1.Қызығушылықты ояту . «Сөзжұмбақ»
- -Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін тақтаға назар аударыңдар.Мына сөзжұмбақты шешейік.
-Балалар, тақтада не көріп тұрсыңдар?(Сұрақтар мен сөзжұмбақ)
-Мен сендерге қазір сұрақтарды оқып отырамын.Ал сендер жауабын табуға тырысыңдар.Сол кезде бізге керекті сөз шығып,тақырыпты аша аламыз.
1)Төрт түліктің бірі,не малдың қасқасы? (Жылқы)
2)Еңбек етуге ең керекті не? (Қол)
3)Не өмір шырағы? (Білім)
4)Тіршіліктің тірегі кім? (Ана)
5)Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдар көсе)
6)Не тас жарады,(Тіл)
Тас жармаса бас жарады?
-Қанекей балалар бізде қандай сөз шықты?
-Жарайсыңдар балалар!Бізде «Жомарт» деген сөз шықты.
-Кім маған жомарт сөзінің мағынасын айтады?
-Жарайсыңдар балалар!Жомарт дегеніміз- адам уәдесінде тұруы, әділ,шынайы, қайырымды болуы.
-Сонда біздің тақырып қалай аталады?
-Бүгінгі біздің тақырып Жерім жомарт - адамзатты асыраған. «Кім жомарт? Не жомарт?» деп аталады.
№
|
Дескриптор:
|
балл
|
1
|
-Қойылған сұраққа жауап қайтарып, тақырыпты ашады
|
2
|
ҚБ: Мадақтау сөздер арқылы
(Бұл жерде оқушылардын ынтасын артттыру үшін мадақтау сөздер айтамын.Яғни, «Жарайсың, тамаша, әлі де тырысыңдар, өте керемет!»)
|