қайсысы жанады, қайсысы сөнетін ажыратып көріңіз. Электр сызбасымен жұмыс істеу тәртібі. Электр сызбалар радио детальдердің бір – бірімен қалай байланысатынын көрсетеді Детальдердің байланысы қосылыстар арқылы орнатылады. Қосылыстар тізбектей, параллель болуы мүмкін. Қосылыстар арасындағы электр өткізгішке жанынан басқа электр өткізгіш түйісуі мүмкін, оны «қосылыс» дейміз. Электр өткізгіштер деп электр тоғын жақсы өткізетін заттарды айтамыз. Ондай заттар қорғанысы бар «электр сымы» ретінде жиі кездесеміз. Радио детальдер шартты түрде белгіленеді: а) тұрақты электр тоғының көзі; ә) диод; б) қыздыру қылы бар лампа.