Дайындаған: Кенес А. Е


БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды



бет5/11
Дата11.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#111336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
әлемдік....

1. БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды.

  • 1. БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды.
  • 2. БАҚ-та ешкімді нәсілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы (кемтарлығы), әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге, қорлауға, сөгуге болмайды.
  • 3. Ойлау, ар-ұждан және ойын білдіру еркіндігін шектеуші, жалпы халықтың этикалық құндылықтарын аяқасты етуші, діни сенімдер мен жанұя институтының негіздерін құлатушы ақпараттарды таратуға болмайды.
  • 4. Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуге тиісті журналистер этикалық құндылықтарға қарсы іс істемейді және белгілі бір топтардың мүдделерін орындайтын қолшоқпар болмайды.
  • 5. Заңды яки жеке тұлғаларды сынау шегінен асатын қорлаушы немесе олардың абыройына тіл тигізуші, балағаттаушы, жала жабушы ақпараттарды таратуға болмайды.
  • 6. Адамдардың жеке өмірі тек қоғамның мүддесі тұрғысынан алғанда ғана тақырып бола алады. Бұдан тыс жағдайларда адамдардың жеке өмірі туралы мәлімет таратуға болмайды.
  • 7. Журналистік тексеру шеңберінде шындығына жетуге болатын ақпараттар мен фактілерді растығы анықталмайынша ақпарат ретінде көпшіліктің талқысына ұсынуға болмайды.
  • 8. Оқырмандар мен басқа да жекелеген адамдар құпия қалу (конфиденциалды) мақсатымен тапсырған мәліметтерді бұқараның мүддесіне айтарлықтай дәрежеде зиян тиюі ықтималынан тыс жағдайларда әшкерелеуге болмайды.
  • 9. Бір бұқаралық ақпарат құралының өз еңбегімен тапқан ақпаратын (хабарын, өнімін, шығармасын) сол органның таратылу процесі аяқталмайынша екінші бұқаралық ақпарат құралы өзінің өніміндей қолдана алмайды. Ақпарат агенттіктерінен келіп түскен ақпараттарды пайдаланғанда агенттіктің аты аталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет