| Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет. Тілші:
Балалар, сендер ақылды, білімді, ұқыпты екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға кірісейін. Қош болыңдар, балалар!
Сау болыңыз!
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Көк көйлек, көк көйлек,
Дәл өзіме дөп көйлек
(жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсыну, балалардың барлық дыбыстарды анық айтуын қадағалау.
Мақал-сөздің мәйегі:
Анасына қарап қыз өсер
Әкесіне қарап ұл өсер. (Мақалдың мағынасын талқылау)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал
Қорытынды жасау, балаларды марапаттау.
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысымды бағалап, қорыту.
Балалардан дәптерді түсті қарындаштармен бояйды:
Ештеңе түсінбедім-қызыл түс
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын-сары түс
Бәрін түсіндім, басқаға да түсіндіре аламын- жасыл түс
|
Қуыршақ
Көк, қызылтүсті конверттер. Киімдердің суреттері
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |