Дайындаған: Кенес А. Е



бет10/11
Дата11.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#111336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
әлемдік....

Бүгінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұрпақ бұл құндылыққа аса мән бермеуі мүмкін. Дегенмен, мұндай шешімдер әрі мамыражай тірлік азаматтық қоғамға алып келетіні сөзсіз. Себебі, азаматтық қоғамда жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері сақталады, кез келген азамат саяси қорғалады, мемлекеттен тыс қатынастар да үйлесімді дамиды. Ал, ядролық қарудан азат мемлекетте бұл күнделікті қалыпты тіршілікке айналған, сөйте тұра ерекше құнды дүние. Бүгінде «қауіпсіздік мәдениеті», «бейбітшілік мәдениеті» деген сөздер жиі қолданылып жүр. Нұрсұлтан Назарбаев соған қарамастан, соғыс вирусының халықаралық жағдайды ушықтыруды жалғастырып жатқанын айтқан еді. «Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр» деген еді Президент соғыс туралы. Тағы бір сөзінде: «Бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен арылту үшін біріктіру қажет», деді. Яғни, бейбіт елдерде орнайтын азаматтық қоғам түбінде түбегейлі ядролық қарусыз әлем құруға атсалыса алады. Дегенмен, ол үшін сананы тазартып, ядролық қарусыздандыру туралы бастамаларды әлем де іліп әкетсе, нағыз жетістіктің сол болғаны.

  • Бүгінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұрпақ бұл құндылыққа аса мән бермеуі мүмкін. Дегенмен, мұндай шешімдер әрі мамыражай тірлік азаматтық қоғамға алып келетіні сөзсіз. Себебі, азаматтық қоғамда жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері сақталады, кез келген азамат саяси қорғалады, мемлекеттен тыс қатынастар да үйлесімді дамиды. Ал, ядролық қарудан азат мемлекетте бұл күнделікті қалыпты тіршілікке айналған, сөйте тұра ерекше құнды дүние. Бүгінде «қауіпсіздік мәдениеті», «бейбітшілік мәдениеті» деген сөздер жиі қолданылып жүр. Нұрсұлтан Назарбаев соған қарамастан, соғыс вирусының халықаралық жағдайды ушықтыруды жалғастырып жатқанын айтқан еді. «Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр» деген еді Президент соғыс туралы. Тағы бір сөзінде: «Бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен арылту үшін біріктіру қажет», деді. Яғни, бейбіт елдерде орнайтын азаматтық қоғам түбінде түбегейлі ядролық қарусыз әлем құруға атсалыса алады. Дегенмен, ол үшін сананы тазартып, ядролық қарусыздандыру туралы бастамаларды әлем де іліп әкетсе, нағыз жетістіктің сол болғаны.
  • 3.Ядролық қарусыз әлем
  • Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік анти­­ядролық қозғалыстардың көшбас­шысына айналып отыр. Адамзатты тол­­­ғандырып отырған ядролық қару қаупін сейілтуге күш-жігерін барынша жұмсап келе жатқан еліміздің аталған саладағы көшбасшылық рөлінің ха­лықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалуын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауатты бас­тамаларының оң нәтижесі деп айтуға толық негіз бар..
  • Осыдан 27 жыл бұрынғы, яғни 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен бүкіл әлемге белгілі Семей ядролық сынақ полигоны жабылып, үздіксіз жарты ғасыр бойы ядролық жарылыс жасалған тажал ошағының үні өшті. Бұл адамзат өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде қабылданды. Қазақ халқына ауыр қайғы-қасірет әкелген Семей полигонының осылайша заңдық негізде өз жұмысын тоқтатуы тек біздің еліміздің ғана емес, халықаралық қоғамдастықтың да тынысын ашып, ядролық қарусыз әлем құруға деген үмітті оятты.
  • Ал 2009 жылдың 30 қазанында Қазақстан тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні деп жариялауды ұсынды. Ұсыныс қолдау тауып, содан бері 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде атап өтіліп келеді. Бұл ұсыныстың әлемдік қоғамдастықтан қолдау табуы шын мәнінде еліміздің ядролық қаруды азайту, таратпау мәселесіне қатысты батыл бастамалар көтеруіне толық моральдық құқығы бар екенінің мойындалуын білдіреді әрі біздің әлемдік қауіпсіздікті сақтау бағытындағы қадамдарымыздың барша адамзаттың ізгі тілектерімен үндесетінін көрсетеді.
  • Тәуелсіздіктің жылы лебі есе бастаған сәтте бейбітшіліктен өзге жолды таңдамай­тынын Семей полигонын жабу арқылы анық аңғартқан Қазақстан әлемдік қауіпсіз­дікті сақтау, нығайту бағытында көптеген соны, өміршең бастамаларды күн тәртібіне шығарып, өзінің ұстанымына адалдық танытып келеді. Еліміздің аталған саладағы ерік-жігері, түпкілікті мақсаты Елбасы ұсын­ған, халықаралық қоғамдастық қызу тал­қылап, қолдау білдірген «Əлем. XXI ғасыр» манифесінде жан-жақты баяндалғаны белгілі.
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастама­сымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядро­лық сы­нақтарға қарсы іс-қимылдың ха­лық­аралық күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықара­лық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақ­тық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлы­британия, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген мемлекет басшылары мен кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан жа­­саған бұл қадамның маңызы шын мә­нінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бас­тамамызбен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халық­аралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз», – деді президент.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлім­деуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұ­тастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы яд­ролық қарулануды халықаралық ба­қы­лаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлім­деуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұ­тастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы яд­ролық қарулануды халықаралық ба­қы­лаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.
  • Қорытынды:
  • Қорытындылай айтқанда, ядролық қару – бүкіл адамзатқа төнген қауіп. Соңғы деректерге қарағанда 9 мемлекетте 16 мың ядролық қару бар көрінеді. Бұл әлемнің ядролық қару құрсауында тұрғанын аңғартады. Қазақстанның осы қауіптің бетін қайтару жолындағы күресі еліміздің беделін өсіре бермек. Өйткені бейбітшілік, қауіпсіздік үшін жасалған әрбір қадам өрісімізді кеңейтеді, өркенді ел болуға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет