310
Әскерден бұрын туын асқақтата желбіретіп жолға шыққан Хазіреті Әли
құрайзалар қамалына жақын келіп байрақты тігеді. Мұны көрген яһудилер
ауыздарына келгенді айтып сықпырта жөнеледі. Пайғамбарымызды боқтап-
боралайды. Хәндақтағы сатқындықтары оларға зәредей ой салмағаны белгілі
болады. Хазіреті Әли байрақты сахабалардың біреуіне табыстап Аллаһ
Расулының (с.а.у.) алдынан шығады:
"Уа, Расулаллаһ! Сен қамалға жақындамай-ақ қойсаң қайтеді? Мына
жексұрын опасыздардың сөздерін естімей-ақ қой", - деді.
Расулаллаһ (с.а.у.):
"Сен олардан мені ренжітерлік сөз естігенсің, сірә. Мұса пайғамбар
мұнан да ауырына душар болған. Сен бара бер. Олар (Аллаһ дұшпандары)
мені көргенде жаман сөз айта алмайды", - деді.
Құрайзалар
қандарындағы
қастандықтан
бас
тарта
алмай,
Пайғамбарымыз бен Ислам әскерлерін күле қарсы алудың орнына былапыт
сөзбен бас салып, қиқарлық көрсетті. Жақсылық түсінбейтіндерге қарсы күш
қолдану ғана қалды. Пайғамбарымыздың әмірімен мужаһидтер құрайза
қамалына оқ жаудырды. Яһудилер де қарап қалған жоқ, атысқа кірісті.
Дегенмен олар мұсылмандар қоршауында қалды.
Сырт көзге мұсылмандарға дос көрініп, шындығында Ислам
дұшпандарымен бармақ басты, көз қысты болып жүретін мунафиқтар бұл
жолы да әдеттерінен жаңылмады. Құрайзаларға құпия хабар жолдап
мұсылмандарға берілмеуді, Мәдинадан қуса да кетпеуді, атысты жалғастыра
беруді
нығарлай
айтып,
көмекке
келетіндіктерін
қару-жарақ
жеткізетіндіктерін білдіріп, сендірді. Құрайза яһудилері бұған қатты қуанып,
батылданып, шайқасты тоқтатпады.
Достарыңызбен бөлісу: