Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ӘБУ ЗӘРР ҒИФАРИДІҢ ИМАНҒА КЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет86/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ӘБУ ЗӘРР ҒИФАРИДІҢ ИМАНҒА КЕЛУІ
Исламның нұры рухтарды жасырын түрде болса да сәулелендірді. 
Алғашқы мұсылмандар шын ықыласпен беріліп, Хазіреті Расулаллаһтың жөн 
сілтеуімен Аллаһтың ақ жолымен ілгерілеуге тырысып бақты. 
Пайғамбарымыз әлі дінін ашық жария етпеген-ді. Соған қарамастан 
Меккеден басқа көп жерлерде соңғы пайғамбардың белгілі болғаны хақында 
құлақдар болғандар баршылық. Сондайлардың бірі - ғифар руынан Әбу Зәрр 
есімді адам. 
Әбу Зәрр жәһилияның дәуірлеген кезінде де пұтқа табынуды ерсі 
санайтын. Жатса-тұрса ақиқатты іздеумен болған арабтың атақты шайыры 
еді. Пайғамбарымыздың келгенін естіген соң анық-қанығына көз жеткізу 
үшін бауыры Үнәйсті Меккеге жолдап тұрып: 
"Бар, Меккеден шыққан пайғамбармен жүздес, сыр-сипатын айтып 
келерсің", - деді. 
Үнәйс бауырының айтуымен Меккеге барып, онда Пайғамбарымызбен 
кездесіп сөйлескен соң қайтып келді. 
Әбу Зәрр інісінен көрген-білгендерін сұрай бастады. Сондағы Үнәйстің 
жауабы: 
"Меккеге бардым, айтқан адамыңмен кездестім. Ол халықты тек 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан аулақ болуға үндейді, адамгершілікті 
уағыздайды. 
Халық оны шайыр, сәуегей, сиқыршы деп айтады екен. Көріпкелдің 
талайын тыңдадық қой, оның айтқаны сәуегейлікке тіпті ұқсамайды. Шайыр 
дейін десем, оған келмейді, айтқандары біз білетін өлеңнен мүлде басқа. 
Сиқыршы деу де тіпті қисынсыз. 
Қысқасы, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) туралығына көзім жетті. Оған 
пәлен-түген деп кінә таққандардың өздері өтірікші." 
Әбу Зәррді Үнәйстің айтқандары қанағаттандырмады. 
"Өзім барып, бетпе-бет кездесіп, сөйлеспесем болмас" - деп асығыс 
жолға жиналды. Кетерінде бауыры: 
"Көрем дегенің дұрыс қой. Бірақ Меккеде байқап жүргейсің. 
Мақсатыңды сезсе, Мұхаммедтің дұшпандары зиян келтіруі мүмкін", - деп 
ескертті. 
Әбу Зәрр қолына аса таяғын алып, азық-түлік салынған дорбасын 
арқалап жолға шықты. Құмды шөлдерден асып Меккеге жетті, келген бетінде 
тікелей Қағбаға барды. Айналасындағы адамдарға аңтарыла қарап, алақтап 
ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) іздеумен болды, бірақ танымығандықтан 
таба алмады. Жұрттан сұрауға да батылы жетпеді. Өйткені бауыры 
айтқандай, Меккеде мұсылмандар мен мүшріктер арасындағы бітіспес 
күресті сырттай қарағанда-ақ байқауға болар еді. 
Әбу Зәррдің Қағбаны паналағаннан басқа шарасы түгесілген-ді 
Зәмзәм суын ішіп әлденіп алды да, мешіттің бір бұрышына қисая кетті. 
Арадан неше сағат өткенін кім білсін, бүрісіп жатқан оның қасынан 
Хазіреті Әли өтіп бара жатып: 
"Мына байғұс ұзақ жолдан келген мүсәпір-ау, сірә", - деп күбірледі. 


101
Мұны естіген Әбу Зәрр басын көтеріп: 
"Иә, жолаушымын, алыс жолдан келген жайым бар", - деді. Хазіреті 
Әли: 
"Онда жүр үйімізге, қонағымыз бол" - деп, Әбу Зәррді үйіне ертіп 
апарып, күтеді. Бірақ екеуі де бір-біріне сақтық жасап, ол түні жақ ашпады. 
Таң атқан соң Әбу Зәрр Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) іздеу үшін тағы да 
қағбаға барады. Келген-кеткенге қарап, әрлі-берлі жүрумен кешті батырады. 
Бірақ ешбір дерек жоқ. 
Осылайша тағы да үмітсіз кейіпте отырған оның жанына тағы да 
Хазіреті Әли келеді. 
"Әлі қайда кетеріңді білмей отырсың ба?" - деп сұрайды. 
"Иә, дәп солай" - деді Әбу Зәрр. 
"Онда бізге жүр, мейманымыз бол" - деп, Хазіреті Әли тағы да қолқа 
салады. Жолда келе жатып ол қонағынан қайдан, не мақсатпен келгенін 
сұрайды. 
Әбу Зәрр: 
"Егер ешкімге тіс жарып айтпайтындығыңа сөз берсең, айтайын", - 
деді. 
Хазіреті Әлидің уәдесін алған соң Әбу Зәрр оған сапарының мақсатын 
түсіндіре бастады: 
"Мен - ғифар руынанмын. Осы Меккеден ақырзаманның пайғамбары 
шықты деп естідім. Сол адамға жолығайын деп келіп едім." 
Әбу Зәррдің мақсатын ұққан жас сахаба Әли көздері күлімдеп: 
"Сен тура жолды таптың, қуаныштымын. 
Мен қазір Расулаллаһқа бара жатырмын. Сен де ізімнен жүріп отыр. 
Мен кірген есіктен сен де кір. Нысаналы жерге жеткенше осылай бейтаныс 
кісілерше жүріп барамыз. Егер алда-жалда жолай саған зияны тиетіндей 
біреу кездесе қалса, еңкейіп кебісімді түзеткен боп белгі беремін. Ал сен 
маған қарайламай, тіп-тіке қасымнан өте шық", - деді. 
Сөйтіп, екеуі үйден шықты. Хазіреті Әлидің ізімен жүріп отырып, Әбу 
Зәрр аман-есен Мұхаммедтің (с.а.у.) құзырына кірді. 
Әбу Зәрр кірген бетте: 
"Ассалаумааләйкум, уа, Аллаһтың Расулы!" - деді. 
Ислам тарихында бұлайша сәлем берген тұңғыш адам - осы Хазіреті 
Әбу Зәрр. 
Сүйікті Пайғамбарымыз: "Аллаһтың рахметі саған да жаусын", - 
деді де, келген кісіден кім екендігін сұрады. Әбу Зәрр: 
- Мен - Ғифар тайпасының өкілімін. 
- Қашаннан бері Меккедесің? 
- Қайда жатып, ас-суыңды қайдан ішіп жүрсің? 
- Зәмзәм суын ішіп күнелттім. Аштықты сезінген де жоқпын. 
- Иә, зәмзәм - берекелі, тойымды азық. 
- Уа, Расуаллаһ! Маған Исламды түсіндір. 


102
Екі жиһанның нұры - Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың соңғы діні, иманның 
шарттары жайында егжей-тегжейлі баяндап берген соң Хазіреті Әбу Зәрр сол 
жерде кәлимаға тілін келтіріп, мұсылман атанады. 
Иман келтіріп, мұсылмандықты қабылдаған Әбу Зәррге әрдайым 
сақтықты ұстанатын Мұхаммед (с.а.у.) мынадай ұсыныс айтты: 
"Ей, Әбу Зәрр! Сен әзірге бұл іс туралы жан баласына айтпа. Еліңе 
қайт, жақсылықты жария етуге асықпа. Дінімізді ашық таратуға Жаратқаннан 
жарлық алғанымды естіген күні келерсің." 
Толқып, жүрегі қуаныштан лүпілдеген Әбу Зәрр: 
"Уа, Расулаллаһ! Сені хақ пайғамбар ретінде жіберген Аллаһ 
Тағаланың атымен ант етемін. Мен бұл жайтты мүшріктер арасында ашық 
түрде жарияламай қоймаймын", - деді де үйден шығып, Қағбаға қарай бет 
алды. Сол жерден бүкіл мүшріктерге естірте: 
"Уа, құрайыштар! 
Мен Аллаһтан басқа тәңірінің жоқ екендігіне, Мұхаммед (с.а.у.) оның 
елшісі екендігіне куәмін!" - деп дауыстады. 
Әрине, мұны естіген мүшріктер қарап қалмады. Тарпа бас салып, Әбу 
Зәррді қан-жоса қылып соққыға жықты. Егер сол сәтте (әлі мұсылмандықты 
қабылдамаған) Хазіреті Аббас көріп, оның Ғифар руынан екенін, 
ғифарлардың Шамға барар сауда-саттық жолының иесі екенін ескертпегенде, 
мүшріктер Әбу Зәррді өлтіруден тайынбайтын. 
Алайда иманнан қуат алған Хазіреті Әбу Зәррді сойыл да, соққы да 
тоқтата алмады. Есін жия салып ертеңіне тағы да Қағбада Аллаһтың барлығы 
мен бірлігін, пайғамбардың хақтығын айтып, жар салды. Мүшріктер сау 
тамтығын қалдырмай дүрелесе де, ол айтқанынан қайтпады. Бұл жолы да 
Хазіреті Аббас араласып: 
"Неткен жауызсыңдар! Ғифар руының адамын өлтіріп, осы күндеріңді 
өздеріңе көп көріп отырсыңдар ма? Ғифарлар сауда жолын жауып тастаса не 
істейсіңдер?!" - демегенде мүшріктердің қолынан мерт болуы мүмкін еді. 
Осы оқиғадан кейін Әбу Зәрр хақ дінге өз руластары мен жерлестерін 
шақыру мақсатымен еліне қайтты. Хижри алтыншы жылына дейін сонда 
болып, Бәдір, Ухуд, Хәндек шайқастарына қатыса алмады. Онан кейін ылғи 
ақырзаман пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.у.) қасында жүрген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет