"Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі" кмм сі «Әдеп және парасаттылық»



бет37/44
Дата16.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#132053
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
Әдеп және парасаттылық КТЖ (2)

 
V. Ойланайық, пікірлесейік!!!
 
«Парасат» тобына:
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Қ.Нақысбеков
 
?! Қ. Нақысбековтың өлең жолдарын оқи отырып, «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыздар ма?
  Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұщыппын;
«Сіз білесіз» дегенде
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».
?! - Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
- Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?
VI. Қорытынды. Мұғалім сөзі: Мінез - саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Сондықтан ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы деп айтуымызға толық негіз болады.
Түйін: «Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»
Абай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет