Даму туралы жалпы түсінік


Психикалық дамудың зерттеу әдістері



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#157648
1   2   3
Байланысты:
опд 9апта
Офд 001

Психикалық дамудың зерттеу әдістері


Бақылау әдісі - таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде - ойын үстінде, мектеп оқушысын - сабақ барысында, ересек адамды - мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады
Эксперимент әдісі. Лабораториялық эксперимент (В.Вундт) және табиғи эксперимент (А.Ф.Лазурский). 100 жылдан астам уақыт бойында психологияда эксперименті әдісі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеуші өзіне керекті психологиялық фактілерді алу мақсатында өзі белсенді түрде араласып, жасайды. Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді.Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1874-1917)болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал – жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.

Психикалық дамудың зерттеу әдістері


Аталған әдістермен қатар жас ерекшелігі психологиясында егіздер әдісі, анкета, іс-әрекет нәтижелерін талдау , биографиялық әдістер елеулі орын алады.
Егіздер әдісі – адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.
Анкеталау – зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.
Биографиялық әдіс – Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014. – 440б.

2. Психология негіздері: Оқу-анықтмалық қолданба. Алматы: Нұр

-пресс, 2007. – 106 бет.

3. Мұқанов Ы.Б. Жас және педагогикалық психология. Алматы,

1991 . – 237 бет.

4. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1999. – 160 бет.

5. Қ. Жарықбаев. Психология. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет