насихаттауға өз үле­сін қосуда. Мемлекет басшысы «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласында: «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. ...Алға басу үшін ұлттың дамуы­на кедергі болатын өткеннің кер­тарт­па тұстарынан бас тарту керек»,  деп айтқан болатын. Бұл − ақиқатында өте дұрыс сөз. Сол себепті, қоғамда жем­қор­лыққа қарсы мәдениетті қалып­тас­тыруға қоғам кең көлемде қатысуға тиіс. Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылуы сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресте оң ықпалын тигізетініне сенім­дімін,– деді Д.Мыңбай. Бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша, еліміздегі этностық театрлар­да жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа­лып­­тастыруға бағытталған арна­йы кон­церттік бағдарламалар мен театр­­лан­дырылған қойылымдар ұйым­дас­тыру, ақпараттық парақшалар әзір­­леу, халық арасында түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізу, кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, еліміздегі түрлі этностардың тілдерінде тақырып­қа сай видео-аудиороликтер дайында­лып, әлеуметтік желілерде таратылады, телеарналар мен радиоларда жария­ланады. Осы жиында «Қазақстан Респуб­лика­сындағы этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастар тарихы» атты сүбелі ғылыми еңбектің тұсауы ке­сіл­ді. Бұл ірі жобаны Қазақстан Пре­зи­­денті жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы «Халық тарих толқы­нында» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырғанын айта кету керек. Аталған еңбекте еліміздегі этносаралық, конфессияаралық қатынастар тарихы зерделенген, ең ірі деген этностардың тари­хы, мәдениеті мен дәстүрі зерттелген. Зерт­теу жұмысына әлеуметтану, тарих, фи­ло­софия және саясаттану сынды ғы­лым салаларындағы сегіз  ғылым док­торы, тоғыз  ғылым кандидаты, бес  магистр атсалысыпты. Олардың арасында Ж.Ар­тық­баев, А.Камалов, Г.Кан сынды тарих ғылымдарының докторлары бар. Жоба жетекшісі, Қазақстан Прези­денті жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы Этносаралық және кон­фессия­аралық қатынастарды зерт­теу орталы­ғының басшысы Айгүл Сәдуа­қ­асованың айтуынша, осы жоба аясын­да бірнеше монографиялық жұмыс топтастырылған. – Негізгі жұмыс этносаралық қа­ты­­нас­тарды зерттеу әдістемесіне ба­ғыт­­­талды. Кітапқа «Қазақстандағы ислам және православие», «Қазақстан этностарының тарихы», «Қазақ салт-дәстүрлері мен бүгінгі күн», «Қазақстан орыстары», «Қазақстан өзбектері», «Қазақстан немістері» сынды еңбектер енгізіліп отыр,– деді А.Сәдуақасова. Осылайша, алғаш рет Қазақстанның кейбір этностарына қатысты тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйеленіп, салт-дәстүрлерін, ұстанатын діндерін, ғылым-білім саласындағы, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктерін көр­сететін материалдар біріктіріліп отыр. Жиналған зерттеу материалдарды мем­лекеттік органдардың, қоғам­дық ұйым­дардың және білім беру меке­мелерінің жұмысында пайдалану үшін тиісті ұсынымдар да әзірленген. Алқалы жиын барысында Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарын іске асыру­дағы өңірлердің тәжірибесі, қоғам­дық бақылау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, мәмілегерлік бағыттағы жұмыстар қарастырылды. Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депу­таттық тобының атқар­ған жұмы­сы мен алдағы жоспары баян­далды. Қазақстан өзбек­терінің «Дустлик» қоғамдық бір­лес­тіктері қауым­дастығының жұмы­сы ортаға салынды. ҚХА Кеңесі Ассамблеяның «Жомарт жан» төсбел­гісін бекіту туралы Хатшылық ұсынысын мақұлдап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық марапаттары туралы ережені бекітті.

https://egemen.kz/article/ilgerileu-zholyndaghy-ilkimdi-qadamdar



Ілгерілеу жолындағы ілкімді қадамдар

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мәжілісі болды.



Отырыс барысында Прези­дент Н.Назарбаевтың мақала­сындағы негізгі аспектілер орта­ға салынып, талқыланды. Соны­мен қатар, Қазақстан халқы Ассам­блеясының 25-сессиясында белгі­ленген міндеттер туралы Кеңес мүшелері өздерінің ойларын ортаға салды. Негізгі баяндаманың бірін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бұрынғы орынба­сары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Анатолий Башмаков жасады. Ол Президенттің «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі екенін ескерте келіп, алда тұрған жұмыстар жөнінде айтып өтті. «Бізді кеше ғана Прези­дент Әкімшілігіне жинап, жұмыс топтарына бөлді. Мен өзім патриотизмді дамытумен айна­лысатын жұмыс тобының қатарына ендім. Туған жер бағ­дар­ламасы жалпыұлттық пат­­риотизмнің өзегіне айналу керек­тігін Елбасы атап көрсетті. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған еліміз Қазақстанға деген пат­риоттық сезімге ұласуы керек­тігі де мақалада айтылған. Менің жүрегіме де осы бағыт жақын, сон­дықтан мен осы топтың қата­рына енгеніме қуандым. Кез келген экономикалық реформа немесе мектептегі білім, саяси жүйегі жаңғырту адамның өзінің көзқарасын өзгертуден басталуы керек. Сондықтан, комиссияның базалық құрылымы болатын нақ осы топта жұмыс істейтіндерге насихатпен айналысқан білікті маман­дар тобы қажеттігін мен оты­рыста айтып, өзімнің ұсыны­сымды жасадым. Біз аймақтарға барып сананы жаңғыртудың қажеттілігін халыққа жеткізуіміз керек», деді ол. Өзінің сөзінде Анатолий Баш­маков сананы жаңғырту жұмысының оңай еместігін, «адамның санасын өзгерткеннен атом­ның құпиясын ашу әлде­қайда жеңіл» деген сөздің барын айта келіп, тек қана шешен сөйлейтін, ой-өрісі терең, парасаты биік ғалымдар ғана ха­лықтың жүрегіне жол тауып, Президенттің алға қойған міндет­терін жеткізе алатынын айтты. Басқа да шығып сөйлеуші­лер осы пікірлерді жақтап, өз ойларын жеткізді. Соның ішінде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы Гри­горий Косяченко да болып, ол мемлекеттің діни және гума­нистік құндылықтарын теңес­тіру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, ол Президенттің мақаласындағы «Қазақстан­дағы 100 жаңа есім» жобасын орындау барысында ыңғайсыз бәсекелестік болмау жағын қарастыру керек екенін атады. «Сондықтан, жұмыс тобы осынау тізімге енгізілетін адамдардың критерийін алдымен анықтап алып, оны қатаң түрде іске асыруы керек», деді Г.Косяченко. Ал осы Кеңестің мүшесі, фи­ло­софия ғылымдарының док­торы, профессор Қазбек Қаз­­кенов Президенттің бұл мақаласы ХХІ ғасырдағы адамзаттық сын-қатер­лерге қарсы қолданыла­тын өзек­ті мәселе екенін атады. «Біз­дің еліміз бәріне де қарсы тұруға дайын болуы керек. Тек экономикалық, сая­си, құқықтық дайындықтар аздық етеді, ең бастысы, әрбір азамат­тың ұлт­тық ұстанымы берік, Отаны­ның қауіп­сіздігі мен тәуелсіздігі жо­лын­­дағы қадамдарға саналы түр­де дайын болуы керек», деді ол. Филология ғылымдарының докторы Нұрсұлу Шәймерденова мақаланың мәдени аспекті­леріне назар аударып, өзінің осы бағыттағы ойларын ортаға салды. «Бізде бәрі де бар. Ендігі міндет Елбасы атап көрсеткеніндей, тек ұлттық мәдени кодымызды, этносаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау ғана. Біз­дің жарқын болашағымыз осы­ған тікелей байланысты», деді профессор. Сонымен бірге, ол кездесудің тиімді болғанын да атап өтті.
https://egemen.kz/article/zhuktelgen-mindetter-zhuyeli-retteledi

Жүктелген міндеттер жүйелі реттеледі

Алматыдағы Достық үйін­де «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассам­блеясының XXV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асырудағы этномәдени бір­лес­тіктердің атқаратын мі­н­дет­тері» тақы­рыбында отырыс өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дар­хан Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары Абилфас Хамедов, ҚХА Кеңесінің мүше­лері, республикалық және қалалық этно­мәдени бірле­стіктердің басшылары, жастар ұйым­дарының өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарап­шы­лық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ҚХА құрылымдарының жетекшілері қатысты. 11.05.2017 382 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Жуырда ғана елорда төрінде Елбасының төрағалы­ғы­мен өткен Қазақстан халқы Ассамблея­сының XXV сессиясында елдің саяси-экономикалық, мәде­ни-рухани өмірінде Ассамблеяның алатын орны ауқым­ды екені кеңінен айтылды. Елбасы өз сөзінде: «Бірінші. Туған жер жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақ­стан­ның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандастарымыз, қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек», – деген болатын. Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – сонда айтылған ойлар мен жүктелген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың жолдарын іздеуге арналды. – Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына зор сенім артып келеді. Сол сенімнің межесінен шығу үшін ел игілігі жолында адал қызмет атқарып, тәуел­сіз Отанымыздың гүлденуіне бәріміз қалтқысыз қыз­мет етуіміз қажет. Тұрақтылық пен даму, татулық пен достық – бәрімізге ортақ қастерлі құндылықтар. Пре­зи­дентіміз Ассамблеяның әлеуетін арттыруда қала­лар мен облыстар басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, бірнеше маңызды жобаны бірлесе іске асыруды тапсырды. 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының көп функциялы мультимедиалық порталын ашуды, «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын жасауды қолға алу керектігін айтты. Кәсіпкерлер мен бизнес, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға және өз ауылдастарын қолдау мақсатында күш жұмылдыруға шақырды. Әрбір Ассамблея мүшесінің көкейінде жүрген арман-тілектің тамырын тап басты. Сондықтан, алға қойған мақсат-міндеттерді, Елбасының тапсырмаларын орындауда табандылық таныта білейік. Сондай-ақ, жаңа орынбасарлар тағайындалып, оларға зор жауапкершілік жүктелді. Сол сенім жүгін талмай көтерейік, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай. Шара барысында ҚХА-ға қарасты этномәдени бірлестіктердің басшылары да сөз алып, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың жоспарын ортаға салды. «Татулық пен бірлік біздің басты ұраны­мыз», деген Ассамблея мүшелері ортақ мақ­сат жолында күш біріктіру керектігін айтып, Дос­тық үйінен жоғары көңіл күймен тарасты.


https://egemen.kz/article/tutastyqqa-tartqan-zhol

Тұтастыққа тартқан жол

Мен өзім осындай бірлік, бейбітшілік орнаған еліммен мақтанамын. Этностардың достастығы, халықтың бірлігі − еліміздің үлкен табысы. Достықты, туысқандықты ту етіп ұстағандықтан да Қазақстан халқы көпэтносты мемлекеттің мығымдығының үйренерлік үлгісі болып отыр.



Елбасымыз – Қазақ­­стан халқы Ассам­б­лея­сы­н­ың Тө­ра­­ғасы Нұр­сұ­л­тан Назарбаев тәу­ел­сіз­дік­тің таңсәрі ша­ғын­да, егемендіктің елең-алаң­ында-ақ біздің елі­міз­дің болашағы тек қана бірлікке байланысты екенін басын ашып айтты. Жас мемлекеттің алғашқы қа­дамдарынан бастап ұлттық сая­сатты сарабдал жүргізе білді. Адам­дарды нәсіліне, тегіне, ұл­ты­на қарап бөлуге ешқандай жол берілмейтінін салған беттен аң­ғартты, Қазақстанда әр адам өзі­нің іскерлігіне, біліктілігіне, па­расаттылығына ғана қарап ба­ға­ла­на­тынын мәлімдеді. Іс жүзінде дәл солай болды да. Сондықтан біздің еліміздегі қан­дай этностың өкілі де өзін Қазақ­стан­­ның төл перзенті, патриоты са­найды. Осы елдің қызығын бір­ге қызықтайды, қиындықтарын бір­­ге еңсереді, табыстарына бірге қуа­нады. Шындығына келгенде, бүгінде бір­лік, бірегейлік ұғымдарының ая­сына көп мағына сыяды. Оның не­гізінде халқымыздың мәдени сауа- ты, білімі, тағы басқа да ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оған Ұлт жоспарындағы төртінші ре­форма төңірегінде қолға алынған жұ­мыстар дәлел. Мәселен, «100 қа­дам» негізінде Қазақстан хал­қы Ассамблеясы бірқатар қа­ғи­датты міндеттерді шешуді жү­зеге асыруда. Біріншіден, бар­лық деңгейдегі мемлекеттік орган­дар мен азаматтық қоғам инс­ти­тут­та­ры­ның қызметі «Мәңгілік Ел» Жа­ңа Қазақстандық Патриотизмді ны­­ғайтуға және дамытуға бағыт­тал­ған. Елімізде билік инс­ти­тут­та­рының тұрғындармен толық­қан­ды өзара қарым-қатынас жа­сауына мүм­кіндік беретін мем­ле­кеттік басқару жүйесі құрылуда. Екіншіден, елі­міз үшін отбасы, бірлік, сон­дай-ақ, ең­бек­сүйгіштік, ада­л­дық, зияткерлік, үш­­тіл­­ділік тәрізді құн­ды­­лықтар насихатта­латын еңбек және кә­сіп­қой­лар қоғамын құру ба­сым­дықты болып табылады. Үшін­шіден, Қазақстанның алдын­да ел дамуының стратегиялық мақ­саттары үшін жұмыл­ған, қа­зақ­стандық біртектілік пен бір­лік, Жаңа Қазақстандық Пат­риотизм қағидаттарында тәр­бие­ленген «Мәңгілік Ел» ұрп­а­ғын қалыптастыру бойынша мін­деттер тұр. Төртіншіден, қо­ғам алдында халықтың тарихи ес­телігі мен рухани-мәдени мұ­ра­сын нығайтуға бағытталған мем­ле­кеттік бағдарламалар мен жо­­ба­ларды, сондай-ақ, мемлекеттің қа­­зақстандық қоғамның рухани бір­­лігі қағидаттарына негізделген зай­­ыр- лылық сипатын дамыту бой­ын­­ша шараларды сапалы түрде ж­ү­зе­ге асыру міндеттері бар. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты бүкіл әлем таныған, мой­ын­- даған Елбасымыз бар, тату-тәт­ті халқымыз бар, еңбекқор елі­міз бар, жердің астын да, үс­тін де толтырған байлығымыз бар, ырыс қонған жұртпыз. Осы ын­ты­ма­­ғы­мызды, осы бірлігімізді көз­дің қар­ашығындай сақтауымыз, ба­ла­ларымызға, немерелерімізге, шө­бе­релерімізге үлгі етіп, өнеге етіп ай­ту­ымыз, аманатқа қалдыруымыз ке­рек. Солай ету арқылы біз ел­дегі әлеуметтік-экономикалық ре­фор­малардың ойдағыдай жүзеге асы­рылуына жағдай жасаймыз, өзіміздің берік те баянды бола­ша­ғымызды қамдаймыз. Ұлы Да­ла­дағы Мәңгілік Ел болу асқақ арманымызға осылай жетеміз. Әскер ПИРИЕВ, ҚХА мүшесі, Астана қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы

https://egemen.kz/article/alty-alashtan-%E2%80%93-assambleyagha-ki



Алты Алаштан – Ассамблеяға Сайып келгенде, Алты Алаш деген сөзіміз де – Ассамблея. Тек, мұнда түбі бір түрік жұртын ғана емес, алты құрлыққа жайылған адамзат ұрпағының барлығын алтын шаңырақ астына бір атаның баласындай біріктіре алатын ұлы бірлік бар. Осы сөзіміздің айғағындай, мереке қарсаңында Қарағанды шаһарын мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстар «Достық үйіндегі» дөңгелек үстелде мәслихат құрды.

«Бірлігі бекем ел мықты!» деп аталатын жиын бүгінгі бейбіт өмір мен келісімнің бұдан әрі нығая түсуіне бар күш-жігерлерін жұмсайтынын жария еткен отандастар ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді. Тұрақтылықты тұғыр етіп, елдіктің еңсесін тіктеуде Елбасы ұсынған рухани жаңғыру саясатын берік ұстанатындықтарын баршаға жария еткен қарағандылықтар іс-шарадан ілгері қадам алды. Аталған алқалы жиынға аймақ басшысы Ерлан Қошанов арнайы қатысып, Бірлік мерекесі алдында жиналған жұртшылыққа риясыз ықыласын білдірді. Аймақ басшысы қатысушыларды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлы ХХV сессиясынан кейінгі бұл басқосудың тарихи маңызына тоқталды. — Президент біздің қоғамның даму кезеңдерін айқындап берді. Елбасы жүйелі жаңғыру туралы айтты. Ол – үшеу. Яғни, экономикалық жаңғыру, саяси жаңғыру, рухани жаңғыру. Мемлекет басшысы айтқандай, осындай «жүйелі жаңғыру біздің бүкіл жұмыстарымыздың өзегіне айналды». Яғни, жаңғырудың негізі де, түп тамыры да – тұрақтылық, бірлік, келісім. Ассамблеядан кейін, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысына қатыстық. Біз де өзіміз – облыста, барлығымыз бірігіп, осы орайда кешенді әрі жүйелі жұмысқа кіріссек деймін, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. Сонымен қатар, облыс әкімі ұлттық мәдени бірлестіктердің келісімді, ұлтаралық татулықты нығайтудағы игі істерін де назардан тыс қалдырмады. Шараның да атауы соған негізделген. Бірлігі мықты елдің, рухы да күшті боларын тілге тиек етті. Осы жылдар аралығында еліміз ынтымаққа айрандай ұйыды. Бұл істе Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор. Елбасының бағдарламалық мақаласы Ассамблеяның рухани жаңғыруына да жол ашпақ. Бұдан соң бірқатар ұлттық-мәдени бірлестік өкілдері, кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аймақ делегациясының құрамында қатысқандар ойларын ортаға салды. Өзара пікір алмасып, сессияның тың серпін, зор қуат бергенін атап өтті. Сессияда Мемлекет басшысының сөзінен ойларына шуақ алған қауым алдағы уақытта ел бірлігін арттыруға аянып қалмайтындықтарын айтты. Сөз алғандардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ғылыми-сараптау тобының жетекшісі В.Молотов, Жезқазған қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, білім меценаты Б.Алтынбеков, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ конвертор цехының жұмысшысы Д.Захаров, демократиялық күштер коалициясының мүшесі М.Ақәділова, «ЭКСПО&Women» халықаралық қоғамдық ұйымы Қарағанды филиалының жетекшісі А.Сахарова және тағы да басқа ұлттық бірлестік өкілдері, спортшылар, өндірісте еңбек етіп жүргендер бар. ҚХА ғылыми-сараптама тобының басшысы Вилен Молотов Лучанский айтқандай, біздің, яғни этно-мәдени бірлестіктердің, сарапшы қауымдастықтың алдында жаһандық идеологиялық бәсекелестікке қабілетті бола білуде тиімді әдістерді меңгерудің зор міндеті тұр. Сыртқы күштер жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып қоғамды ірітіп-шіріту үшін неше түрлі соғыстар жүргізіп жатыр. Бұл біздің тұрақтылығымызға нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Елбасымыз әр маңызды жиында осы жайттардың алдын алу қажеттілігін бізге міндеттеп отырады. Жиынға өң берген жайттардың бірі – өңірлердегі түрлі ұлт өкілдерінен құралған көркемөнерпаздар тікелей байланысқа шыққаны болды. Лебіздерін жеткізіп, оның соңын әнмен, күймен өріп отырды. Шараға қатысқан түрік қызы Расул Азами өзін «қазақпын!» деп, жастарды елді құрметтеп, оның тарихын білуге шақырды. Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын!» поэмасынан үзінді оқып беруі көпшіліктің жүрегіне шуақ ұялатты. Азамидің де айтқан лебізін айнытпай ұсынуды жөн көрдік: – Сонау 1944 жылы ата-әжем Қазақстанға келген. Содан бері қазақ жеріндеміз. Мен өзім түрік болсам да, «қазақпын» деймін. Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Сондықтан, жастарды елдің тарихын білуге, оны құрметтеуге шақырамын. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов «Шағын Отан» жобасы бойынша өз ұсыныстарын білдірді. «Біздің қалалар мен көптеген ауылдарымызда жақсы дәстүр бар. Мектеп бітіріп кеткен түлектер, он жылдықта, жиырма, отыз жылдықта өздері білім алған оқу ордасында жиналып, ауылға көмек қолын созу, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды игі істер атқарады. Ос дәстүрді бүкілхалықтық дәрежеге көтерсек қалай?» деді әкім. Кездесу соңында облыстық ҚХА мүшелері Мемлекет басшысының рухани жаңғырту жиынтығын міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерін салуға тұрғындары үшін Үндеу қабылдады. Кездесу соңында облыстағы түрлі ұлттық мәдени бірлестіктерге әкімнің арнайы сыйлықтары табысталды. Жиырма төрт этно-мәдени бірлестік 700 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ
https://egemen.kz/article/taghattylyq-%E2%80%93-tanhdauymyz

Тағаттылық – таңдауымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтың көптен күткен, көңілінде жүрген мәселелерін көтерді. ҚХА-ның күні кеше табысты өткен сессиясы да сол мәселені талқылап, шығып сөйлеген әріптестеріміздің бәрі мақалада көтерілген мәселелердің орынды екенін, өздерінің ойларынан шыққанын айтты.

Осы күнге дейін Президент әлеу­меттік-экономикалық саланың дамуын, жаңғыруын талап етіп, бағдарламалық құжаттардың бәрінде олар орнын тапты. Ал бүгін рухани саланың жаңғыру таңы атқаны көрініп тұр. Өз тарапымнан мен рухани жаңғыруды халқымыздың санасында сілкініс тудырып, патриоттық сезімге шоқ тастау деп білемін. Тек саналы адамдар ғана азаттықты бағалап, тәуелсіздіктің туын бекем ұстай алады. Президенттің бағдарламалық мақа­ла­сы әркімге де ой салып, біз тек өз Отанымыз, өз Қазақстанымыз үшін барлық игілікті жасауымыз керек деген пікір тудыратыны күмәнсіз. Әрине, ол үшін ішкі саясат қызметтері белсенді жұ­мыс істеп, Елбасының мақаласын түсін­діруге талмай кірісуі керек және бұл жұмыс бір реттік, науқаншылықпен шек­те­лмей, үнемі жүргізіліп тұрғаны жөн. Өз тарапыңнан не істер едіңіз деген сұрақ қойылса, мен өз мүм­кін­шіліктерімді, өзімнің медиа-құрал­дарымды пайдаланып, мақаланың маңызын жерлестеріме түсіндіруге тырысып жүрмін. Сондай-ақ, мен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәсли­хатының депутаты ретінде біздің Орда­басы ауданы мен Қарағанды облысы­ның Ұлытау аудандарының арасында бауыр­ластық қатынас орнату туралы ұсыныс жасайтын боламын. Өйткені, бұл екі аудан да Қазақ хандығының тарихында өшпес орны бар жерлер. Сөйтіп, мақаладағы туған жердің қадірін ұрпақтарға таратуда бір сүйекті шара жасаған болар едік. Дулат ӘБІШ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты ШЫМКЕНТ
https://egemen.kz/article/turaqtylyq-%E2%80%93-tughyrymyz

Тұрақтылық – тұғырымыз Ең асыл қазыналарымыздың бірі – ел тыныштығы. Тәуелсіз­дігіміздің ширек ғасыр бедерінде бұл салада жинақталған тәжірибе мол. Соның жарқын бір үлгісі Қызылжар өңірін мекендейтін жүзден астам этнос өкілдерінің «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» тату-тәтті жарасымды өмірі дер едік. Маңайына этномәдени бірлестіктерді топтастырып, жұртшылықты бүгіннен де нұрлы кемел болашақ құруға жұмылдырып келе жатқан Достық үйін тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы, киелі бесігі десе де болады. Біз толеранттылықты, ауызбірлікті баға жетпес басты байлығымызға балап, оған өз үлестерін қосып жүрген адамдарды сөзге тартқан едік.



Наиль САЛИМОВ, Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясы хатшы­лығының меңгерушісі: – Елбасының тікелей бас­тама­шы­лығымен құрылған Қазақстан халқы Ас­самблеясы аясында жұмыс істейтін дос­тық үйлері тәуелсіздігімізге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Егемендігіміздің елең-алаң шағынан бері түрлі саяси-мәдени шараларға белсене араласып, қоғам тұрақтылығын сақтауды, татулықты, бірлікті дәріптеуді, қазақ халқы мен өзге де этностардың салт-дәс­түрлерін, әдет-ғұрыптарын, мәдениетін, тілін насихат­тау­ды басты мұрат тұтады. Осыдан жиырма жыл бұрын этномәдени орта­лықтардың саны бесеу ғана болса, бүгінде Достық үйінде – 13, аудандарда 106 құрылым жұмыс істейді. Президент «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңару» бағдар­ламалық ма­қа­ласында туған жерді айрықша қас­терлеу, өркендетуге үлес қосу шынайы патриотизмнің маңызды бөлігі екенін ерекше атап көрсетті. Осыған орай «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламалары ұсынылып, Туған елге – Қазақ­станға деген пат­риоттық сезімді қалып­тастыруға ша­қырды. Бұл тұрғыдан сөз қоз­ғайтын бол­сақ, достық үйлері тарапынан атқарылып жатқан ша­ралар қызықтылығымен, маз­мұн­дылығымен ерекшеле­неді. Олар ұйымдастыратын шараларға жастар үлкен ынта жігермен қатысып жүр. Мек­тептер жанынан этноклубтар ашылып, белсенді өкілдер тартылды. Колледждер жанынан құрылған «Бейбітшілік және келісім» орталықтары да өміршеңдігін танытты. Үлкен Ел – Үлкен отбасы», «Ұлы Дала елі – Тәу­елсіздіктің 25 негізі» бүкілхалықтық ак­циялар барысында үш жүзден астам игі­лікті шаралар атқарылып, бірлік пен ын­тымақтастың өнегелі үрдістері ке­ңінен түсіндірілді. Ләззат ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу-мектеп кешенінің директоры: – Жаһандану үрдісі ерекше белең алып, түсініксіз құбылыстар көбейген тұста өскелең ұрпақ бойына Мемлекет басшысы белгілеп берген «Мәңгілік Ел» қағидаттарын ұялату өте ма­­ңызды. Жуыр­да баспасөзде жарияланып, жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырған мақалада бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуы салдарынан туындайтын көкейкесті жайттар ашық айтылып, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу жайына баса назар аударылды. Осыдан ширек ғасыр бұрын шаңырақ көтерген білім ұясында тоғыз этностық бөлім жұмыс істеп, екі жүзге жуық бала білім алады. Олардың арасында ана тілін еркін меңгеріп, төл мәдениетімен жете танысқысы келетіндер қатары көп. «Қазақстан – ортақ үйіміз», тағы басқа тақырыптар шеңберінде отаншылдыққа тәрбиелеу тағылымдары үзбей насихатталады. Бұл мәселелер оқу бағдарламасында да жан-жақты қамтылған. «Қайырымдылық керуені», «Жақ­сылық жаса!», «Шын жү­ректен» акция­ларынан жинал­ған 4,5 миллион теңге сырқат балалардың мұқтажына жұм­салды. Достық үйлерінің Аналар кеңе­сімен бірлесіп өткізген шаралары да қолдауға тұрарлық. Мәселен, «Ақ орамал» акциясына 6500 адам қатысып, 14 елді мекен қамтылды. Рашбиль ЕВДАЕВ, «Еврей мәдениеті» облыс­тық қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Достық үйлерінің этнос­аралық келісімді нығайтудағы рөлі өлшеусіз екенін күнде­лікті жұмыс тәжірибесінен ай­қын байқаймыз. Олардың қабыр­ғаларында өтетін іс-шаралар ешкімді де бей-жай қалдырған емес. «Салт-дәстүр» этномәдени фестивальдары, «Алғыс айту» мерекелері адамдардың бір-біріне деген шынайы құрмет сезімін оятып, одан әрі жақын­дастыра түсті. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін талқылау барысында ел бірлігін, ынты­мағын сақтауға қатысты та­ным­дық ойлар сабақталып, Елбасының ұлт пен ұлыстарды ортақ мақсатқа жетелеудегі жанқиярлық еңбегі ерекше атап көрсетілді. Біз қайырымдылық акцияларына да қатысып тұрамыз. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған жандарға бірнеше мәрте қар­жылық көмек көрсетілді. Отан– қастерлі де қасиетті ұғым. Мен Әзербайжанда тусам да, саналы ғұ­мырым Қа­зақ­­станмен тағдырлас. Аға ұрпақтың жақсы дәсүрлерін жас буын жалғастырсын десек, кез келген елдің қуаты – халқының бірлігінде, түсіністік тіні – бір шаңырақ астында топтасуында екенін жете ұғындыра білген абзал. Бүгінгі күні этностық төзімділік, сабырлылық ауадай қажет. Өзара сыйластық пен сенімге құрылған Қазақстанның таңдауы айқын. Достық үй­лері бірлік қағидасын берік ұстанымға айналдырған. Ана тілді меңгеру, салт-дәстүрлерді үйрену, мерекелік шараларды ұйымдастыру барысында этномәдени бірлестіктерге үнемі қолдау көрсетіп, ұйытқы болып келеді. Бұдан былай да этносаралық қатынастарды топ­тастырушылық рөлі артпаса, кемімек емес. Иә, ынтымағы жарасқан елдің бо­лашағы қашанда жарқын. «Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады» деп текке айтылмаса керек. Өңірдегі дос­тық үйлері мен олардың белсенді қаты­сушылары да Елба­сы­ның «Тұрақтылық – біздің тату­лығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз» деген сөздерін басты бағдар еткен.
https://egemen.kz/article/tatulyq-%E2%80%93-basty-baylyghymyz

Татулық – басты байлығымыз Татулық – біздің ең басты бай­лығымыз. Қаншама ұлттың баласы­на құшағын кең ашқан бай­тақ Қазақстанымыз – бүгінде тұрақ­тылық пен достықтың бесігі. Бұл туралы ҚХА-ның жақында өткен ХХV сессиясында да жан-жақты айтылды. Әрбі­рі­міздің жүрегіміздің төрінде мемлекетімізге деген риясыз құрмет ең алдыңғы орында тұруға тиіс. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің тұрақ­ты дамуын, ұлттардың татулығы мен достығын әрдайым басты назарда ұстап келеді. Елбасымыздың жуырда барша халық­қа жол тартқан «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты мақаласын бүтін бір мем­лекеттің тамырына қан жүгіртіп, жан-жақ­ты дамуымызға жол ашатын мәні терең тари­хи құжат деп түсінеміз. Дамудың даң­ғыл жолын қалыптастырып, елдігімізді қуат­тап, бірлігімізді бекемдейтін бір мақсат жолында жұмылып, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауға бағыттайтын мәні терең мақалада айтылған әр бағдар­ламаның орны бөлек. Дамыған озық технологияларды игеріп, бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге барынша қабі­лет­ті зияткер ұрпақ – мемлекеттің келешегі. Әлемнің әр түкпірінде дау-жанжал, түрлі қақтығыстар орын алып жатқан қиын шақта тұрақтылығымыз бен татулығымызды сақтап, бейбіт өмір сүріп отырғанымыз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы деп білеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі ретінде ел тарихында орын алып жатқан елеулі мерекелермен барша қазақстандықты құттықтаймын. Ұйғыр этномәдени бірлестігі бірлік пен берекені, сенім мен ізгілікті, татулық пен тұрақтылықты әрдайым қол­дай­ды. Еліміздің мерейі үстем бо­лып, мем­лекетіміз қарыштап дами берсін. Шаймардан НҰРЫМОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы


https://egemen.kz/article/turaqtylyq-%E2%80%93-rukhani-zhanhghyru-kepili

Тұрақтылық – рухани жаңғыру кепілі Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен ҚХА-ның XXV сессиясы болып өтті. 27.04.2017 602 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікке қызмет ететін осы аса маңызды қоғамдық институттың сессиясы жыл сайын өтіп тұрады. Биыл оның саны 25-ке жетіп отыр. Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 1500-ден астам делегат қатысты. Олардың ішінде Ассамблеяның барлық өңірден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және ай­мақтық этномәдени бірлестіктердің төр­аға­лары, Парламент депутаттары, орта­лық атқарушы органдардың, саяси пар­тия­лар мен ҮЕҰ басшылары, әдебиет пен өнердің, спорттың көрнекті өкілдері, шетел­дік қонақтар болды. Жарқыраған көк­тем күнімен бірге келген сессияға қатысу­шылардың жүздері жарқын, көңілдері шат к­өрінді. Елбасы Н.Назарбаев сессия жұмысын ашқан соң, еліміздің Әнұраны орындалды. Осыдан кейін сессияны жүргізіп отырған ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай баяндама жасау үшін сөзді ҚХА Төрағасы Н.Назарбаевқа берді. Өзінің сөзінде Елбасы 2017 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талап­тарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам», деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен бірге, Елбасы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның рөліне тоқталып, бағдарламалық мақалада көрсетілген жобалардың терең зерттелуінің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани жаңғыруға белсене атсалысатынына сенім білдіріп, Ассамблея мүшелеріне өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар жобаға тоқталды. «Бірінші. «Туған жер» жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандасымыз, қаншама Ассамблея белсендісі ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол – азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі. Үшінші. Ассамблея «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына табысты атсалыса алады», деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Н.Назарбаев жастар­дың сана-сезімін қалыптастыру үшін айрықша маңызы бар «Жаңа гумани­тарлық білім» жобасын атап өтті. «Жоба әлемнің жетекші тілдерінен ең үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударуды көздейді. Философия, әлеуметтану, экономика, мәдениеттану, шығыстану салалары бойынша ағылшын, орыс, француз, испан тілдерінде және басқа да тілдерде басылған тамаша оқулықтар бар. Оқу процесіндегі ғылыми айналымға олардың енгізілуі отандық білімді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», деді Мемлекет басшысы. Елбасы мемлекет пен қоғам алдын­да тұрған заманауи жаһандық сын-қатерлерге назар аударып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін ерекше шешімдер қарастыруды тапсырды. «Тұтас қоғам да, жеке азамат та бейбітшіліктің, тұрақтылық пен келісімнің өздігінен келе салмайтынын білуге тиіс. Мемлекет ұдайы этносаралық және конфессияаралық процестердің тамырын басып, жіті қадағалап отыр. Ұлттық бірлікті нығайта түсу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық мемлекеттік органдар тұрақты, күнделікті жұмыс жасауда», деді Қазақстан Президенті. Н.Назарбаев қабылданып жатқан шара­лардың дұрыстығын және өз уақы­тында атқарылып жатқанын атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдар алдына жаңа міндеттер қойды. «Бірінші міндет. Жүйелі жаңғырудың мақсаттарына жауап бере алатын қоғамдық сана-сезім қалыптастыру керек. Бұл про­цеске мемлекет пен азаматтық қоғам, білім беру мен әлеуметтік сала, жеке бизнес пен масс-медиа, бәрі де тартылуы қажет», деп тапсырды Елбасы. Екінші міндет ретінде Мемлекет бас­шы­сы азаматтық бірегейлікті нығайтып, бір­лік пен келісімді қамтамасыз ету қажет­тігін айтты. Осыған орай, Қазақстан Пре­зи­денті бірқатар нақты тапсырма берді. «Дін істері және азаматтық қоғам министр­лігіне облыс әкімдерімен бірлесіп, Ассам­блеяның барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің 2017-2018 жылдарға арналған діни экстремизмге қарсы тұру жөніндегі жоспарын дайындауды тап­сырамын. Сонымен қатар, ҚХА қоғам­дық келісім кеңестерінің жұмысын рет­теп, олардың қызметтерінің нақты кри­те­рийлерін жасауы керек. Бұдан бөлек, Үкіметке қайырымдылықты дамы­ту, оның ашықтығын қамтамасыз ету жө­нін­де ұсыныстар енгізуді тапсыра­мын. Облыс­тардың, Астана мен Алматы қала­лары­ның әкімдері ҚХА жұмысының жаңа бағдарын – қоғамдық келісім кеңес­тері, қайырымдылық және медиация жұмыс­тарын күшейтуі қажет», деп міндеттер жүктеді Н.Назарбаев. Сессия барысында Мемлекет басшысы ақпараттық жұмыстарға ерекше мән беріп, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның көпфункциялы мультимедиалық порталын ашуды, сондай-ақ «Қазақстан хал­қы» интерактивті тарихи картасын жасауды тапсырды. «Ел иесі – қазақтың мемлекет құраушы ретіндегі айрықша рөлін ескере отырып жасалуға тиіс элек­трон­ды карта ежелгі қазақ жерінде сан түрлі ұлт өкілдерінің ұйысу процесін көр­некі және толық көрсетіп береді. Білім жә­не ғылым министрлігіне, ҚХА-мен бір­ле­сіп, ғылыми негізде осы интерактивті кар­­та­­ны жасап, келесі жылы «Алғыс айту» кү­ні­не орай тұсауын кесуді тапсырамын», деді Елбасы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті биз­нес, шығармашылық және ғылыми зия­лы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға және өз ауылдастарын қолдау үшін күш жұмылдыруға шақырды. Баяндамадан кейін жарыссөзге алғаш­қы болып Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төр­айымы Нелли Краснобаева шықты. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы деген сөз­дің өзі достық, сенім, бейбітшілік, бір­лік ұғым­­­дарының синониміне айналып кетке­нін атап, сөзін бастады. Елбасының рухани жаң­­ғыру бағдарламалық мақаласында ай­тыл­­ған міндеттерге сәйкес ол жоғары оқу орындары үлкен белсенділікпен жұ­­мыс істейтініне сенім білдірді. Сон­дай-ақ, жаңғыруды кеңістік пен уақыт­тың көп қырлы өлшемі екенін атады. «Қазақ­­стан­ның рухани жаңғыруы – білім, дәс­түр және жаңашылдықтан тұра­­тын ұлт­тық коды­мыз. Сондықтан Пре­зи­­денттің «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдар­лама­сы – ұлттың ХХІ ғасыр­дағы рухани гүл­денуінің ғаламдық стра­тегиясы», деді шешен. Одан әрі Н.Краснобаева Жапония, Ма­лай­зия, Индонезия, Түркия елдерінің тарихында мемлекетті сапалы деңгейге көтерген дәстүр мен прогресті жалғастыру идеялары болғанын айтты. «Әлемді идеялар билейді», деген сөз бар. Сіздің мақалаңыз да өмірлік жаңа ұғымдар мен дамудың жаңа көкжиектерін ашатын идея. Онда жаңа сөздер мен философиялық парадигма ғана емес, нақты жобалар ұсынылған дей келіп, шешен Президенттің «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақ­стан­дағы жаңа 100 есім», т.б. жобалар жас ұрпақтың бойына патриоттық рух егуде озық тәжірибелер болатынын жеткізді. Сондай-ақ, олар жастардың санасын жаңа сападағы деңгейге көтеретінін айт­қан ол одан әрі әлеуметтік ғылымдар тур­а­­лы өзінің ойларын ортаға салды. «Жаңа бағ­­д­арламалық мақаласымен Ел­ба­­сы гу­ма­ни­тарлық ғылымдардың да беде­­лін көтеріп тастады, сондықтан біз Елбасына риза­шы­лы­ғымызды білдіреміз. Бізге әлеуметтік-демо­­­г­рафиялық дамудың республикалық зерт­­теу институты керек. Онда қызмет ету­­ге лайықты кадрлар Қазақстанда жеткі­лік­ті, қазірдің өзінде «Болашақ» бағдар­ламас­ының шеңберінде «Демография» маман­дығы бойынша 24 магистр мен 10 ғылым докторы бар», деді шешен сөзінің соңында. «Еуразия энергетикалық корпора­ция­сы» АҚ бөлім бастығы Сергей Руссо өзі­нің молдован халқының өкілі екенді­гін айт­ты. Президенттің «Болашаққа бағ­дар: руха­ни жаңғыру» атты мақаласы осы заман­ғы әлемнің бірден-бір табысты моделі – прагматизм екенін атады. «Егер басқаша болса орындалмайтын армандар, популистік идеологиялар туып, қоғамды апатқа қарай итермелейтін ахуал туады екен. ХХ ғасыр­дың 90-жылдарындағы Молдовадағы этнос­аралық кикілжіңдер нақ осындай себеп­терден орын алды. Мен оларды өз көзім­мен көрдім», дей келіп, шешен одан әрі Пре­зидентке өзі отанынан босып кетуге мәж­бүр болған көп молдованның бірі ретінде Қазақ­станға келіп пана тапқанын айтты. «Қазір біздің елімізде мыңдаған мол­дован мен румын тұрады, олар Қазақ­стан­ды өздерінің Отаны санайды. Басқа жер­лерден Қазақстанның артықшы­лығы сол, мұнда адамдар бір-бірімен соғыспайды, бейбіт өмір кешеді, балаларын жерлемейді, керісінше өсіріп, тәрбиелейді. Біз қолы­мыз­да бар осынау алтынды құнттай білуіміз керек», деді ол. Өзі Павлодар облысының Ақсу ауда­нын­дағы қазіргі мекенінде «Буковина» атты румын мен молдовандардың этно­мәдени бірлестігін құрған екен, сол арқы­лы Ассамблеяның мүшесі болғанын мақ­та­нышпен жеткізді. «Президент айт­қан бейбіт өмір мен прагматизм – ең үлкен құндылықтар. Ал қауіпсіздік пен тұрақ­тылық – жарық пен жылу. Бұлар болса, халықтың жүрегі орнында, еште­ңеден қорықпайды. Бүгін Сіз бірлікті күнде қажет болатын формула деп атадыңыз. Біз оны аялап ұстап, ешқандай күрт қимыл­дарға жол бермеуіміз керек», деді ол Президент пен көпшілікке қарата. Осыдан кейін сөз кезегі «Ақтау ха­лық­­аралық теңіз порты» Ұлттық ком­па­ния­сы» АҚ докер-механизаторы Ев­гений Глатырьға берілді. «Мен өзім украин хал­қының өкілі болсам да Маң­ғыстауда туып-өстім», деп бастады ол өзінің сөзін. Одан әрі Президенттің бағдарламалық ма­қа­­­ласы жаңғырудың қажеттілігін жас­тар­дың алдына турасынан қойған талап еке­нін атады. «Біз, жастар, жаңашылдыққа, еңбек өнімділігін арт­тыру­ға әрқашанда ашық­пыз. Еңбектегі жастар – Президенттің сенім­ді ізбасарлары. Сондықтан да бізге Елбасының прагматизм туралы айтқан идеясы әсіресе ұнайды. Менің түсінуімше, адам жұмысты құлшынып істесе, кез келген кәсіпті меңгере алады. Мысалы, мен өзім бұрын атын да естіп көрмеген докер мамандығын меңгердім. Бұл бір керемет жұмыс екен. Біздің Президент теңіз порттарының маңызы туралы бұрын айтқанда, біз оған онша мән бермейтін едік. Сөйтсек, Елбасы біліп айтады екен, қазір Қазақстан теңіз державасына айналды. Бір кезде түкпір болып саналатын Ақтау қаласы да қайта түледі. Ол қазір Қорғас арқылы Қытаймен, Түрікменстан арқылы Орта Шығыспен, теңіз арқылы Қап тауы және Еуропамен тығыз байланысып жатыр. Қазір қала көшелерінде ғаламшардың барлық тілдерінде айтылатын сөздерді естисіз. Жастар порттағы жұмыстарға қуана-қуана баруда. Өйткені, осы жұмыс арқылы олар отбасыларын асырап, жақсы тұрмыс кешіп, болашаққа сеніммен қарайды», дей келіп, докер сөзінің соңында Елбасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы тамаша идея екенін айтып, Ақтау докерлерінің осы тізімнің бел ортасында болғанын қалайтынын жеткізді. Осыдан кейін сөз белгілі ақын, Айтыс ақындары халықаралық одағының төр­ағасы Жүрсін Ерманға берілді. «Руха­ни жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақала жарыққа шыққанға дейінгі қазақ ұлтының көңіл ауаны бір бөлек, жарық­қа шыққаннан кейінгі көңіл күйі бір бөлек дер едім. Қазақ қоғамының осын­дай бір түбегейлі өзгеріске зәру екенін әрқай­сымыздың ішіміз сезуші еді. Осын­дай бір сілкіністі, серпілісті күте­тін сияқты едік. Бұл аса күрделі де көреген бағдарлама күткенімізден де асып түсті», деп бастады ақын өзінің сөзін. Одан әрі шешен рухани жаңғыру қазақ қауымын түлетудің бар­лық кешенді шараларын соқыр­ға таяқ ұстат­қандай анықтап, қолға жарыққа шы­ға­ратын шырағдан ұстат­қандай болға­нын айтты. «Бүкіл зиялы қауым осы мақа­ладағы озық идеяларды қол­дап, қоштап отыр деп нық сеніммен ай­та аламын. Тәуел­сіздік алғаннан бергі жыл­дардағы шеші­мін таппай келе жатқан ең күрделі мә­се­ле осы рухани жаңғыру еді, енді ол хал­қы­мызды, ұлтымызды рухани азат­­тыққа бастаудың жолын көрсетіп беріп отыр. Енді, осы сындарлы шақта, Пре­зи­дент­­тің төңірегінен табылып, қолдау көр­се­ту – ұлт­тың зиялы қауымына сын», деді ол. Елбасының мақаласындағы «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген қатал қағиданың өте әділ екендігін атай келіп, Ж.Ерман өзінің сөзінде: «Ұлы хакім Абай: «Мен егер закон қуаты қо­лым­­да бар кісі болсам, адам мінезін тү­зеп бол­майды деген кісінің тілін кесер едім» деген жоқ па? Дәл қазір әр қазақтың түбе­гейлі өзгеретін, ойын, жан сарайын жаң­ғыр­татын шағы. Уақыттың ұтымды ша­ғын­да уысы­мызға түсіп тұрған тарихи мүм­­кін­дікті қос қолымызбен қолдап, заман көші­не ілесудің барлық шараларын қамтып қалу керек екенін біздер, шығармашылық адам­­дары әбден жақсы түсінеміз. Оның үс­ті­не, рухани жаңғыру бізден ұлттық код­ты сақтай білуді талап етіпті. Бұл – ұлт жана­­шыр­ларының жүрегіне жететін сөз. Ұрпақ­тан ұрпаққа үзілмей келе жатқан тек­ті­лігімізге табыну, намысымызды ояту, ұлт­­тық қадір-қасиетімізге жүгіну деген сөз. Көк түріктердің қара шаңырағында отыр­­ған текті халық өзінің тамырында бүл­­кіл­деп жат­қан ізгі қасиеттерін қайта түлету­ге құл­­шы­натын шақ – осы! Осы тұста бір сіл­кінбесек, бір серпілмесек, халық­­­ты­­ғы­мыз­ға да, елдігімізге де сын», деп қорыт­ты ойын. «Хабар» агенттігі» АҚ журналисі Рус­лан Ыдырысов өзінің чешен босқын­дары­ның ұрпағы екенін атап, әрбір қанда­сында қазақ халқына деген құрметтің сақтал­ғанын айтты. «Қазір Чешенстанда тұра­тын әжеме мен жаңа Астананың суре­тін көр­сет­кенімде, ол жылап жіберді. Бұл біз­­дің елге деген мақтаныш сезімінің қуа­ныш­ты көз жасы еді. Өз тарапынан ондағы чешендер Қазақстан Президентінің суреті салынған «Қазақ үйін» көрсетеді. Чешен­дердің қазақтарға деген мұндай құрметін ешқандай ақшаға сатып ала алмас едің», деді ол. Ал Елбасының бағдарламалық мақа­ласы туралы айтқанда, Р.Ыдырысов оны АҚШ президенті Линкольннің елді жаң­ғыртуға арнаған атақты сөзімен салыс­тыратынын білдірді. «Бұл сөз Американы өзгертіп, жұртын біріктірген тарихи сөз болды. Елбасы сөзінің тиімділігі де сондай. Маған, әсіресе, сананың ашықтығы туралы ойлар ұнады. Шынында да, біз үйішілік тар шеңберге қамалып қалмауымыз керек. Әрқашанда үлкен әлемде не болып жат­қанын аңдап, оған сәйкес сана­мызды жетіл­діріп отырғанымыз жөн», деді ол. Одан әрі журналист өзінің Сирия мен Ауған­станға барған сапарлары тура­лы айтып, онда қырғындарды, қираған үй­лер­ді, Хомсе қаласында жайрап жатқан үйлер­дің арасында тұрмыстық техника сатып отырған кәсіпкерді көргенін еске алды. Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» кон­суль­­тативті-оңалту орталығының дирек­торы, дінтанушы Аңсар Сабдин қазіргі таңда діни экстремизм әлемдік дертке айналғанын, көптеген елдер лаң­кестік­тен жапа шегіп отырғанын айта келіп, экстремистер сананы улап, қоғамымызды бүлдіріп отырғанын жеткізді. «Дін адам өмірінде ерекше орын алады. Қазақстанда 18 конфессия татулық пен өзара келісімді ту етіп келеді. Таяуда ғана елімізде жүзеге асы­рылған конституциялық реформалар бойынша дінаралық келісімді бұзу заңға қайшы іс-әрекет ретінде танылды. Бұл – өте маңызды қадам. Біздің халқымыз үшін дәстүрлі дін қай уақытта болмасын жоғары мәнге ие. Дініміздегі Ханафи мазһабы Еуразия кеңістігіне кеңінен тарап, ол ата-бабаларымыздың санасына берік орнады әрі халқымызды біріктіре білді», деген ол бүгінде дәстүрлі дінімізді теріске балап, жат ұғымдарды санамызға тықпалауға тырысып жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, біздің салт-дәстүр­лері­мізді, болмысымызды сақтауда ұлт­тық кодымыздың орны ерекше. Ұлт­тық кодымыз ғана біздің жанымыз бен жүре­гіміздің құлпын аша алады. Соны­мен қатар, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерді толық қолдайтынына тоқтала келіп, қазақ­тың, қала берді түркі дүниесіне ортақ ойшыл­дардың дінімізге, рухани құнды­лық­тарға қатысты мұраларын қайта жаңғырту қа­жет­тігіне назар аударды. Оның сөзіне қарағанда, дін саласына қатысты маман­дар­ды дайындауда мемлекет тара­пы­нан барлық жағдай жасалып отыр. Мем­лекет дінтанушыларды, осы салада магистр­лер мен докторларды дайындау үшін гранттар бөлуде. Қазіргі таңда «Нұр Мүбәрак» университеті, 9 медресе, оның ішінде 4 медресе-колледж қызмет көр­сетуде. Осындай мүмкіндіктер бола тұра, бізге жастарды дін саласы бойынша шет ел­дерде оқытудың қисыны жоқ. Солтүстік Қазақстан облыстық бала­­лар ауруханасының нейфрология бөлі­мі­нің меңгерушісі Ольга Шумакова дәрі­гер­лер әулетінің өкілі екен. Ол кезегі кел­генде өз әулетінен шыққан дәрігер­лер­дің жалпы еңбек өтілі 450 жыл­ға жуық­тайтынын айтты. «Біздің отбасы­мыз­да 14 дәрігер бар. Арамыздан тера­пев­т, хирург, кардиохирург, нейрохирург, стоматолог шықты, 4 педиатр бар. Медицина саласы – біздің өмірлік таңдауымыз. Әулетіміз Қазақ­станда 1849 жылдан бері, яғни 168 жыл өмір сүріп келеді. Арғы атамыз Евге­ний Филиппович Данилов орыс-жапон соғы­сынан оралғанда, сөмкесінде жаудан түс­кен бірде-бір олжа болмапты. Соған әже­міз ренжігенде: «Мен өзімнің ар-намы­сым­ды әкелдім, біздің немерелеріміз де, шөбере­леріміз де солай ар-намысын сақтап өмір сүреді», деп жауап беріпті. Атамыздың осы сөзі біздің көкейімізде тұрады», деді ол. Шумаковтар әулетінің барлық мүшесі қазақ­стандық жоғары оқу орындарын­да білім алған. Бүгінде отандық медицинаның өрлей бастағанына қуанышты, еңбек ету­ге әзір. Оның айтуынша, облыстағы ба­ла­­лар ауру­ханасы еліміздегі ең жақсы ауру­­ха­налардың бірі. Туабітті жүрек ауру­лары­­­на шалдыққан балаларға опера­ция жа­сау­­ды, неврологиялық науқасы бар бала­лар үшін арнайы бөлім ашуды бірінші бо­лып қол­­ға алған. Ақ желеңді абзал жан Мем­ле­­кет басшысына ЖОО-ларда педиа­трия бөлі­мі­­н­ің қайта ашылғаны үшін алғысын білдірді. «Сіз қоғамдық сананы жаңғырту тура­лы бастама көтердіңіз. Бізге рухани ор­таны сауықтыру керек, себебі, адамзат­тың санасы «созылмалы» аурулармен ауы­рады. Әлемдік ақпараттық арналар, әлеу­­меттік желілер жеккөрушілік пен қаты­­гез­дікке толы. Экстремизм мен ради­ка­лизм «эпидемиясы» таралуда. Оның барлы­ғынан арылу үшін профилактика аздық етеді, оған хирургия керек. Сіз атап көрсеткен мәдениет пен дәстүр – рухани аурулар­дан айықтыратын басты дәрі. Біздер, дәрігер­лер қауымы, өз міндетімізді адал атқаруға дайынбыз», деп сөзін түйіндеді ол. Келесі сөз кезегі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Кимге берілді. Ол Павлодарда туып, Алматыда жоғары білім алған, бүгінде Астанада еңбек етеді. Оның волонтерлермен жұмыс жө­нін­дегі үйлестірушілер, тренерлер әзір­леу бойынша 12 жылдық еңбек өтілі бар. Ұлттық волонтерлік желі қалып­тас­тыру туралы бастаманы да өзі көтерген. «Жақыныңа, тамыр-танысыңа өтеу­сіз, ерікті түрде көмек қолын созу ерте заманнан бері халықтардың салт-дәс­түрінде болған, ол әртүрлі аталып кел­ген. Бүгінде волонтерлер еліміз үшін аса зор әрі әлеуметтік маңызы бар жұ­мыс­­тарды атқаруда. Олар жалғызбасты жан­­дар­ға, қарт­тарға, балалар үйлеріне кө­мек­теседі. Ерік­тілер су тасқынына ұшы­­­раған елді мекен­дерге көмектесуге, жоға­­лып кеткен адам­дарды іздеуге атса­лы­сады. Өткен жылы волон­тер­лік ұйым­дар 22 қалада Ұлы Отан соғысының 590 ардагеріне әлеуметтік көмек жасады. Шаруа­шылығына, үйдегі жөндеу жұмыс­тарына, дәрі-дәрмек сатып алуға, азық-түлік жеткізіп беруге және басқа да қолға­быс тигізді», деді В.Ким. Сондай-ақ, ол өзінен Қазақ­станда қанша ерікті бар деп сұрай­тындар көп екенін айтты. «Олар­ға ерікті түрде көмек көр­сету – адам­дардың жан қалауы деп жауап бере­мін. Адамдардың өздері айт­пай­тын қайы­рымдылық істерін қалай санап шығу­ға болады?! Менің ойымша, біз­дің жұмы­сы­мыз қоғамның санасын жаң­ғыртуға ықпал етеді. Адамдарды өзара көмек қолын созуға тәрбиелейді, бір-бірі­міз­ге қамқор болуға әсерін тигізеді», деді ол. Өткен жылы Мемлекет басшысы «Во­лон­терлік қызмет туралы» Заңға қол қой­ған болатын. Бұл оқиға еріктілердің жұмы­сын дамытудың жаңа парағын ашты. «Ұлт­тық волонтерлік желі» ЗТБ төр­айы­мы айтып өткендей, Қазақстанның бар­­лық өңірін­дегі 4 мыңнан астам волон­тер «Астана ЭКСПО-2017» халықара­лық көр­­ме­­сін ұйымдастыруға да сүбелі үлес қоспақ. «Атырау агроөнімдері» шаруа қожа­лығының басшысы Владимир Розметов бүгінгі қоғамымыздағы еңбек адамы үшін жасалып отырған жақсы жағдайларға кеңірек тоқталды. «Кәсібім бойынша мен – теңізшімін, алған мамандығым бойынша – мұнайшы-құрылысшымын. 9 жыл мұхиттарда жүздім, «Теңіз» кенішін игеруге атсалыстым, трест басқардым. Осыдан 17 жыл бұрын құрлыққа оралдым. Мен – шаруаның баласымын. Адам­дар маған «Өзің оқыған, жұмыс істеген Голландияға неге көшпедің?» деген сұрақ­ты жиі қояды. Мен оларға үнемі «Бізде Отанды тастап кету деген жоқ!» деп жауап беремін. Халқымыздың ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қара­шығындай сақтап келгені, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанғаны мені қатты толқытады. «Жері байдың – елі бай», дейді қазақтар. 17 жылдың ішінде Атырау даласында біз жүзімдік өсірдік, омарта шаруашылығын қолға алдық, бекіре өсірумен айналыстық, көкөніс, бақша өнімдерін өсірдік, бірнеше мал фермасын аштық»,– деді В.Розметов. Осындай үлкен шаруашылықтың жұ­мы­­сын жандандырып отырған ол өз ісін­де су үнемдейтін технология қолда­­на­­ды екен. Мәселен, 150 гектар жер­ді алып жатқан алманың 32 сұрпы бар бақ­шаны суаруға израильдік там­шы­латып суару әдісін қолданады. «Аты­рауАгро­өнімдерінің» асыл тұқымды альпі ешкі­лерінің сүті өз елімізді айтпағанда, шет ел­де де сұранысқа ие. Асыл тұқымды еділ­бай қойларының салмағы 140 килоға де­йін жетеді. Жалпы аумағы 11 гектарды алып жатқан 4 тоған­да 40 мыңнан астам бекі­ре өсірі­леді. 2015 жылы Елбасы барған кез­де шаруа­шылық басшысы Атырауда ли­мон өсіре­тінін айтып уәде берген екен. Бүгін­де сол уәдесінің үдесінен шығып, ли­мон ағаш­тарын өсіріп жатыр, алғашқы же­мі­сін алдағы жылы теруге ниеттеніп отыр. Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстанның мәдени орталығының дирек­торы Ирина Вагнер де алқалы жиынға қаты­сып, сөз сөйледі. Ол орыс, ағылшын және испан тілдерін меңгерген, «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерей­тойлық медалімен марапатталған. Росарио қаласында тұрып жатқанына 17 жыл­ға жуықтапты. «Мен туған жерім – Қазақ­станмен байланысымды ешқашан жоғалт­қан емеспін. Қазақстандық достарым маған «арғын» деп әзілдейді. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің туған жерге, мәдениетке, салт-дәстүрге патриотизм­нің маңызды бөлігі ретінде қарау туралы айт­қан сөздеріңіз маған үлкен әсер сыйла­ды. Шет елдегі қазақстандықтардың туған Отанын қолдауға деген ыстық ниеті бар деп сеніммен айта аламын. 2014 жылы осы залда отырған жолдасым Густаво Гутиер­резбен бірге Росарио қаласында Қазақ­стан­ның мәдени орталығын аштық. Ал 2015 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен орай­ластыра Орталық ғимаратының құры­лы­сын аяқтадық. Бүгінгі таңда әрбір қазақ­стан­дықтың алыстағы Аргентинаның Росарио деген қаласында үйі бар», деді И.Вагнер. Роса­рио қаласындағы Қазақстанның мәде­ни орталығы еліміздің тарихынан, мәде­ние­тінен, салт-дәстүрінен сыр шертетін түрлі жәдігерлердің көрмесін өткізетінін, халықаралық гуманитарлық жобаларға, көрмелерге қатысатынын атап өткен жөн. Қазіргі қазақ әдебиетін әлем тілдеріне тәржі­малау туралы Елбасының айтқан сөз­дерін де Орталық басшылары қуана қабыл­дапты, себебі, қазақ қаламгерлерінің испан тіліндегі шығармалары тапшы. «Мәдени орталықты салуға атсалысқан аргентикалық достарымыздың баршасы Қазақстанды одан әрі насихаттауға әзір. Мен Қазақстанның шет елдегі достарына арнап Ассамблеяның Достық елшісі құрметті атағын бекітуді ұсынамын. Олар Қазақ­станның мәдениетін насихаттаумен, инвесторлар іздеумен айналысады, өз ел­дерінде Қазақстанның туын биік ұстай­тын болады», деді И.Вагнер. Қазақ­стан­ның мәдени орталығының директоры осы мүмкіндікті пайдаланып, алқалы жиын­ға қатысушыларды және Мемлекет басшы­сын Росарио қаласындағы Орталықтың құрметті қонағы болуға шақырды. Алқалы жиында елдің алдына шығып сөз алғандардың арасында ел ішінде «Жаужүрек мың бала», «Бауыржан Момышұлы», «Анаға апарар жол» сынды көп­тің көңілінен шыққан көркем фильм­дер­дің режиссері, танымал продюсер, «SAТAIFILM» ЖШС директоры Ақан Сатаев та болды. Ол өз сөзінде осындай биік мінберден пікір білдіруіне мүмкіндік бергені үшін жиынды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Елбасына еліміздің киноиндустрия саласына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін зор ризашылығын жеткізді. «Кино – кез келген елдің мәдениеті мен өнері өркендегенінің, эконо­микалық өсуінің бірден-бір көрсет­кіші әрі ол идеологиялық құрал. Сол себеп­тен де бұл жерде кино түсіруші ав­тор­лардың мойнына зор жауапкершілік жүк­теледі. Өйткені, түрлі бағыттағы таным­дық фильмдер арқылы біз қоғамды тәр­биелейміз. Нақты мысал ретінде мен «Анаға жол» картинасын атап өткім келеді. Біз бұл туындыға 40 жылдан кейін табысқан ана мен баланың тағдырын арқау ете отырып, XX ғасырдағы қилы-қилы кезеңдерді көрсеттік. Ұжымдастыру мен аштық, соғыс пен қуғын-сүргін оқиғаларын суреттей келе, кейіпкерлеріміздің өмір жолын бейнелеп, миллиондаған көрерменнің көңіліне ой салдық», деді А.Сатаев. Айтса айтқандай-ақ, фильм таңдай қағып тамашалауға тұрарлықтай туынды бола­тын. Олай дейтін себебіміз, бұл кар­тина Халықаралық Таллин кино­фес­тивалі­нің бас жүлдесіне ие болып, Мәскеу мен Америкада, Түркия мен Италияда өт­кен әрқилы еларалық фестивальдарда мил­лион­даған көрермен назарына ұсыныл­ды. Сондай-ақ, Бішкекте өткен байқауда Орталық Азияның ең үздік фильмі деген атаққа лайық деп танылған болатын. Жиында Елбасының ерекше ықыла­сын аударып, елдің қошеметіне ие бол­ған сөйлегендердің қатарында Оксана Волкова-Михальская болды. «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің жетекшісінің ша­ғын ғана кәсібі күллі Қазақстан эконо­ми­касына үлгі болатындығын Мемлекет басшысының өзі нықтап тұрып айтты. Олай дейтін себебіміз, 12 бағыт бойынша жүзеге асырып жатқан бірлестіктің жобалары әйелдер мен аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық әлеуетін көтеруге негізделген. Әрине, өзіндік ерекшелігі сол – мұн­дағы барлық жоба су үнемдеу мен энер­го­тиім­ділік технологиясымен жүзеге асы­рыла­ды. Халықаралық донорлық қолдау бойын­ша қолға алынған жобалар бюджетті үнемдеуге де орасан зор септігін тигізуде. «Біз Астана іргесіндегі «Арнасай» жасыл технологиялар ауылында азамат­тар­ды шағын кәсіпке баули отырып, жас­тар­ды жаңашылдыққа үндеп келеміз. Аршалы ауданына қарасты ауылымызда 11 этностан құралған 1 200 адам тату-тәт­ті тұрып, мамыражай тіршілік етуде. Қай-қайсымызға болса да бұл ауыл – біз­дің алтын ұя, ғажайып Отанымыз. Себе­бі, бұл жерде біздің өмір сүруіміз үшін қажет­­­тіліктің барлығы 100 пайыз шешіл­ген. Су мен жылу және жарыққа деген тәуел­­­діліктен толықтай арылғанбыз», деді О.Волкова-Михальская. Өз кезегінде мұндай жарқын жобалар­дан бәріміз де үлгі алып, қажет болса, жер-жерде оның қолданыс аясын кеңейту керектігін айтқан Мемлекет басшысы «Арнасай» ауылындағы «жасыл» техноло­гияларға өте жоғары бағасын берді. Өйт­кені, баяндамашының айтуынша, Арна­сай ауылындағы орта мектеп 35 экология­лық инновациялық жобаны жүзеге асыру ар­қылы 3 млн теңге бюджет қара­жа­тын үнем­деген. Сонымен қатар, Жасыл тех­ноло­гиялар орталығында жыл сайын рес­пуб­лика бойынша 5 мыңнан астам аза­мат­ты оқытып, үйретуге мүмкіндік бар. Ал енді алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында аталған орталықта халықаралық «EXPO-CAMP» жастар лагерін ашқалы отырған көрінеді. «Осы жасап жатқан жоспар, жұмысы­мыздың барлығы да Елбасымыздың ай­қын бағыт, нақты тапсырмаларының нәти­­­жесінде жүзеге асырылып отыр. Өйт­­­кені, Президентіміз жақында ғана жа­рия­­­лаған «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­­ғыру» мақаласы – біздің ұзақ мер­зім­­­ді стра­тегиялық мәні зор басым бағы­ты­­мыз болып табылады. Сондықтан да, жар­­қын болашаққа жетелейтін бағыт-бағ­­дар көрсетіп отырғаныңыз үшін Сізге алғы­­сымыз шексіз», – деді О.Волкова-Михаль­ская ел Президентіне қарап. Қазақстан халқы Ассамблеясы – халықтар татулығын үлгі етіп, ұлықтап қана қоймайды. Бұл ұйым ұлттарды ұйым­­шылдыққа, қалың бұқараны тату­лық­қа шақыра отырып, бірге өсіп-өркен­деу­ге үндейді. Осындай жолмен эко­но­ми­калық әлеуетті жақсартуға жөн сіл­тейді. Оның ұшар басында, әрине, Мем­лекет басшысы тұрғаны белгілі. Ол өзі­нің бәсекеге қабілеттілігімен-ақ көпке үлгі. Тіпті, жаһандық қатаң бәсекеде жина­ған зор абырой, беделімен әлемдік дең­гейде өзін сөзсіз мойындатты. Мінберге шы­ғып осындай ой айтып, пікір білдірген аза­мат­тардың бірі Вячеслав Попов болды. Балалық шағының басым бөлігі интер­нат үйінде өткен бұл жігіттің ұлты орыс бола тұра, қазақ тілін үйренуге деген ерекше ықыласымен ел ішінде абы­ройы асқақтаған. Біршама уақыт бұрын әлеуметтік желі арқылы Қазақстанда тұрып, осы елдің дәм-тұзын татып жүрген­діктен, «Осы жерде кіндік қанымыз там­ған­­дықтан, қазақ тілін ана тіліндей үй­рену­ге міндеттіміз» деп ұран тастағаны елдің есінде. «Біздің негізгі мақсатымыз – үш тілде еркін сөйлейтін менеджерлерді дайындап шығару. Тіл білу – сенімділікті серік етіп, жетістіктерге жетелейді. Әсі­ресе, қазақ тілі. Сондықтан да мен біршама уақыт бұрын жауапкершілігі зор шешім қабылдап, әлеуметтік желі арқылы алты ай ішінде қазақ тілін толық меңгеріп шығамын деп жария салдым. Мен үшін осы мақсатқа жету үлкен олжа, мол табыс болмақ. Ендеше, мен алты айда қазақ тілін үйреніп шығамын. Айтқаным – айтқан! Артқа жол жоқ! Өйткені, менің осындай мәлімдемемді оқып, қолдап, қуаттаған, тілеулестік білдірген жандар саны бүгін­де 2 миллионнан да асып түсті», деді В.Попов. Республикамыздың алыс өңірлері мен ауыл, аймақтарынан келген делегаттар бас қосқан жиында Ассамблеяның жаңа толқынымыз деп сөз сөйлеп, осы күнгі өмір жолын өзгеге өнеге еткісі келген жас­­тар қауымы да болды. Соның бірі түп ата­лары ирандық болғанымен, өзі Оң­түс­тік Қазақстан облысында туған, б­ү­гін­­де Солтүстік Қазақстан облыстық Кә­сі­­­би-педагогикалық колледжінде білім алып жүрген студент Саида Бекбуди еді. Ол өзін таныстыра келе, «Серпін» бағ­дар­ламасының қатысушысы ретінде аталған оқу орнында «Электрик» маман­дығын мең­геріп жүргендігін атап өт­ті. Оқуға озат­тығымен және белсен­ді әре­кеті­мен Қазақ­стан халқы Ассамблея­сының осы өңірдегі жастар қанатының құрамына қабылданған. «Жастарды индустрияға бастаған «Серпін-2050» бағдарламасы – оңтүстік пен солтүстікті жалғаған ұлы көш. «Сер­пін» бағдарламасы – халқы қалың, жұмыс орны тапшы облыстардың жас­тары үшін үлкен мүмкіндік. Бүгінде бұл бағ­дарлама бойынша солтүстік және орта­лық аймақтардың 22 университеті мен 54 колледжінде, 5 облыстан 13 этностың өкілі, 12 мыңға жуық жас білім алып жатыр. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясын­да, Қазақ елінің екі басын жалғаған, «Қызыл­орда – Петропавл» бағытында жүре­тін пойыз жолға шықты. Тұрғындар оны «Құда-құдағи пойызы» деп атап кет­келі қашан?! Өйткені, «серпіндік» жігіт­тер сол­түстіктің қыздарына құда түссе, ал қы­з­дарымыз – солтүстіктегі жігіт­тер­дің арма­нына айналды. Бас қосқан бір­неше жұп тағы бар. Бұл жағынан да еліміз­д­ің бір­лі­гі нығайып жатыр», деп сөзін әде­мі әзіл­мен жұптаған Саида Рустамқызы бағ­­дар­­­ла­мамен келген алғашқы кездері аз­дап қиын­­дыққа кезіккенін де жасырып қалмады. «Бастапқыда сәл қиын болды. Солтүс­тіктің қысы қатал екен. Бірақ, бізді білім алу жолындағы жастық жалынымыз жылыт­ты. Білген орысшамыз кейде жет­­пей жатты. Алайда, серпіндіктер – жаңа жағ­дайларға тез бейімделгіш зерек жас­тар болғандықтан, біз орыс тілін де мең­гердік. Ағылшын тілін де меңгеріп жатыр­мыз. Ал жергілікті жастарды қазақ тілі­не үйретудеміз. Осылайша, біз, үш тілді жетік меңгергендердің қатарын толық­тырып келеміз», деді ол. Осылайша, ел мен Елбасының алғысын арқалаған ару өз ойын биылғы жылы іске қосылған «Нәти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамыту» бағдарламасына қатыс­ты да пікірімен аяқтады. «Бұл – 21 мыңнан астам жастың тегін кәсіби-техникалық білім алуына мүм­кіндік беретін бағдарлама. Біз, Ассамб­леяның жаңа толқынымыз. Елбасы жария­лаған рухани жаңғыру бағдарламасы – ол біздің, ХХІ ғасыр жастарының бағдар­ламасы. Оны іске асыратын да біз. Сон­дық­тан біз Қазақстанды жаңартатын, қана­тын кеңейтетін, жетістігін еселейтін, бірлік­ті нығайтатын – алып күш болатын­дығы­мыз­ға сенімдіміз», деп түйген Саида Рус­там­қызы­ның сөзіне көрермен қызу қол соқты. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқалы кеңес мейлінше еркін пішімде өрбіді. Әсіресе, мінберге шыққан сөз сөй­леу­шілер мен Елбасы арасында өр­бі­ген әңгіме, үнқатысулар жиынның шырайын аша түсті. Мұндай жағдай көрермендер арасынан сөз сөйлеуге сұранғандардың көптігінен де байқалды. Қалың бұқараның қалауымен кезектен тыс мінбер ұсынылғанда, сөз сөйлегендер қатарында өз басынан өткізген тағдыр-талайы өзгеге сабақ болса екен деген төрт баланың анасы да болды. Бүгінде Әсел Базарбаева еліміздегі бақытты аналардың қатарында. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа кезінде дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде қалай кеткенін айтып, қоғамды одан сақтаудың жай-жапсарын баяндады. «Қазір сол кезді еске алсам, жаным түршігеді. Дін арқылы ондай манипуляцияны жасауға болатынын ойлаған да жоқпын. Мен адамның ойына кірмейтін нәрседен өттім. Кемсіту, жәбірлеу, моральдық тұрғыда қысым көрсету – бәрі-бәрі болды. Алайда, мен үшін ең асыл адамдар – ата-анаңнан бас тартуың керек деп айтқанда, ол сенімнің діні емес екенін түсіндім. Сол тығырықтан шығуға батылым жетті», деді Ә.Базарбаева. Оның айтуынша, қазіргі кезде діни экстремизмнің құрбанына айналған азаматтарға көмек көрсетіп отырған жөн. «Бүгінде мен осы жұмыспен де айналысамын. Деструктивті идеялардан зардап шеккен әйелдерге моральдық жағынан көмек көрсетемін. Ондай адамдар аз емес. Мен діни ағымдардың жетегінде кеткен жүздеген адамды білемін. Алайда, олардың бірен-сараны ғана сол тығырықтан шығуға ниет білдіреді. Бізде «әрбір қазақ – менің жалғызым» деген сөз бар. Оларға да жалғызым деп қарайық. Ортамызға қайтуына көмектесейік. Ол үшін арнайы оңалту орталықтарын көптеп ашу қажет», деп атап өтті Ә.Базарбаева. Өз кезегінде мұндай ойды құп көретін­дігін білдірген Президент бұл бастаманы бірден қолдады. «Ондай орталықтар көп болуы керек. Әр өңірде қолдау қажет. Әкімдер, министрліктер өз көмектерін беруі тиіс», деді Н.Назарбаев. Елбасы, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің сөздерінде көптеген мәнді мәселелер көтерілгеніне тоқталып, БАҚ өкілдеріне оны терең талдау жөнінде ұсыныс айтты. Сессия барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚХА мүшесі, Ақтөбе облыс­тық Қоғамдық келісім кеңесінің төр­ағасы Сергей Вишнякты және ҚХА Кеңе­сі­нің мүшесі, «Әзербайжандықтар қауым­­дас­тығы» Республикалық қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы Абилфас Хамедовті Ассам­­блея Төрағасының орынбасарлары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды. XXV сессияның қорытындысында Ассамблея қоғамдық сананың жаңғыруы заңды болып табылатыны және объективті түрде қажет екендігі, Қазақстанның бүкіл даму стратегиясына тұтастық беретіні атап көрсетілген Үндеу қабылдады. Сессияны қорытындылаған Мемлекет басшысы қазақстандықтарды алда келе жатқан 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, бейбіт өмір, игілік пен бақ-береке тіледі. Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблея­сының XXV сессиясы өз жұмы­сын аяқтады. Алқалы жиын мерекелік концертке ұласты. Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім­ді ны­ғай­тудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін одан әрі көтеру мақсатында өткізіл­ген бұл концерт «Отанға тағзым» тақы­ры­бында ұйымдастырылды. Оны Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұртшы­лықпен бірге тамашалады.

Қатысушылар лебізі Асылы ОСМАН, Алматы облысы Әзербайжан этномәдени бірлестігінің жетек­шісі: – Елбасы­ның «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дар­лама­сының ма­­ңызы өте зор. Рухани құн­дылықтар әрбір адам­ның жүре­гі­нен орын алады. Осы уақытқа дейін еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелері өзінің жөніне келіп, Құдайға шүкір, іске асып жатты. Ал енді тарихы шалқар, даласы дастан, рухани қуаты күшті қазақ халқының тамырына терең бойлау керек екендігін Елбасы бағдарламалық мақаласында тамаша талдап берген. Сол мақаладағы талаптарды ел болып, жұрт болып жүзеге асыра білуіміз керек. Тұтас ұлт болу үшін, әсіресе, сананы қалыптастыру керек. Ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қою керек. Қазақ баяғыда былай деп айтқан: «Қора толы қой бер, бесік толы бала бер, ол балаға сана бер, сана бермесең ала бер». Сондықтан сана – адам қоғамында ең жоғары тұратын сезім. Президенттің мақаласынан кейін Қазақстандағы үлкен-кішінің бәрі істеген ісінде сананы бәрінен де жоғары қоятыны анық. Маған мақаладағы «Туған жер» жобасы қатты ұнады. Бұл өте ғажап идея екен. Ол – адамның елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін іске асыруды талап еткен идея. Бүгінгі таңда туған жеріне саусағының ұшын тигізіп жақсылық жасамайтын бай-манаптар толып жатыр. Оларда мұндай түсінік те жоқ. Тек қарындары тоқ, қалталары қалың болса – соған мәз. Ал сол байлық туған жердің қойнынан табылғанын, оны өзінің туған-туыстары игеріп, қалтасына салып бергенін ойлауға санасы жетпейді. Елбасының мақаласы осындай бітеу жандардың жүрегін жібітер деген үміттемін.

Айваз ОСМАНОВ, Жамбыл облысы Меркі аудандық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы: – Қазақстан халқы Ассамб­леясының мерекелік алқалы жиыны – XXV сессиясына қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Ел бірлігін ту еткен, халықтың тыныштығын күйт­теген, Елбасымыздың өзі бас­қа­ратын бұл инс­­титуттың не­­гіз­гі жиы­нын көз­бен көріп, он­дағы айтылған мәселелерді кө­ңіл­ге тоқу­дың өзі бір мәр­­тебе емес пе. Қазіргі таң­­да Қа­зақ­стан­ның же­тістік­тері кө­­­ңіл тол­қыт­­пай қой­­май­ды. Қо­ға­­мы­мыз­да­ғы қай саланы алып қарасаңыз өсіп, өркендеу үс­тін­де. Мұның бар­лығы Мем­ле­кет басшы­сын­ың жүр­­гізіп отыр­ған сая­­сатының арқасы. Қарапайым халыққа, ең бастысы, тыныштық, бейбіт өмір керек. Ал осы тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жолында атқарылған әрбір іс, қабылданған шешім халық үшін өте маңызды. Осы орайда, елі­мізде көптеген шаралар жүзеге асы­ры­луда. Мұның барлығы ел-жұрты­мыздың игілігіне айналып отыр. Бүгінде әлемнің кейбір нүкте­лерінде небір жанжалдар, қанқұйлы оқиғалар орын алуда. Соларға қарап отырып, бүгінгі тіршілігімізге шүкір­шілік айта білуіміз керек. Сон­дықтан, еліміздің қазіргі әрбір қадамына құт-береке тілеп қана қоймай, Елбасының ұстанған сарабдал саясатының қадірін білгеніміз абзал.

Белла ГАЗДИЕВА, Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылдық округінің әкімі: – Еліміздің ын­тымағын тіле­­ген отан­дас­­тарым үшін Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сының бүгінгі сес­сиясы үлкен мереке. Құтты меке­ні­міз – Қазақ­станымызды гүлдендіруде, дамытуда, ішкі бірлігімізді сақтауда өзіндік орны бар Ассамблеяның бұл сессиясында көптеген мәселелер айтылды. Оның барлығы елімізді рухани жаңғыртуға шақырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында атап көр­сетілген маңызды мәселелермен үндес­тік тапты деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда біздің ел бірлігін сақтау, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибемізге әлем халқы қызыға қарайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, әлеуетін көрген кейбір мемлекеттер өздерінде осындай институттар құруда. Бүгінде Қазақстанда қолға алынған игі бастамалардың нәтижесінде ең өзекті мәселелер санатына жататын халық достығы нығайып келеді. Еліміздің ынтымақ, бірлігі жарасқан қуатты мемлекетке айналғанына талай­лар көз жеткізді. Бұл ел Прези­денті­нің сара саясатының жемісі екені сөзсіз.

Даныш МАННАТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық «Өзбек» этномәдени бірлестігінің төрағасы: – Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақыл сөз бар. Өн бо­йы­на қаншама ма­­ғына сыйып тұрған осы бір ауыз сөздің іш­кі мәніне үңіл­ген халықты тек жақсылық күтеді. Қазақстан халқы бүгінгі жетіс­тік­терімізге ынтымағымыз бен бір­лігіміздің арқасында қол жеткі­зіп отырғанын терең түсінеді. Бұл түсі­ніктің қоғамымызда берік қалып­тасуы баршамызды қуантуы тиіс. Бүгінгі Қазақстан халқы Ассам­блеясының мерейтойлық сессия­сында Елбасы ел алдында тұрған ауқымды міндеттерді тағы бір рет нақтылап, бағыт-бағдарымызды айқындай түсті. Жалпы, Ассамблеяның қоғамы­мыздағы рөлі жыл сайын артып келеді. Оның әрбір сессиясында ай­тыл­ған мәселелер халықтың көңі­лін­ен шығып жүргеніне өзіміз куәміз. Әсіресе, қарапайым еңбек адамын көтермелеу, жастарды қолдау, қоғамды жаңғырту бағытында ай­тылған мәселелер жанымызға жылы тиіп жататыны бар. Бүгінгі сессияда да ел игілігіне қажетті небір мәселелер қозғалды. Мұның барлығы дәл осы Ассамблеяның сессиясында айтылуының өзіндік мәні бар.

Сабри АСАНОВ, Жамбыл облысындағы «Күрд» этномәдени бірлестігінің мүшесі: – Еліміздегі берекелі іс­тер көңіл мар­қайт­пай қой­май­­ды. Әрине, осы­­нау жақ­сы­­­­лық­тар­­дың бар­­­лығы оңай жол­мен келіп жат­қан жоқ. Тәуелсіздік жыл­дарында хал­қы­­мыздың үй­ренгені, көңіліне түйгені көп болды. Әсіресе, ел мүддесі үшін бірлесе қимылдау әдетімізге айна­лып келеді. Мұның жарқын мысалы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңына топтасып, жұмыла тірлік жасап жатқан отандас­тарымның іс-әрекетін айтуға әбден болады. Бүгінгі сессияда Елбасы еліміздің болашағына, бүгінгі тіршілігімізге қатысты көптеген ой-толғамдарын әсерлі сөзімен жеткізе білді. Прези­денттің әрбір сөзі жиналған қауы­м­ның жан-дүниесіне жағымды тигені анық. Өйткені, еліміздің қамын, ұрпағымыздың болашағын ойлап айтылған сөздің өзіндік қасиеті болады. Халқымызға бейбіт аспан, тыныштықты өмір керек. Осы қажеттілік біздің қолымызда бар. Енді бұл берекелі өміріміздің шырқын бұзбай, тұрақтылығымыз бен ынтымағымызды ұстап тұру аса маңызды. Сондықтан, Елбасы ұстанған саясатты жан жүрегімізбен қолдағанымыз абзал. Ал бірлік бар жерде береке де болатыны айтпаса да түсінікті.

Ахмет МҰРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Біз Ел­басы­мыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың таяуда ғана жа­риялаған «Бо­ла­шаққа бағ­дар: руха­ни жаң­ғыру» ат­­ты мақаласын­­да көр­­­сет­­кен ба­ғыт­тар бойынша ұлтара­лық та­ту­­лықты сақтау мақсатындағы жұ­мыстарымызды жалғастыру үстіндеміз. Айталық, күні кеше ғана біздер «Вайнах» ұйымының барлық өңірлердегі өкілдерімен арнайы бас қосып, жұмыс-жоспарларымызды тағы да бір пысықтап, нақты­лап алдық. Бұл біздің Мемлекет ба­с­шы­сының бастамасын толық қол­дайтындығымызды білдіреді және алдағы әрбір әрекетіміз бен атқарар шаруаларымызды өзара ақылдаса отырып, жүйелі жүргізетіндігімізден хабар береді. Осындай амал-әрекеттерімізбен біз өзімізді Қазақстанның бір бөлшегі, осы ел мен жердегі мақсат-мүддесі бір халықтардың бірі екендігімізді паш еткіміз келеді. Сондықтан да еліміздегі әрбір этнос пен өзге ұлт өкілдері өздерін жатсынбай, біздің мемлекетімізде ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, өмір сүріп жатқанына дән риза деген ойдамын. Әрине, осындай бейбіт­ші­лік­сүйгіш ел мен мамыражай тір­шілікке себепкер болып жүр­ген Президентімізге қай кезде де зор сенім артып, үнемі қолдау білдіреміз.
https://egemen.kz/article/birlik-quaty

Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы экономикалық өрлеу мен конституциялық реформа бағыттарын айқындаумен бірге, ұлттық сананы сапаландырудың негіздері мен ұстындарын жүйелі атап көрсетті.



Қазіргі күрделі заманда дүниенің әр бұрышында жантүршігерлік оқиға­лар белең алып, жалпыадамзаттық құн­дылықтардың қадірі қашып, гуманизм көмескіленген кезеңде, азамат­тары­мыздың санасын жаһанданудың жағым­сыз үрдістерінен сақтау − маңызды міндет. Осындай сын сағатта Елбасы жамандық атаулыдан сақтандыратын елдік және ұлттық негіздерді ұсынып, көптің көкейіндегісін дөп басты. Сын-қатерлер кезеңінде тығырықтан шығар ой-пайымды естіген жұртшылық еңсесін тіктеп, аталы сөзге ұйып, осыған байланысты көзқарас-пікірлерін бұқара­лық ақпарат құралдары жүзінде және әлеуметтік желілерде шынайы білдіріп жатыр. Талай қиындықты еңсеріп, тәуелсіз­діктің ширек ғасырын табан ақы, маңдай термен жүріп өткен еліміздің сана­сы өсті, сапасы артты. Ешкімге есесін жібермейтін оразды мемлекетке айнал­дық. «Есті кісіге ақыл айтпа, жөнін айт» даналығын басшылыққа алған Елбасы туған халқына тағы да жөнін айтты, өз жолымызды – рухани жаңарудағы Қазақстан жолын көрсетіп берді. Тарихтан сабақ алмаса, өткенге баға бере отырып, өзгермесе сана сапаланбайды. Елбасы әз-Тәуелсіздікке қол жет­кізген арайлы күндерден бері осыны айтып келеді. Соның ішінде «Дауыл­дармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық­пыз» деген бір ғана тезисінен на­мыс­­ты да, шерді де, толғамды да, тоқ­там­ды да аң­ғаруға болады. Рухани бетбұрыс жылдың сәуірін тәуір еткен тұжырымдамалы еңбектегі Елбасының ХХ ғасырдағы төңкерістерге тоқталып, салдарын жіліктеп бергені де әр азаматқа ой салғаны сөзсіз. Мәселен, қоғамдық формациялардың сырттан таңылуы, түрлі үдерістердің дамуды шідерлеуі қоғамның ой-өрісін тоқыратты, халықтың өсімін тоқтатты, ұлттық код – тілінен, дәстүрінен, мәдениетінен айы­ра жаздады. Өмір сүру дағдысынан жаңыл­дырды. Экологиялық қасіреттердің теп­кінімен ғасырлар бойы мекендеген ата қонысынан бездірілді. Осының бәрі ұлт санасына салмақ салды. Дүниені астан-кестен етіп, бәрін әп-сәтте өзгерте саламыз деушілер әлі де бар. Президент мақаласында популизм­нің де түрлерін тарқатып айтып берді. Бөтен пиғылдың салқынынан сақ болу үшін ұлтымыздың ұстамдылығы мен сабырлылығын еске салды. Естияр адам «өзгені емес, өзіңді түзе» деген сөзді әуелі ата-анасынан, өсе келе ұстаздарынан естіген болар. Оны айтудың да сан түрі бар. Аялап, іш тарта, абайлап, ескертіп немесе қорқытып-үркі­тіп, зекіп, қорлап жеткізу деген сияқ­ты. Әлемдік деңгейдегі қаламгер А.П.Чеховтың жазуына қарағанда, «иә», яки «жоқ» деген сөздің өзін елу түрлі етіп айтуға болады екен. Қоғамға ой салған мақаланы оқыған әрбір азамат «елдің ертеңі үшін ғана емес, жеке басың мен ұрпағың үшін өзіңді түзе!» деген Елбасы даналығын ұғады. Елбасымыз осы жанашыр пайымын халыққа, әрбір азаматқа зор сенім артып, жауапкершілікпен жеткізіп отыр. Жалпы, Елбасы мақаласында сананы өзгерту – саяси реформа мен эконо­микалық жаңғыртудан да ауқымды, іргелі іс екендігі байыпталған. Бұл жерде дәйек те, дерек те, дәлел де жеткілік­ті. «Уәжге түйе де шөгеді» демекші, ай­тыл­ған ойлардың маңызына «қит етсе қисая кететіндердің» де, ұсақ-түйекке үйір­лердің де көзі жеткендей. Шындығында, сананы жаңарту – ұлттың сапасын көтеру деген сөз. Оның негізгі қағидаты – өзгені емес, өзіңді түзеу. Әдепсіздіктен, көзбояушылықтан, құлдық психологиядан құтылу. Адамгершілік қасиеттерді, имани құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Ұлтына, дініне қарамай, қауым ішіндегі отандастарымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу. Бойға сіңген таптаурын әдеттен арылу жайы. «Жақсыдан үйрен, жаман­нан жирен» деген нақылды бала күннен айтудайын айтып келеміз, іс жүзіне келгенде қандаймыз? «Уайымсыз салғырт­тық деген нәрсе бар, ол Алланың, халық­тың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бірі бар жерде бірі болмайды», дейді Абай. Заманында бұл сөз ата-бабаларымызды серпілту үшін айтылғаны даусыз. Тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түр­ге атүсті қарамау туралы. «Уық­ты басқұр ұстайды, елді дәстүр ұстайды» деген мақал бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы келеңсіздіктерге жалпыға бірдей заңнан өзге нені қарсы қоюға болар еді? Әрине, ғасырлар сынынан өткен, уақыт тезінде сұрыпталған әдет-ғұрып, дәстүрлерді сақтай отырып, көп мәселені шешуге болатыны – атқан таңдай ақиқат. Тал бесіктен жер бесікке дейін салт-дәстүрін сақтап, осыны ұрпағына жүйелі аманаттаған жұрттың адаспайтыны анық. Бүгінде халқымызға ауадай қажет прагматизмді, ұлттық бірегейлікті, бәсе­кеге қабілетті білімді, сергек сананы, зерек зердені жаңа заманның жасампаз дәстүріне балар едік. Мәселен, мақалада сөз етілген эколо­гиялық өмір салтын алайық. «Жай жатқан жер жау шақырады» деген сөз бар. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз − оны жетімсіретіп, құнарын тауысу деген сөз емес, қайта оның тиімділігін арттырып, оңтайлы игеру. Қолдан келгенше суландырып-нуландыру, көгерту, құрылыс салғанда әрбір шаршы метріне үнеммен, жанашырлықпен қарау, ғылыми жетістіктерді қолдану. Күтіммен қарап, қадірлеген адам ғана Жер-Ананың мейі­ріміне бөленіп, берекеге кенеледі. Жердің қасиетін кетіру, тау-тасты қопару, өзен-суларды ластау, орта мен айналаны қоқысқа толтыру көз үйренген, қалыпты жағдайға айналғандай. Түптеп келгенде, бұл адамзатқа, ғаламға ор қазумен бір есеп емес пе? Қоршаған орта тазалығын сақтауға келгенде, ата-бабамыздың өнегесі тағы­лымды-ақ. Шыбын-шіркей ілес­пеуі үшін мінген атын үй жанына байламайтыны, оттың күлін соңынан жерге көміп кете­тіні, қора-қопсыны әрқашан таза ұстай­тыны – саламаттылықтың әліппесі еді. Дүниеде барлық жан-жануардың, мал-мүкаммалдың иесі де бар, киесі де бар. «Судың да сұрауы бар». Ендеше, Жарат­қан үйлесіміндегі құбылыс арқауын бұзу мен бүлдіру – айналып келгенде, ең бірінші, адам баласының өзіне қауіпті. Ұлт дәстүрінде бұл жағы да шегеленіп парықталған. Елбасы көрсеткен тағы бір анық – «болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалатыны» туралы. «Құбылған әлем жарысы – Ақылды жанның табысы», − деп Шәкәрім ақын жырлағандай, бәсеке – бүгінгі заманның әрі тынысы, әрі жұмысы. Замана көшінің алдыңғы легіндегі озық технологияны үйрену, нарықтың сұранысына сай білім алу – жастардың жасампаздық мүмкіндігі. Шын ілім, нағыз білім адамдарды биік із­гілікке үйретеді. Ізгілік – бақуатты өмір­дің бастауы, ұлттық сананың кемелденуі. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, т.б. пәндер бо­йынша заманауи білімге мол мүмкіндік туғызу мақсатында жоғары оқу орындарына қажетті «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынатын болды. Елбасы мұның мақсатын да таратып айтты: «Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Содан соң, бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, бұлар – ашық-жарқындық, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаттарын қо­ғам­да ор­нықтыратын бас­ты күшке айналады». Істің көзін табу – мәселені шешудің алғышарты. Ұлт даналығы «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ» дейді. Егер ғылым мен білім кілті – оқулық болса, неге әлем мойын­даған классикалық оқулықтарды аудармасқа? Елбасы мәселеге осы тұрғы­дан қарап, мүмкіндіктерді еселей түсетін Ұлттық аударма бюросын құру жөнінде тапсырма берді. Бұл – орайлы бастама және қайтарымы мол ізашар іс. Осы орайда шет елде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандар мен білікті аудармашылар күш біріктіріп жатса, нұр үстіне нұр. Реті келгенде айтайық, елімізде ғылы­ми және практикалық аударма ісі сала­сына кешенді көзқарас қажет. Тәуел­сіз­дік жылдары жоғары оқу орындарын бітірген аудармашы мамандар сапасы қандай деңгейде? Жалпы, бізде қанша кәсіби аудармашы бар? Қазақ классикалық дүниелерін қанша елдің тіліне аудара алдық? Аударма қаламақысы мен ынталандыруы сын көтере ме? Бұл сұрақтарға жауап іздейтін мезгіл әлдеқашан жетті. Мемлекет басшысы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшудің, оны жүзеге асырудың алгоритмін нақты баяндаған. Бұл басқа мемлекеттер тәжірибесінен сабақ алуға мүмкіндік береді. Шынтуай­тында, бұл шара − елімізде 1929-1940 жылдары ресми қолданыста болған латын әліпбиіне қайта оралу. Латын әліпбиі – қазіргі технологияның әліпбиі. Дәл бүгінгі күнде ол қаріптер осы заманның құралы – смартфондар мен гаджеттер арқылы үлкенге де, кішіге де етене таныс. Нұрсұлтан Әбішұлының отаншылдық бағытта «Туған жер» бағдарламасын ұсынуын – «Мәңгілік Ел» мұратының құрамдас бөлігі деп қабылдаймыз. Бұл бағдарлама туған жеріне қолұшын беруге бейіл, жомарт азаматтарды ынталандыруы тиіс. Кезінде білім іздеп немесе басқа да себеппен қалаға кеткен немесе шет елге қоныс аударған жерлестерін мейірімді ауыл сағына күтеді. Туған жер әркімге де ыстық. Бұл жерде мәселе тек материалдық игілікте десек, қателесеміз. Ғалым дәрісі, маман кеңесі, тәжірибе жолы ауыл мен қала арасын жақындатып, туған жердің қадірін арттырады. Мұның да арғы жағында ұлттық код – дәстүр тағылымы тұр. Ауылды айтқанда, етекті жасқа толтырмай, нақты іспен айналысу, қарлы­ғаш­тың қанатымен су сепкендей көмек көрсету – азаматтық борыш. Қасиетті жерлер мен киелі мекендерді сақтауға және туризм инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретін «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» жобасының берері мол. Түптеп келгенде, бұл жоба ұлттық тұтастыққа, ел бірлігін арттыруға қызмет етеді. Біріншіден, тарихи, танымдық орындармен танысу – Отан танымалдығын арттырады. Бұл ретте зиярат етушілерге қолайлы жағдай туғызу, жол-көлік бағыт­тарын жетілдіру – нарық жағдайында қайтарымы мол жұмыс. Екіншіден, осы орайдағы шаралар кешені еліміз бен елдігімізге жат идео­логия элементтерін тыяды. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, олар − «символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы». Әлем картасында ешкімге ұқсамайтын дербес ұлттық болмысымызды көрсететін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндеті қойылды. Биыл қандай жетістіктерді көрсететініміз айқындалатын болады. Осы тізімге Елбасы негізін қалаған бірлік пен татулықтың қазақстандық үлгісін айшықтаған өнер туындылары әлемдік өркениетке, үйлесімге қосылған үлес ретінде енетініне сенімдіміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы сол бағыттағы туындыларды іріктеуге, авторларын замана мақтанышы ретінде насихаттауға атсалысады. Түптеп келгенде, рухани жаңғыруды жүзеге асыратын «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегіне айрандай ұйыған сан алуан этнос өкілі екені сөзсіз. «Қазақстандағы 100 жаңа есімді» анықтау мен ұлықтау – барша отандастарымыздың асыл борышы. Рухани жаңғыру негіздерін баяндаған бағдарламалық мақаласында Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел алдына, сондай-ақ, Ассамблея алдына да, ауқымды және өзекті міндеттер қойып отыр. Біз барша азаматтарымызды осыны жауапкершілікпен іске асыруға шақырамыз. Бірлік қуаты – елдік қуаты, елдің қуаты. Елбасының «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» деп тәуелсіздіктің елең-алаңында айтқан темірқазық сөзін ұмытпалық. Ассамблеяның мыңдаған белсенді мүшесі қоғамда жасампаздық рухтың орнығуына аянбай үлес қосып келеді. Түрлі деңгейдегі ассамблеялар­да, этно­мәдени бірлестіктерде, қоғам­дық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінде, медиа­ция орталықтары мен ҚХА-мен ықпалдас құрылымдарда жұмыс істей­тін мемлекетшіл, отаншыл азаматтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ең­бе­гін терең түсіністікпен, адами қасиет­пен, кәсіби бағдармен қабылдады деп санаймыз. Ассамблея және этномәдени бірлес­тіктер мүшелері Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласының түйінімен үйлесетін халқымыздың «Бірлік бар жерде тірілік бар» даналығына иек арта отырып, бүгінгі күн міндеттері мен жаңа дәуір талаптарын жүзеге асыруға жұмылары сөзсіз.

Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
print pdf -> Астана 2016 Ассамблея народа Казахстана дайджест по информационному обеспечению деятельности ассамблеи народа казахстана и XXIV сессии анк
print pdf -> Ұлт рухының тірегі
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми расширенного заседания Совета Ассамблеи народа Казахстана
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> 9 декабря 2016 года астана 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет