402
Уа, муһажирлер! Сіздер де әнсарлармен әрқашан тату-тәтті өмір
сүріңдер. Олар сіздерден жәрдемін аяған жоқ. Еліне қабылдап, төрінен орын
берді. Өздері қиналса да алдымен барын сіздерге тосты. Оларға тек
жақсылық жасаңыздар.
Уа, халайық! Болмыстағы бар нәрсе Аллаһтың еркіне тәуелді.
Сондықтан тағдырға қарсы шығам деп әуре болмаңыздар. Бәрібір жеңіліс
табасыздар. Ұлы Аллаһты алдаймын деу де бос әурешілік, соңында зиянға
ұшырайсыз. Мен сіздерге шапағатшымын. Күндердің күнінде менімен
қауышасыздар. Кездесер орнымыз
-
Кәусар қауызының жағасы. Кімде-кім
Кәусар бұлақтың жағасында маған қауышқысы келсе, қолы мен тілін
қажетсіз нәрселерден қорғасын.
Уа, жамағат! Күнә жасау арқылы адам өз бәлесін өзі табады,
нығмет пен ырзығынан айырылады. Халықтың басым көпшілігі дұрыс,
әділетті болса, билік басындағылар да әділ, ынсапты болар. Халық күнәға
бой алдырып, болар-болмасқа шаптығар болса билеушілерді де залым әрі
әділетсіз болуға итермелейді.
Сөзін тәмамдаған соң Аллаһ Расулы Хазіреті Айшаның отауына
оралып, төсегіне жантая кетті.
Достарыңызбен бөлісу: