Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Уа, Расулым! Бұл мәселеде сенің қолыңнан келер еш нәрсе жоқ



Pdf көрінісі
бет233/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Уа, Расулым! Бұл мәселеде сенің қолыңнан келер еш нәрсе жоқ 
(Құлдарымның істегені сенің қолыңда емес).
Аллаһ оларға я тәубеге келуді нәсіп етіп, кешірер, я болмаса 
(өздеріне істеген) залымдықтары үшін азапқа тартады.
Көктегі, жердегінің - бәрі Аллаһтың иелігінде. Ол қалағанын 
кешіреді, қалағанын азаптайды.
Аллаһ құлдарына өте кешірімді, аса мейірімді." 
(Али Имран, 128-
129) 
Талха ибн Убайдуллантың қанармандыгы
Сын сағаттар жалғасып жатты. Мұсылмандар алдыңғы, артқы шептен 
шабуылдаған мүшрік күшінен өздерін құтқару үшін төбелерге өрмелей 
бастады. Расулаллаһтың жанында небары он бес әскер қалған. Пайғамбар 
қолбасшысымен бірге олар сабыр мен төзімдерін қайрай түсіп, беріспей 
шайқаса берген. 


254
Мүшріктер Расулалланты ортаға алғанда Хазіреті Талха қылышын 
оңды-солды сілтеп, жалғыз өзі жау әскерін ықтырып бақты. Мүшріктің 
құралайды көзге атқан мергені Малик ибн Зухәйір Аллаһ Елшісін көздеп 
садағын тартып кеп қалады. Зуылдаған оқтың пайғамбарымызға тиетінін 
аңдаған Хазіреті Талха дер кезінде қолымен оқты қақпақылдады. Оқ 
зымыраған күйі Хазіреті Талханың саусағын жұлып өтті. 
Пайғамбарлар сардары: "Жер бетінде тірі жүрген жәннаттықты көргісі 
келгендер Хазіреті Талхаға қарасын", - деді. 
Расулаллаыы (с.а.у.) қорғау үшін мүшріктердің оғына кеудесін тосып, 
жан дәрмен алысқан Хазіреті Талханың қолының тамырлары кесіліп қанға 
бөксе де, кеудесі шұрық тесік болып құлағанша айқаса берді. Расулаллан 
Хазіреті Әбу Бәкірге Талхаға қарауын бұйырды. Хазіреті Әбу Бәкір көкесінің 
ұлы -Хазіреті Талханың бетіне су бүркіп, қанын жуған соң кірпігі әрең 
қимылдап тілге келген шақта Талха: 
"Расулаллаһ қалай?"-деп сұрады. 
Хазіреті Әбу Бәкір: "Жақсы, мені саған бас-көз бол деп жіберді",-деді. 
Пайғамбардың хабарын алған соң жаны жай тапқан қаһарман сахаба 
күлімсіреп: 
"Шүкір Аллаһқа! Расулаллаһ аман болса, қалған қиындықтар сөз 
емес",-деді. 
Аллаһ жолында жан-тәнімен күрескен Хазіреті Талха осы шайқаста 
Расулаллаһ тарапынан "Қайырлы Талха" атанады. Ухудтан қайтқанда 
денесінде жетпіс бес жерінен жарақат алған оның басы жарық, қолы шолақ 
болса да бақытты еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет