194
және жамандық жасаудан Аллаһқа сыйынамын. Аллаһ
таңдап хақ жолға
түсірген пендесіне ешкім де кедергі бола алмайды. Аллаһ қаламағанды ешкім
де тура бағытқа сала алмайды.
Аллаһтан басқа тәңірінің жоқтығына куәлік келтіремін. Ол
- жалғыз,
серіксіз.
Сөздің ең көрнектісі - Аллаһтың кәламы. Кімде-кімнің жүрегіне Аллаһ
Тағала
Құранмен өрнек салып, күпірліктен
айықтырған соң, ол
пенде
Құранды басқа сөзден төмен санаса, ақыры қайыр болмайды.
Шынында да, көркем сөздің мәйегі - Аллаһтың кітабында. Аллаһтың
ұнатқанын ұнатып, ұлы Жаратқанға шексіз сүйіспеншілікпен беріліңіздер.
Аллаһты зікір етуден (еске алып, айтудан) жалығушы болмаңыздар.
Аллаһтың сөзіне шүбә келтірмеңіздер. Өйткені Ол
не нәрсенің де ең
жақсысын таңдай біледі. Адамға арам мен адалды
ажыратып көрсеткен де -
Сол. Аллаһқа ғибадат етіңіздер. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңыздар. Тек
қана жақсылық жасауға әрекеттеніңіздер. Бір-біріңізді Аллаһ ризалығы үшін
жақсы көріңіздер. Аллаһ антын бұзғандарға азап береді.
Бәріңізге Аллаһтың сәлемі, рақымы жаусын!"
Ақабадағы келісім бойынша мәдиналық мұсылмандар Аллаһ
Елшісін
көздерінің қарашығындай қорғауға тиіс болатын.
Сол уағдаларын жүзеге асырар сәт те келіп жеткен еді.
Пайғамбарымыз екінші хұтбасын айтып
болған соң Мәдинаға бет
түзейтінін білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: