Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет237/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Хайбардағы тыйым
Пайғамбарлар падишасы Хазіреті Мұхаммед Хайбарды алған күні 
мұсылмандарға төрт нәрсеге тыйым салды: 
1) Тұтқын әйелдерге тиісуге; 
2) Есек тұқымдастарының етін жеуге; 
3) Жыртқыш хайуандардың етін жеуге; 
4) Олжаланған дүниені бөліске түспей жатып сатуға немесе сатып 
алуға. 
Хайбардағы жеңістің мұсылмандар үшін үлкен маңызы бар. Хайбар 
яһудилердің айбары саналатын да, оған ешкімнің тісі батпайтындай көретін. 
Осы айбарының тізе бүгуі нәтижесінде бүкіл яһуди қауымы Ислам 
мемлекетіне бас иді. Бұған дейінгі Худайбия келісімі арқылы мүшріктерден 
төнетін қатердің алды алынған-ды. Мүшріктер мен яһудилер бұрынғыдай 
ауыз жаласатын күн келмеске кетті. 
Хайбар қамалдарының мықтылығымен, қару-жарақ молдығымен, соғыс 
өнерін 
жақсы 
меңгерген 
жігіттердің 
көптігімен 
былайғы 
жұртты 
сескендіретін-ақ еді. Солай бола тұра Ислам әскерінен жеңілуі, мал-
мүліктерінен 
түгел 
айрылып 
мұсылмандарға 
бас 
июі 
атыраптағы 
тайпалардың да көзін қорқытып, сахаба мужаһидтердің мызғымас күш 
екендігін мойындатты... 
Хайбар жеңісінен соң Арабстанды мекендеген өзге ру-тайпалар өз 
еріктерімен Ислам үстемдігін қабылдай бастады. Саралай келгенде 
айтарымыз, Хайбарды алу - Ислам тарихының маңызды оқиғасы. 
Таң намазының қазасы
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бастаған Ислам әскері Мәдинаға жақындап 
қалған. Шаршап-шалдыққан мұсылмандардың біраз тынығып алғанын мақұл 
көрген Пайғамбарымыз бір жерде тоқтауға бұйрық берді. Түн ортасы ауған, 
таң намазының кіруіне көп уақыт қалмаған. Пайғамбарымыз әрдайымғы 
сақтық әдетімен: 
"Кім ұйықтамай бізді таң намазына оятқысы келеді?" - деді. 


351
Хазіреті Біләл Хабаши бұл міндетті мойнына алды. Сахабаларды жол 
соққан болуы керек, қисайған бойда ұйықтап кетті. Біләл болса нәпіл 
намазын оқып, көзі ілініп кетпеу үшін ұзақ дұға оқыды. Әне-міне сәре 
уақыты шығады деп түйесіне сүйеніп отырғанда, қара басып ұйықтап кетеді. 
Мұсылмандардың "Инна лилләһ уә инна иләйһи ражи'ун" деген даусынан 
шошып оянады. 
Күн шығып, айнала жап-жарық болып кетіпті. Пайғамбарымыз ренішті 
кейіпте: 
"Уа, Біләл! Бұл не қылғаның?" - деді. 
Хазіреті Біләл: "Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, 
Расулаллаһ! Сенің рухыңды тынықтырған құдірет, менің рухыма да әсер 
етті", - деп жауап берді. 
Пайғамбарымыз күлімсіреп: "Сөз тапқанға қолқа жоқ", - деді де тезірек 
сол маңнан кетуге асықты. Былайырақ шыққан соң "Шапшаң дәрет алыңдар. 
Сонан соң, уа, Біләл, азан шақыр", - деді. Азан оқылып, мұсылмандар сапқа 
тұрды. 
Пайғамбарымыз: "Таң намазының сүннетін оқыңдар", - деді. Сүннет 
оқылып біткен соң
"Уа, Біләл, енді қамат келтір", - деп қаза намаздың парызын қылдырды. 
Намаз аяқталған соң жамағатына қарап: "Кімде-кім ұйықтап қалып немесе 
ұмытып намаздың уақытын өткізіп алса қазасын өтеуге тиіс", - деді. 
Қаза намазын оқыған соң Мәдинаға бет алған сахабаларға сәл жүрген 
соң көз ұшында Ухуд тауы көрінді. 
Пайғамбарымыз: "Біз Ухудты сүйеміз, ол да бізді жақсы көреді", - деді. 
Қалаға кірерде былайша дұға етті: "Уа, Раббым! Сенен басқа 
табынарымыз жоқ, сен жалғызсың. Сенің ортағың жоқ. Мүлік-мақтанға ие 
сенсің. Аллаһым! Біз сенен тілеп, күнәларымызға тәубе етеміз. Раббымызға 
құлшылық жасап, сәждеге жығыламыз. Раббымызға мадақ айтамыз. 
Раббымыз уәдесіне берік, құлы Мұхаммедке жәрдем беріп, дұшпандарынан 
басым түсірді". 
Пайғамбарымыз жорықтан қайтқанда, умра немесе қажылықтан 
оралғанда, тау басына шыққанда немесе жазық далаға, cахараға аяқ басқанда 
үш рет тәкбір айтқан соң жоғарыдағы дұғасын қайталайтын болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет