398
намысын қорғауға Аллаһ атымен сөз беріп, адал жар ретінде алдыңдар.
Сендер әйелдерің алдында, әйелдеріңнің де сендердің алдарыңда хақысы бар.
Сендер одан жар төсегін былғамауды талап етуге құқылысыңдар.
Сендердің қаламаған адамдарыңды үйлеріңе кіргізсе, әйелдеріңді шектен
шықпай жөнге сала аласыңдар. Әйелдің ақысын өтеуге міндеттісіңдер, яғни
олардың ішіп-жемін, киім кешегін қамтамасыз ету сендердің міндеттерің.
Уа, мұсылмандар!
Сендерге киелі аманат тастап барамын, соны толық ұстансаңдар
ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат - Аллаһтың кітабы - Құран.
Уа, мұсылмандар!
Сөзіме құлақ қойып, зерделеңдер! Мұсылман мұсылманға бауыр. Олай
болса барлық мұсылмандар бір-бірінің (діндес) бауырлары. Діндес
бауырларыңның разы болмаған жағдайда ақысын жемеңдер.
Уа, асхабым!
Тіпті өз - өздеріңе де зұлымдық жасамаңдар, оның да сұрауы болады.
Уа, адамдар!
Аллаһ жалғыз, бәріміз Адам атаның ұрпағымыз, ал Адам топырақтан
жаратылған. Аллаһ назарында құрметке лайық жан - Одан ең көп
қорқатын адам. Арабтың араб емеске үстемдігі жоқ. Адамдар бір-бірінен
тақуа дәрежесіне қарай үстем бола алады.
Уа, жамағат! Мен туралы сауалға жауаптарың не болмақ?
Барша жиналғандар бірауыздан: "Сен Аллаһтың елшісісің, бізге
өсиет-насихат айттың, міндетіңді адал атқарғандығыңа куәміз", - деді.
Пайғамбарымыз оң қолының мүбәрак сұқ саусағымен жамағатын
нұсқап:
"Куә бол, уа, Раббым! Куә бол, уа, Раббым! Куә бол, уа, Раббым!" -
деді.
Ардақты да сүйікті ақырзаман пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) күллі
адамзатқа арналған ғибратты хұтбасын бітірген сәтте Хазіреті Біләл Хабаши
бесін намазының азанын шақырды.
Пайғамбарымыз жамағатымен бірге қасиетті азанға құлақ түрді.
Хазіреті Біләл қамат айтқан соң Мұхаммед (с.а.у.) қажыларға бесін намазын
қылдырды. Артынша тағы да қамат келтіріліп намаздыгер оқылды.
Осылайша Пайғамбарымыз бір азан, екі қаматпен екі намазды біріктірді.
Намаздыгерден соң Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) түйесі Кәсуаға мінгені
сол еді Аллаһ Тағаладан аян түсті.
Достарыңызбен бөлісу: