Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.
Ойынның құрал жабдықтары: сабын көпіршіктері.
Ойын барысы: тәрбиешә балаларға сабын көбіктерін таратып береді. Ойынға
4-5 бала қатысады.модан балалар дұрыс тыныс алып көбіктер шығаруы керек. Ойын осылай жалғасады.
6.«Құс мамығын үрле»
Мақсаты: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: құс мамығы.
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.
7.«Шар жарылды»
Мақсаты: Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.
Ойын барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:
Көпіре гөр көбік шар,
Көпіре бер кеңіп-шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өленді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші «шар жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.