Топтық жұмыс. ( 5 минут)
-Қазір біз топтық тапсырма орындайтын боламыз. Мен сендерге карточка таратып беремін, сол карточкадағы тапсырманы орындау керек.
І топ. Осы шақты тауып, теріп жаз.
Соға бастады, шуылдай жөнелді, байқап қалды, қатты да қалды, телміріп отыр, қарап тұрмын,түсе бастады, шаншып алды, тасып жүр, сүйсініп отыр, айналып отыр.
ІІ топ. Етістіктердің арасынан өткен шақты тап?
Сұрасып тұр, жинаймын, таңғалды, бейнелейді, мойындайды, тоқтады, көрінді, пісіп жатыр,далаға шығады, ұшып кетті.
ІІІ топ. Келер шақтағы сөздерді тап?
Шырылдайды, естіледі, шегінді, даурықты, тиісіп отырдыңыз, сарқырап жатыр, желбірейді, қашты, ерінеді, міндеттейді, күтіп тұр.
-Жарайсыңдар!
ҚБ: «Шапалақтау» әдісі арқылы
(Бұл жерде балаларға топтық жұмыс ұнаса 3-шапалақ соғады, орташа деңгейде болды десе 2-шапалақ соғады, ал мүлдем жұмыстары ұнамаса 1-қол шапалақ соғады.)
|