- Мәтінмен жұмыс.
-Мені мұқият тыңдаймыз. Мен мәтін оқимын.
Бір жылда күн мен түн екі рет теңеседі екен. Оларды «Көктемгі және күзгі теңесу» деп айтады. Көктемгі теңесу
22 наурызға Ұлыстың ұлы күніне дөп келеді. Ал күзгі теңесу 23 қыркүйекке сәйкес келеді. Күн мен түннің көктемгі теңелуін әлемнің көптеген
халықтары мереке ретінде атап өтеді.
Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктемнің келуі
осы күн мен түннің теңелуі екен. Дана халқымыз бұл уақытты «жылдың басы» деп есептеген. Осы күннен бастап табиғат та, Жер-ана да, жан-жануарлар да
түлейді, жаңғырады.
-Ал енді тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын белгілеп ал. Соған сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
• Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құраңдар.
• Мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
№
|
Дескриптор
|
балл
|
1
|
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады;
|
1
|
2
|
- мәтінен дара және күрделі сан есімдерді тауып, сұрақ қояды;
|
2
|
ҚБ: «Жұлдызшалар» әдісі арқылы
(Бұл жерде балалардың ынтасын арттыру үшін тапсырмадан кейін белсенділіктеріне қарай жұлдызшалар таратылады.)
|