151
Бұл наразылық Хашим және Мүттәліп ұрпақтарын түбірінен жоюға
бағытталған еді. Мұндай қыспақтан соң бұл екі рудың адамдары бір-бірінен
алыс, бөлек-бөлек тұруы мүмкін емес еді. Әбу Ләһабтан басқасы Меккенің
солтүстігіндегі "Әбу Тәліп мекені" деп аталатын жерге төрт көзі түгел
қоныстанып үлгерді.
Олармен байланыс түбегейлі үзіледі. Әлдеқалай тығыз шаруамен ол
жаққа бара қалғандар мүшріктердің
мазағына қалып, ызаланып үйіне әрең
оралатын.
"Әбу Тәліп мекеніне" мүшріктер азық-түлікті де өткізбей қояды. Тек
жылына бір рет, дәстүрлі Қағба зияраты маусымында ғана сыртқа шығып
сауда жасауға рұқсат бергенсиді. Ондай күндерде Меккеге басқа қалалардан,
елдерден саудагерлер келетін. Рұқсат бергенсиді деуіміздің себебі, әлгі
сырттан келген сатушылардан зәру заттарын алмақ болған хашимдер мен
мүттәліптерге мүшріктер барынша бөгет жасап, ештеңе алғызбауға
тырысады. Кейде сырттан келген саудагерлерді қорқытып,
оларға ештеңе
бергізбейді. Енді бірде шеттен келгендердің бар тауарын, керек болса да,
болмаса да, өздері сатып алып, наразылыққа ұшырағандарға түк
қалдырмайтын.
Әбу Ләһаб Хашим руынан бола тұра, өз бауырларының аштан өлгенін
тілеп, дұшпандық пиғылын іске асыруға бар күшін салады.
Меккеге азық-түлік әкелген сауда керуендерін қаланың кіре берісінде
күтіп алып:
"Ей, саудагерлер! Хашимдерге ештеңе сатушы болмаңдар. Бағаны
қымбат айтсаңдар, өздерінің де алуға шамасы келмейді.
Менің ауқатты екенім бәріңе мәлім. Тағам болсын, киім-кешек болсын
құнын қымбаттата беріңдер.
Өтпей жатқандай болса, өзім төлеп аламын.
Айтқаныма сеніңдер", - деп мұсылмандардың аш-жалаңаш қалуына, қаланың
шетінен талғажау етер тағам іздеп келгендердің құр сүлдері қалған бала-
шағаларына құр қол қайтуына себеп болады.
Аштықтан өзегі талып, тісінің суын жұтып, жамырасқан бала-шаға мен
кәрі-құртаңның зарлы даусы мүшріктердің саңырау құлағына, меңіреу
көңілдеріне шыбын шаққан құрлы әсер етпейді.
Наразылыққа ұшырағандар сырттан сауда жасай алмағандықтан уақыт
өте келе жоқшылық зардабын тартады. Аштықтан өлуге айналғандар ағаш
жапырағын, шөп-шалам, тіпті
қураған мал терісін көрсе, жалмап жұтардай
бас салатын.
Мұсылмандардың мүшкіл халіне аяушылық білдіріп, көмек қолын
созғандар да бар. Солардың бірі - Хазіреті Хадишаның бауыры Хаким ибн
Хизам. Ол бір түйеге ұн артып мұсылмандарға жолдаған.
Тағы бірде әлгі Хаким құлына бір қап бидай арқалатып Хазіреті
Хадишаға жіберген. Жолай Әбу Жәһил кездесіп қалады.
"Сен мұсылмандарға азық апара жатырсың ғой, солай ма?
Тұра тұр
бәлем, бүкіл Меккеге жар салып, аймандай етпесем атым өшсін", - деп
қарғанып бастағаны сол еді, қастарына Әбул Бахтари есімді жігіт келіп
қалады да, Әбу Жәһилге қарап:
152
"Мұнша қатыгез болмасаң етті. Туған әпкесіне там-тұмдап талғажау
ететін тамақ бергенде не тұр? Барсын, апарсын, кедергі болма", - дейді.
Көздері қанталаған Әбу Жәһил ерегісіп,
сол жерде Әбул Бахтаримен
алыса кетеді. Екеуі арпалысып, ақыры Әбу Жәһилдің басы жарылады.
Хашимдерге, мұсылмандарға жәрдем беруге ұмтылғандардың бірі -
Хишам ибн Амр. Ол да мүшріктерден жасырып бірнеше рет түйеге азық
тиеп, жолдаған.
Руластарының қажеттіліктерін өтеу үшін Пайғамбарымыз, Әбу Тәліп,
Хазіреті Хадиша бар жиған-тергенін жұмсайды. Бірақ қайсыбіріне жетсін,
аштықтан жаппай жұртты аман алып қалу қиынның қиыны еді...
Жоқшылық жалаңдаған жыланша жайпап барады, халық әбден
абыржыған. Осынша қорлықтан соң жадап-жүдеген
мұсылмандар Хазіреті
Мұхаммедті (с.а.у.) өздері-ақ ұстап береді деп сенген мүшріктер түбегейлі
қателескен. Қанша қиналса да, хашимдер Пайғамбарға көздерінің
қарашығындай қарап, бұл мәселеде мұқият сақтанды. Әсіресе, Әбу Тәліптің
Ол дегенде шығарға жаны бөлек, Мұхаммедті (с.а.у.) қызғыштай қорып,
түнде күзет қойып, кейде қасына алып та жататын. Бойкот үш жылға
созылды...
Мүшріктердің
мұсылмандарға
көрсеткен
зорлық-зомбылығы
Исламның өркендеуіне кедергі бола алмады.
Мұсылмандарға ор қазып оған
өздері құлағанның кебін киген тағы да мүшріктер болды... Азапты күндердің
өзінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) халыққа хақты ұғындырып,
хашимдердің көзін ақиқатқа ашып, ерен еңбектенді. Бойкот жарияланғалы
үш жыл...
Аллаһ Тағала мүшріктердің Қағба қабырғасына ілінген шарт-қағазына
құрт түсіріп, бұл жайды Расулына аян арқылы білдіреді. Құрт қағаздағы жазу
жазылған тұстарды кеміріп жеп, тек қана
Достарыңызбен бөлісу: