"Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі" кмм сі «Әдеп және парасаттылық»



бет7/44
Дата16.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#132053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Әдеп және парасаттылық КТЖ (2)
Сабақ жоспары, crossword 2, Docume
Тілші балалармен әңгіме өткізеді:
-Аты-жөнің кім? Сен неше жастасың?
Өз түріңді, мінезіңді сипатта.
Шашың ұзын ба? Қысқа ма?
Бойың ұзын ба? Аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпкең, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданасың?
Не кигенді ұнатасың? Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың? (Балалар тілшімен әңгімелеседі)
Дидактикалық ойын:
«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз»
Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп тұрады. Ұл бала мен қыз баланың киімдерінің суреттерін араластырып, екі конвертке ажыратып салуын сұрау.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен қыздың айырмашылығы туралы айт. Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос. Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма?
Көптілдік: танысу- знакомиться-to meet
Cергіту жаттығуы:
Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет