Дайындаған: Кенес А. Е



бет8/11
Дата11.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#111336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
әлемдік....
әлемдік...., Документ 7777, Документ 7777, 8 класс БЖБ ТЖБ каз , С ттілік!!! 1-билет доктрина, әке 2

2.Әлем қауіпсіздігі

  • 2.Әлем қауіпсіздігі
  • Тәуелсіздік алған кезінде-ақ мемлекетіміз өңірлік және жаһандық қауіпсіздік сыртқы саясаттың басты басымдығы болатынын бүкіл дүние жүзіне жариялаған еді. Содан бері Қазақстан осы жолдан таймай, жаһандық қауіпсіздік бастамаларымен көзге түсті әрі әлемдік саясат аренасында өзінің лайықты бағасын ала білді.
  • Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Ақтолқын Құлсариеваның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларының қай-қайсысы да төрткіл дүниенің тыныштығына бағытталған. «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында халықаралық қақтығыстарды реттеп, бітімгершілік миссиясын атқаруының астында Елбасының салмақты үлесі жатыр», дейді ол.
  • Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамаларының ішінде ерекше атап өтуге тұрарлығы — антиядролық қозғалыс мәселесі. Мемлекетіміз 1991 жылы әлемде төртінші орында тұрған ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бұрын-соңды тарихта болмаған әрекетпен көзге түсті. Бұл шешім Қазақстанның бейбіт саясатты ұстанатынын әлемге танытып қана қоймай, ядролық қаруы бар Ресей, Франция, Ұлыбритания және АҚШ секілді елдердің ядролық сынақтарға мораторий жариялауына әсер етті.
  • Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалыстағы ерекше рөлі осымен шектеліп қалмады. 2006 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды. БҰҰ шеңберінде ірі ядролық державалар тарапынан осы аймақтағы мемлекеттерге күш қолданбау кепілдігі берілді. Ал, БҰҰ-ның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялауы да еліміздің ядролық қарусыздану мен бұл қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды рөлінің бағалануы деуге болады. Сондай-ақ 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағанын ерекше атап өту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет