Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Өткен 2012 жылы ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына Дайыр ауылдық округі де өз үлесін қосты.
Округтегі ауыл шаруашылық саласы, оның ішінде мал шаруашылығында 2011 жылмен салыстырғанда өсу бар. 2011 жылмен салыстырғанда ірі қара 2,1 пайызға, қой-ешкі 2 пайызға , жылқы 0,1 пайызға, құс 2 пайызға өскен. Округ бойынша 2012 жылы 110 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 11-і мал өсірумен, 32 –сі егін шаруашылығымен айналысады. Қалғандары өздерінің қосалқы шаруашылықтарымен айналысады.
2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы «Балжан» (жетекшісі А.Әшімхан) және «Шәріпхан»( Бакенов Қ) шаруа қожалықтары әр қайсысы 3 млн-нан несие алып, біреуі 15 бас, екіншісі 20 бас ет –сүт бағытындағы ірі қара сатып алып, қазір күтіп, бағуда. Жеке кәсіпкер Төкенов Данияр да осы бағдарлама бойынша 3 млн. несие алып, 75 бас қой сатып алды. Ал «Қорған-төбе» шаруа қожалығы , жетекшісі Қожабаева Амангүл «Сыбаға» бағдарламасымен 10 млн. тенге несие алып, 200 бас ұрғашы тоқты алып, өсіруде. Дайыр ауылында қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Пунктте тәжірибелі мал маманы С.Тұраров халыққа қызмет етеді. Бүгінге дейін 150-дей ірі қара қолдан ұрықтанды. Оның 130 –дайы төлдеді.
2012 жылы 3 шаруа қожалығы мемлекет тарапынан жем-шөпке және аналық басқа субсидия алып отыр. «Жарас» шаруа қожалығы 4 бас, «Қорған-төбе» шаруа қожалығы 2 бас, «Қорған» шаруа қожалығы 4 бас , жиыны 10 бас асыл тұқымды бұқа әкелініп, мал басын асылдандыруда.
Округ бойынша 1535 га жерге егін егілді. Оның ішінде 470 га дәнді дақыл, 720 га күнбағыс, 125 га картоп, 60 га көкөніс, 10 га бақша, 150 га көпжылдық шөп.
Дайыр ауылдық округінің орталығы Дайыр ауылы – аудандағы 3 тірек ауылының бірі. Қазір тірек ауылында 2012 ж.. арналған бағдарлама бойынша жұмыстар толық атқарылды. Атап айтқанда:
Жеке кәсіпкерлік саласы бойынша: 2012 жылы магазин, аптека ашу жоспарланған. Жеке кәсіпкер Т.Насимова өзінің жеке меншгік үйін қайта жөндеуден өткізіп, аптека, магазин ашып, тұрғындарға қызмет істеуде. Сонымен қатар, ауылдағы ескі клуб үйін аудан әкімінің қолдауымен жеке кәсіпкер Кенжебаев Жанатбекке сенімгерлікпен басқаруға беріліп, қазір ол ғимарат 300 орындық тойханаға айналдырылды. Қазір тойхана халыққа қызмет етуде.
Әлеуметтік және инфрақұрылым салалары бойынша:
Дайыр ауылындағы Аманжанов көшесі жарықтанды. Оған бюджеттен 1989,0 мың тенге бөлінген, тендер бойынша «Семей электрострой-2005» ЖШС мекемесі 1780,0 мың тенгеге ұтып алып, жұмыс істеді. Қазір көшеде 48 лампа жанып тұр. Сонымен қатар, балалар ойын алаңы жұмысын аяқтаған.. Оған республикалық бюджеттен 2126,0 тенге бөлінген. Хоккей алаңының жұмысы да аяқталып, пайдалануға берілді. Қазір жұмыс істеп тұр. Оны да осы мекеме ұтқан. Бөлінген қаржы 914,0 мың тенге.
Мектеп-интернаттың қалған бөлігін күрделі жөндеуге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 17 млн. тенге бөлінген.. Оның ішінде облыстық бюджеттен- 11339,0 мың тенге, аудандық бюджеттен 5661,0 тенге. 16800,0 мың тенгеге ұтқан жеке кәсіпкер А.Утебаев . Жұмыс толық аяқталып, 12 қазан күні облысы әкімі Б.Сапарбаевтың қатысумен салтанаттты түрде лентасы қиылып, қазір бұл ғимарат та халыққа қызмет істеуде. Енді ауылда уақытша мәдениет үйінің мәселесі шешілді. Және ауыл жастарына да бос уақыттарын спортпен айналысуына жағдай жасалып отыр.
Мүкарама орта мектебінің төбесі ағымдағы жөндеуден өткізілді. Бөлінген қаржы-4404,0 мың тенге. «Ақтөбе-Е» ЖШС мекемесі осы қаржыны толығымен игерді.
Сонымен қатар, тұрғындар көмегімен, жеке кәсіпкерлердің қаржысымен ауылды көркейту, абаттандыру, көше жөндеу, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, А.Утебаев атындағы саябақты абаттандыруға аудан әкімі жеке кәсіпкер А.Утебаевпен 11700,0 тенгеге меморандумға отырған. Қазір жұмыс толық аяқталды. 2 адам уақытша жұмысқа алынды. Саябақтан ҰОС ардагерлеріне арналған алаң ашылды. Сонымен бірге, ауыл әкімі жеке кәсіпкер А.Утебаевпен А.Утебаев көшесін жарықтаныдыруға 2100, 0 мың тенгеге меморандумға отырған. Қазір А.Утебаев көшесіне 8 бағана орнатылып, 11 лампа жанып тұр.
Тұрғындар көмегімен Қойшыбаев көшесіне құм-тас төгіліп , тегістелді. Ауылда жалпы ұзындығы 1300 метр, 107 үйдің аулалары қоршалды. Оның ішінде : 394 метр штакетникпен, қалғаны профил листпен қоршалды.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл тұрғыны Елшібаев Рамазан әкімшілік ғимаратың алдына құны 100,0 мың тенге тұратын тотықұсты сыйға тартты. Сол сияқты, биылғы 20 жылдық түлектер Мүкарама орта мектебінің кіре берісіне сәнді қақпа орнатып, сый- сияпат жасады.
Әкімшілікте істейтін қызметкерлер ғимарат алдына су бұрқақ орнатты. Олардың қатарында Ибраев Еркінбек, Жұматаев Тұрсынбек , Дукенов Болат, Амренов Бейбіт,Мамиев Бақытбек бар.
Ауылдық округте көрнекілікке де үлкен мән берілген. 2011 жылы округ бойынша 8 баннер ілінсе, 2012 жылы , яғни қазір 12 баннер ілінген. Ауыл тұрғындарын ынталандыру мақсатында ауылдағы ақ жаулықты әжелердің құрметіне «Ақ жаулығы әжемнің ақ көрпесі баламның» атты баннерге осы ауылдағы «Ғасыр әже» клубының мүшелері суреттері басылса, ауыл жастарының спортқа қызығушылқтарын арттыру мақсатында «Спортшының жеңісі- ауылымның жемісі» атты баннерде ауданда, облыста жүлделі орын алып жүрген ауыл спортшыларының суреттері басылды..
Әлеуметтік қорғау саласы. 01.01.2013 ж. есеп бойынша халық саны 2862 адам болды. Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне округтен 2011 жылы 32 жұмыссыз тіркелсе, 2012 жылы 28 жұмыссыз тіркелді. Қоғамдық жұмысқа 2011 жылы 19 адам, 2012 жылы 26 адам тартылды. Мұның сыртында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына 1 заңгер кеңесші мамандығы бойынша 1 жас маман 5 айға жұмысқа алынды.
2012 жылы 10 отбасының 36 мүшесіне 1 млн 93 мың 700 тенгенің атаулы әлеуметтік көмегі төленсе, 2012 жылы 61 отбасының 191 баласына 2 млн. 778 мың 200 тенгенің 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы төленді. Тұрғындардың тұрмыс жағдайының жылдан жылға жақсаруына байланысты, атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасылар саны да жыл сайын азаюда.
Мүгедек балаларды оңалту, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек адамдарды қамқорлыққа алу жұмыстары жолға қойылған. Округтегі 5 мүгедек бала, 4 жалғыз басты зейнеткер, 4 мүгедек адамдар 3 әлеуметтік қызметкердің қамқорлығына алынған.
Дайыр ауылдық округіне жылдан жылға көшіп келіп жатқан оралман отбасылардың саны да артуда. Қазір округте 151 оралман отбасыда 754 қандастарымыз тұрып жатыр. Олар егін егіп, мал өсіріп өз тіршіліктерін жасауда.
Білім беру және денсаулық сақтау салалары.
Дайыр ауылдық округіне 3 мектеп қарайды: Мүкарама орта мектебі, Жамбыл, Мұжықсу орталау мектептері. Барлығы типтік жобада салынған. Мүкарама орта мектебінің ғимараты 1985 жылы, Жамбыл орталау мектебі -1990 жылы, Мұжықсу орталау мектебі 2003 жылы пайдалануға берілген. Барлық білім мекемелері интернет жүйесіне қосылған. Мектеп оқушыларының толыққанды тамақтануына барлық мектептерде жағдай жасалған. Бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған. Аз қамтылған отбасыларды ыстық тамақпен қамту мақсатында 2012-2013 оқу жылында жеке кәсіпкерлермен 3 меморандумға отырылды.
Ауылдық округте 1 жанұялық емхана, 2 ФАП жұмыс істейді. Мұнда 3 дәрігер 10 мед бике тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетеді. Емханада күндізгі ем қабылдауға 5 орын дайындалған. Мектеп жасына дейінгі, мектеп оқушылары, жасөспірім балаларға арналған профилактикалық екпелер уақытында егіліп отырылды.
Мәдениет және спорт салалары. Округте 2 клуб үйі жұмыс істейді. Олар Жамбыл және Көкжыра ауылдарында. Енді биыл Дайыр ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мектеп жанындағы интернаттың акт залы ауылдағы мәдени-іс шаралар отыратын орынға айналды. Жалпы округ өнерпаздары үнемі жүлделі орындардан көрініп жүреді. 2012 жылы ауылдық округтер арасында өткен «Тәуелсіздік тұғырым, туған жерім Зайсаным» атты көркемөнерпаздар байқауында біздің округ бас жүлдені жеңіп алды. 2012 жылы «Ғасыр әже» атты әжелер клубы жұмысын бастады. Олар округтегі барлық мәдени іс шараларға қатысады. Мәдени, спорт көпшілік шараларының іс жоспары жасалынған. Округ тұрғындары үшін ауылда бір кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан. Бір мезетте 20 оқырман отыруға жағдай бар. Қазір кітапханада 6510 кітап қоры бар. Оның 3845-сы қазақ тілінде. Оның ішінде балаларға арналған әдеби кітаптар аз. Кітапханада оқырмандармен әр түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Волейбол, қазақша күрес, еркін күрес, стол теннисі секциялары жұмыс істейді. Оған 138 адам қамтылған. 2011 жылы аудандық спартакиадан 2- орын, 2012 жылы 4 орын алды. Ауыл спортшылары стол теннисінен, гирдан, қолкүрестен 1- орын, ал футбол, қазақ күресі,тоғыз құмалақ, шахмат- дойбыдан жүлделі 2,3 орындарды иеленіп жүр. Көкпар, аударыспақ, тенге алу сияқты ат спорт түрлерінен артта қалып жүрміз.. Бізге осы спорт түрлерін жандандыруды қолға алуымыз керек.
Ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрамында 12 адамы бар 3 ақпараттық насихат топтары (АНТ) құрылған. Оның құрамында ауыл әкімі, әкімшілік қызметкерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері бар. Олар тұрғындар арасында Елбасы Жолдауын, «Қазақстан-2030»стратегиясын, «Саламатты Қазақстан-2015 » , «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары туралы және басқа да тақырыптар туралы лекциялар оқып, әңгіме өткізіліп тұрды. Қоғамдық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес, салауаттты өмір салтын насихаттау мақсатында АНТ кездесулерінде учаскелік инспектор, дәрігерлер әңгіме, лекция оқып тұрады.
Округте құрамында 7 адамы бар ақсақалдар алқасы, құрамында 5 адамы бар әйелдер кеңесі жұмыс атқарады. Округтегі атқарылатын ауқымды жұмыстарды, даулы мәселелерді осы қоғамдық ұйымдармен ақылдасып, шешіп отырамыз.
2011 жылы 18 қылмыс тіркелген., оның 11- мал ұрлығы, 7- пәтер ұрлығы. Оның 12- сі ашылған. Ал 2012 жылы 10 қылмыс тіркелген. Оның 8–уі мал ұрлығы, 2-уі бұзақылық. Мал ұрлығының 4-уі ашылған. Қылмыстың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты ауыл әкімшілігі қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, шаруа қожалықтарының жетекшілірінен құрылған ерікті жасақшылар тобы бекітілген кесте бойынша кезекшілікке шығып тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |