Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет269/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Соңғы айтқандары 
Пайғамбарлар падишасының бұл дүниедегі ақырғы күні. Сол күнгі 
соңғы сөздері: 
"Уа, халайық! Қоп-қою қараңғылық секілді алауыздық пен жамандық 
тұманы басып келеді. 
Уа, адамзат! Сендер мені теріске шығаратын дәлел таба 
алмайсыңдар. Өйткені мен тек Аллаһтың Құранында айтылғандай арам 
мен адалдың аражігін үйреттім. 
Уа, қызым Фатима! 
Уа, әпкем Сафия! 
Аллаһ қабыл аларлық амал жасаңдар. Маған арқа сүйеуші болмаңдар. 
Өйткені мен сендерді қанша ет жақын туысым болсаңдар да 
Аллаһтың азабынан құтқарып қала алмаймын!" 
Хазіреті Фатима Аллаһ Расулының көзі тірі жалғыз қызы еді. Ол 
жоғары мінез-құлығы, қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы, бет-әлпеті қай 
жағынан да сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.у.) қатты ұқсайтын. 
Қатты қиналып жатқан тұста Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) қызы 
Фатиманы ымдап қасына шақырады. Сол жағына келіп жайғасқан бауыр еті - 


404
Фатимасының құлағына еңкейіп бір нәрсе айтты. Хазіреті Фатиманың өңі 
қуарып, қабағын шытты да, жанары жасқа толды. Онысын іріккен жоқ... 
Көз жасы моншақтай аққан қызының құлағына Пайғамбарымыз тағы да 
ақырын сыбырлады. Басу айтып, сабырға шақырған сыңайлы. Әлгінде ғана 
көз жасын көл-көсір қылған Фатиманың жүзі бал-бұл жанып, балаша қуанды. 
Қас-қағым сәттегі мұң мен қуаныштың себебін ұға алмай дал болған Хазіреті 
Айша анамыздың сұрағына кейіннен Хазіреті Фатима былай жауап берген: 
"Алдымен әкем маған аз ғана уақыттан соң дүниеден көшетінін, менен 
де айрылатынын айтты... Жылаған себебім сол... 
Сосын "туған-туыстың арасынан ең бірінші болып маған бақи өмірде 
сен қауышатын боласың" дегенде қуанышым қойныма сыймады..." 
Рәби'уләууал айының он екісі, дүйсенбінің кеші. Күн қызарып, ұясына 
қонуға таяған... 
Аллаһ Елшісі мүбәрак басын Айша анамыздың кеудесіне таяп жатқан 
күйі "Аллаһым, мені Рәфиқул-А'лаға - ең жоғары мәртебелі Ұлы Аллаһқа 
қауыштыр" деп үзбей дұға етуде. Демі жиілеп, қиналғаны сезіледі. Сөйлеуге 
шамасы жетпей жатқанына қарамастан соңғы деміне дейін үмметін ізгілікке 
үндеумен болды: 
"Құлдарыңызды азаптаушы болмаңыздар, олардың да ақысын 
беріңіздер. Намазға ықыласпен беріліңіздер, намазға атүсті қарамаңыздар!" 
Хазіреті Фатима әкесінің қиналысына жаны шыдамай: 
"Әкетайым-ай, әбден қиналдың-ау", - деп мұңайып, жылап отырған. 
Пайғамбарымыз мұны да қалт жібермей: 
"Жылама, қызым, бүгіннен кейін сенің әкең еш қиналыс сезбейді де". 
Мен дүниеден озған кезде "Инна лиллаһ уә иннә иләйһи ражи'ун 
(Бәріміз Аллаһтан келдік, қайтадан Соған ораламыз) деп дұға ет" (Әрбір 
мұсылман баласы біреудің өлімін естіген сәтте осылай дегені жөн.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет