Дана бала жобасы



бет4/4
Дата12.05.2024
өлшемі115,58 Kb.
#202004
1   2   3   4
Байланысты:
Канатбекова Ж.Ж.ТЭЖ - копия

Қорытындылау кезеңі
(2023-2025 жж)





Жұмыс түрі

Күтілетін нәтижелер

Кәсіби өсуді бақылаудың көрсеткіштері (индикатор)

мерзімі

1

Тақырып бойынша теориялық және практикалық мәліметтер сәйкестігі.

Мұғалімнің кәсіби теориялық білімін жетілдіру.

Семинар, вебинар, ақпарат көздері.

2021-2023 оқу жыл аралығы

2

Тақырып бойынша баспа материалдарын әзірлеу.

Тәжірибе алмасу (өз еңбегімді бағалау)

Басылымдар.

2021-2023 оқу жыл аралығы

3

Әдістемелік көмекші құрал әзірлеу.

Жинақ шығарылып, қорытынды жасалынады.

Әдістемелік материалдар.

Әр жыл бойынша.

4

Қалалық, облыстық, халықаралық ұйымдастырылған мұғалімдердің ғылыми-конференциясына қатысу.

Тәжірибе алмасу.

Басылымдар беру.
Тәжірибе алмасу.

Жоспар бойынша.

ТЭЖ тақырыбына байланысты теориялық материалдар.
Функционалды сауаттылықты арттыру.
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нəрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мəселелердің бірі болып қала береді. Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет екендігі айқын.Танымдық және функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс .
Мысалы: өз сабақтарымда оқушыларды сабақтың тақырыптарына байланысты топтарға бөліп, ойындар арқылы топтарының аттарын тапқызып, оқушыларды қызықтыру үшін ұлттық ойындарды, ребустар, сөзжұмбақтарды пайдаланамын. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып бойынша өлеңдер, «Сөз ойла, көп ойла», «Өлең шығарайық», «Бес жолды өлең» құрастыру жұмыстарын жүргіземін. Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «Аквариумдағы алтын балық», «балық сүйегі» әдістерін қолданамын.

Мысалы: «Әдебиеттік оқу» сабақтарында Баяндаушы – әңгіменің мазмұнын айтады. Зерттеуші – әңгімедегі негізгіні анықтайды. Сілтемеші – сөздіктермен жұмыс жүргізеді. Сұрақ құрастырушы – сұрақтар дайындайды. Дәнекер – өмірмен байланыстырады. Бейнелеуші – әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді. Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырамын. Әдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында берілген тақырып бойынша эссе, ой толғау жазғызып отырдым. Балалар қандай қажетті мәлімет алғанын, оның өз өмірімен нендей байланысы бар екендігін талқылауға үйренді. Тақырып бойынша алған мәліметін қай кезде және қандай жағдайда пайдалануға болатындығын ортаға салып ой бөлісуге дағдыланып келеді. Болашақта әділ, еңбексүйгіш, отансүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тырысады. Олар жас та болса, оқыған шығармалары арқылы өмірдің кей асу белестерінің қиындығымен таныса алады, пікір таласуға да жаттығады. Пікір таласа алу, өз пікірін орынды айтып, дәлелдей білу – адамның басты құндылықтарының бірі болғандықтан, шәкірттерімді осы құндылықтарды берік ұстауға үйретіп келемін.
Сонда сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге дағдыланып, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Қорытындылай келе теориялық білімімізді тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білу-мұғалімнің басты мақсаты болу керек. Бұл өзекті тақырып бойынша іс-шаралар жоспары құрылды . Өскемен қаласының әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін » мектебінің 2-3 сыныпта 2021-2023 оқу жылында жоспарлағандай тәжірибе жинақталды. Осы жылдан бастап ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ мектебінің 4- сыныпта диагностика алынып жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


ӘДЕБИЕТ
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.//Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы//
2. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл //әдістемелік құрал/https://emirsaba.org/oushilardi-funkcionaldi-sauattilifin-aliptastiru // Интернет ресурсындағы материалдан мысал келтіру/
3. «12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі», //Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл //әдістемелік құрал//

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет