300
Нүр сүресінің 63-аятында осыған қатысты:
"Пайғамбардың
шақыруын
өз
араларында
бір-біріңді
шақырғанмен бірдей көрмеңдер. (Шақыруына тез жетіңдер, рұқсатсыз
кетпеңдер) Араларыңнан ептеп, шығып кетіп қалатындарды Аллаһ
міндетті түрде біледі. Сондықтан пайғамбардың әміріне қарсы
жүргендер, дүниеде бастарына бір бәле келуден немесе ақыретте қауіпті
азаптың келуінен сақтансын"
делінеді.
Екпінді еңбектің нәтижесінде орлар алты күнде қазылып бітті.
Қорғаныс кезінде Аллаһ Елшісінің бұйрығымен
ордың тар тұсына арнайы
күзет қойылады.
Орлардың оңтайлы жерлері кіріп-шығуға ыңғайланады. Ол жерлерде
де қарауыл қойылып, жалпы бақылаушы ретінде Зүбәйір
ибн Аууам
тағайындалады.
Ислам армиясы
Қорғаныстағы мұсылмандардың ұзын саны 3000-ға жетеді, яғни
дұшпан әскерінің үштен біріндей ғана. Небары құрамада 36 атты әскер бар-
ды. Әдеттегідей екі байрақ, муһажирлердікін
-Зәйд ибн Харис, әнсардікін -
Саад ибн Убада ұстайды. Расул Әкрамның штаб шатыры Сәл тауының
етегіне,
армияның
артқы
жағында
орналастырылады.
Шайқасқа
қатыспайтындар, әйел, бала-шаға қорғанның ішінде қалады. Азық-түлік,
қымбат мал-мүлік - бәрі сол қамалда қалады.
...Ор жаңа қазылып біткен сәтте сонадайдан
жау әскерінің жақын
келгеніне куә болды әлеумет. Дұшпан Мәдинаның солтүстігіндегі бұрын
Ухуд соғысы болған алаңға шатырлар құра бастады. Айнала қазылған
орларды көргенде бұрын-соңды мұндай тактиканы көрмегендер қатты састы.
Ұрыс басталмай жатып жау әскері аяқтарын тартқандай.
Өйткені олар осы
жолы қалайда Мәдинаны түгелдей басып алудан дәмелі еді. Жеңілу жайы өңі
түгіл, түстеріне де кірмеген...
Мужаһидтер он мың әскерлік нөпірді көргенде тіпті сасқан жоқ.
Құранда олардың осы халі былайша мазмұндалады:
Достарыңызбен бөлісу: