Дайындаған: Каракулова С.А.
Күні :04.05.2017ж
Сабақтың мақсаты:
9-мамыр жеңіс күніне орай ұйымдастырылып отырған отты жылдары қан майданда от кешкен, есімдері мәңгі ұрпақ есінде сақталуы жайында толық мағлұмат беру. Ұлы жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға, нығайтуға, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін, арттырып патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қаза болған батырлардың ерлігін, ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу.
2. Оқушыларды сонау сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен, батырларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Қазақстандық батырлардың суреттері. Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.
Формасы :Әдеби музыкалық монтаж
Сабақтың барысы
Мұғалім. Құрметті қонақтар!
Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды.
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын.
Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелең ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.
Қанағат:
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақты дәстүрдіңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі «Ұлы жеңіс» мерекесіне орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Арайлым: Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңіс күніне арналады
Қанағат: Фашистер күшті Армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында, соғыс ашты. Фашистер күзге дейін - ақ Кеңес Одағын жеңеміз деп даурықты. Фашистерге қарсы
бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін» «Бәрі де жеңіс үшін» деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел қолдады. Дәл осы кезде «Отан ана шақырады»деген ұранмен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1200000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Неміс – фашист армиясының түпкі мақсаты Москваны басып алу еді.
Арайлым: «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.
Қанағат: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Арайлым:Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Келесі кезекте батырлар туралы оқушыларымыздың дайындаған мәтіндері мен өлеңдерін тамашалаңыздар.
Амина: Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Лаура. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Гауһар. Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде « Батыр» деп жазып кетті.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Нұрас. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі - қазақстандықтар еді. 1945 жылдың 9-мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге – сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан, ата-бабамыз!
Бибайша. Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қанағат: Бауыржан Момышұлы (1910-1982)-жазушы,қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері,гвардия полковнигі.1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.
Қазағым үшін,Отаным үшін толғанам,
Жас ұланның ұланы біз боламыз,дей келе ұлдардың орындауында Хор «Ұландар»
Құралай: 1945 жылдың 30-сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той-мереке!
Ғизат: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың адамдығын ойлайды.
Ерболат:Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата-бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата-бабам намыс бермей айқасқан
Рахымжан:
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Арайлым:
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан,дей келе келесі кезекте қыздардың орындауында би «Катюша»
Шынар:
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар
Күлімкөз:Дарқан мінез,дария ой,дара шыңдар,
Жарқын жүзді,жүрегі ақ,жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
Қанағат:Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.
Арайлым. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.
Туған жерім шер тарқасар сырласым,
Туған жерім қайғымды айтар мұңдасым.
Керек кезде тасымен де сөйлесер,
Туған жерім менің мәңгі жолдасым дей келе Рамазанова Маржанның орындауында «Туған жер»әнін қабыл алыңыздар.
Соңында бұлттар, күн, құстарға тілектер жазып тақтаға ілеміз. Бейбіт өмірдің аспанын бейнелейміз.
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |