Тыңдалым.
-Балалар, сендер мысал не екенін білесіңдер ме?
-Мысал дегеніміз-қысқа оқиғалы шығарма.Мысалдың кейіпкерлері аңдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер болады.Мысалда кемшіліктер сыналады.Ақыл-кеңес айтылатын қорытынды ой болады.
-Қазір біз «Түлкі мен тиін» мысалымен танысамыз.Мен аудиожазба қосамын.Мұқият тыңдаймыз.
Сөздік жұмысы.
Қиыр-алыс.
Маң- өте жақын жер.
Жайрады- сұлап жатты, өліп жатты.
Талдау.
-Түлкі тиінге кездескен кезде не айтты?
-Тиін оған қандай жауап қайтарды?
-Сол сәтте қандай жағдай болды?
-Қай аңның айласы басым түсті деп ойлайсыңдар?
-Жарайсыңдар балалар!
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы
(Бұл жерде оқушылар өздерін бағалайды. Қолдарында қима-қағаз болады.Сол қима-қағазға тапсырманы қаншалықты жақсы орындағанын талдайды.)
|