Дарынды балаларды олимпиадаға дайындауға арналған факультативтік күнтізбелік жоспар
Түсінік хат.
Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын «қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімділік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден – бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды.
Қазіргі мектептердің аса маңызды, тұрақты міндеті жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты білім беру, оларды практикада қолданудың дағдылары мен бірлігін дамыту, материалдық дүниетанымды қалыптастыру, азаматтық қоғамдық – тарихи тәжірибесін меңгертуге бағытталады.
Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, ұлтжанды, барынша қабілетті жанды қалыптастыру.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты:
Дарынды балаларды олимпиадаға дайындау барысында морфология саласындағы барлық сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін түсіндіру. Сөздердің сөйлемдегі атқаратын қызметі, түрлену жолдары мен басқа сөз таптарымен байланысқа түсуін жан-жақты жеткізу, оны өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету. Сауаттылыққа көп көңіл бөлу, оқушыларды соған негіздеу. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру. Лексикалық құрлымы жағынан сабақ сайын жаңа мәтінмен, яғни жаңа сөздермен таныстырып, сөздік қорын байыта отырып,мазмұндама жазуға дағдыландыру. Әр тақырыптан кейін лексико-грамматикалық тест орындау. Баланың жасы сай келмесе де, жалпы түсінік беріп түсіндіру, ажырата білгізу.
Курстың міндеттері:
1.Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
2.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
4.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
5.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Танымдық бағыт бойынша:
оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті біліктілік – дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, есте сақтау, түсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.
Практикалық бағыт:
-зат есімнің мағыналық түрлерін білуі; емлесін білуі.
синтаксистік қызметін білуі;
-сын есімнің мағыналық түрлерін, емлесін білуі, синтаксистік қызметін білуі;
- етістіктің мағыналық түрлерін білуі; синтаксистік қызметін білуі;
-сан есімнің басқа сөз таптарымен байланыса алатынын білуі; синтаксистік қызметін білуі;
-есімдіктің ерекшелігін білуі, мағыналық түрлерін ажырата алуы; синтаксистік қызметін білуі;
-үстеулердің түрлерін ажырата алуы; синтаксистік қызметін білуі;
-шылау сөзердің мағыналық түрлерін білуі; емлесін білуі.
синтаксистік қызметін білуі;
-еліктеу сөздер
-жай сөйлемдердің түрлері
-құрмалас сөйлемдердің түрлері
-берілген тест тапсырмасын жүйелі орындай алуы.
- оқушының сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту;
№
|
Грамматикалық тақырып
|
Лексикалық тақырып
|
Сағ саны
|
1
|
Кіріспе. Морфология туралы түсінік
|
Қожанасыр
|
1
|
2
|
Зат есім. Зат есім жасайтын жұнақтар.
|
Көз, Құлақ, Мұрын мен Ауыздың таласы
|
1
|
3
|
Зат есімнің сөлемдегі қызметі.
|
Бүркіт-қыран құс.
|
1
|
4
|
Сын есім, сын есім жасайтын жұрнақтар.
|
Тауық, тышқан және құр.
|
1
|
5
|
Сын есімнің шырайлары, сөйлемдегі қызметі.
|
Торғай.
|
1
|
6
|
Етістік. Етістік жасайтын жұрнақтар, сөйлемдегі қызметі.
|
Қолқанат.
|
1
|
7
|
Етістіктің шақтары, райлары, тұйық етістік.
|
Шаруа мен су патшасы.
|
1
|
8
|
Есімше . Оның сөйлемдегі қызметі.
|
Тиін мен қасқыр.
|
1
|
9
|
Көсемше. Жасалу жолдары.
|
Ақселеу.
|
1
|
10
|
Етіс түрлері.
|
Құлын.
|
1
|
11
|
Сан есім, сан есім жасайтын жұрнақтар, түрлері.
|
Қызық құс.
|
1
|
12
|
Сан есімнің өйлемдегі қызметі
|
Үнемшіл құмырсқа.
|
1
|
13
|
Шылау сөздер, сөйлемдегі қызметі
|
Ойын.
|
1
|
14
|
Еліктеу, сөйлемдегі қызметі
|
Үй шаруасы.
|
1
|
15
|
Одағай, сөйлемдегі қызметі
|
Жаман жолдас.
|
1
|
16
|
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесі бола алмайтындар
|
Тауық, тышкан және құр.
|
1
|
17
|
Синтаксис. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түлері.
|
Жақсы әдеттер.
|
1
|
18
|
Сөйлемнің құрамына қарай түлері.
|
Жолбарыс пен тышқан.
|
1
|
19
|
Сөйлем мүшелері.
|
«Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын» мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
20
|
Сөлемнің бірыңғай мүшелері.
|
«Баланың бас ұстазы – ата-анасы» мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
21
|
Оқшау сөздер.
|
«Адал еңбекпен абройы жоғары» мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
22
|
Төл сөз. Төлеу сөз. Автор сөзі.
|
Құстарды күту
|
1
|
23
|
Жай сөлем. Оның түлері.Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз сөйлем.
|
Арыстан мен түлкі
|
1
|
24
|
Жалаң, жайылма , атаулы сөйлем. Жай сөйлемдерге талдау жасау.
|
Қожанасыр мен бай
|
1
|
25
|
Тест тапсырмалары арқылы қайталау.
|
«Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы» мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
26
|
Салалас құрмалас сөйлем. Жалпы түсінік.Ыңғайластық, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
|
«Балалы үй – базар, баласыз үй қу мазар». мазмұнын ашу
|
1
|
27
|
Себеп-салдар, кезектес. Талғаулы салалас құрмалас сөлем.
|
Арыстан мен түлкі
|
1
|
28
|
Салалас құрмалас сөйлемдерге толық талдау жасау.
|
Қонақжайлылық
|
1
|
29
|
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.
|
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл». мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
30
|
Құрмалас сөйлем. Кіріспе.
|
«Арман – адамға қанат». мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
31
|
Шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы .
|
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». мақалдың мазмұнын ашу
|
1
|
32
|
Себеп-салдар, мезгіл, қимыл- сын бағыныңқы.
|
Ағаш бұтақтары.
|
1
|
33
|
Мақсат бағыныңқы. Сабақтас құрмалас сөйлемдерге толық талдау жасау.
|
Таңдаулы тақырыпқа шығарма жазу.
|
1
|
34
|
Аралас құрмалас сөйлем.
Пунктуация.
|
Менің сүйікті ертегім шығарма
|
1
|
Сабақ үлгілері
Бірінші сабақ
Лексикалық тақырып «Қожанасыр»
Мақсаты: Жаңа мәтінмен, ондағы жаңа сөздермен таныстырып, морфологияға кіріспе жасау.
Сөздік қорын молайтып, олармен дұрыс пайдалануды үйрету
Мәтінді тыңдау
Жаңа, бірақ жиі қолданылатын сөздерді жазу.
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.
Сөздік жұмыс.
Келіп-кетіп жатқандар – посетители
Мұқату, кекету, келемеждеу, күлу – надсмехаться, смеяться, пошутить
Мәз болу, риза болу – быть довольным
Қашан келсең де - когда бы ни пришел
Өз еркің, құқығың - твое право
Жаңа сөздермен жай, құрмалас сөйлемдер құрастыру
Мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен жазу.
Жіберілген қателерін түсіндіру
Грамматикалық тақырып
Морфология
Сөз құрамын зерттейді
1.Сөздер
2. Сөз таптары 3. Қосымшалар
1.Сөздер:
Дара сөздер:
1. Түбір сөздер: мектеп, ағаш, ертегі
2. Туынды сөздер: әнші, балалық, жаңбырлы
Күрделі сөздер:
1.Қос сөздер: көзбе көз, үлкен кіші, бала шаға
2.Біріккен сөздер: тасбақа, Қызылорда, кЕемпірқосақ
3.Қысқарған сөздер: ҚазМҰУ ҚСРО, ТМД
4.Тіркескен сөздер: Астана қаласы, ұзын бойлы, он сегіз, келіп отыр
2. Сөз таптары
1. зат есім
2. сын есім
3. сан есім
4. есімдік
5. етістік
6. үстеу
7. шылау
8. еліктеу сөздер
9. одағай
3. Қосымшалар
Жалғау
Көптік –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.
Септік А.с, І.с.,Б.с,.Т.с.,Ж.с.,Ш.с.,К.с..
Жіктік –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін –сың т.б..
Тәуелдік –ым, -ім, -м,-ың, -ің, -ыңыз т.б..
Жұрнақ
Сөз тудырушы: ой-ла, бас-та, таза-ла
Сөз түрлендіруші: үй-шік, қала-шық
Үйде жаңа сөздер мен ережені жаттау.
Екінші сабақ
Лексикалық тақырып: Көз, Құлақ, Мұрын мен Ауыздың таласы.
Грамматикалық тақырып: Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар.
Мақсаты: Жаңа мәтінмен, жаңа сөздермен таныстыру. Зат есімдер жөнінде білімдерін толықтыру
Мәтінді мұқият тыңдап, таныс емес сөдерді жазып алу, сөз тіркестер, жай сөйлем, немесе құрмалас сөйлем құрастыру.
Адамның көзі,құлағы,мұрны,аузы таласады.
-Мен болмасам,адам өмір сүрмейді- деп бастайды Көз. –Мен болмасам, адам әдемі табиғатты көрмейді,әдемі адамдарды көрмейді,ештеңе көрмейді,құлап қалады,жарақаттанады.
Сонда Құлақ:
-Әй,Көз,мен болмасам,адам желді,теңіздің толқынын естімейді,әнді де естімейді,ештеңе естімейді ғой,-деді
Сонда Мұрын:
-Мен болмасам,адам тыныс алмайды.Ол қалай өмір сүреді?-дейді
Сонда Ауыз:
-Көз,сенікі де дұрыс емес.Құлақ,сенікі де дұрыс емес.Мұрын,сенікі де дұрыс емес.Тек қана менікі дұрыс.Мен болмасам,аш боласыңдар. Ащының дәмін,тәттінің дәмін білмейсіңдер,-дейді.
Олардың таласын Ми тыңдап отырып ұйықтап қалады. Міне,ғажап! Сонда Көз,Құлақ та,Мұрын да,Ауыз да ұйықтап қалады.
Түсінгенін өз сөзімен жазу.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырғызу.
Қате бойынша жұмыс өткізу.
Зат есім
Заттың, ұғымның, құблыстың атын білдіреді
Тұлғасына қарай: Мағынасына қарай:
Негізгі: ат, ұн, өлең Деректі: ағаш, уй, адам
Туынды: балалық. әнші Дерексіз: махаббат,
Құрамына қарай: Жалпылай,жекелей атауына
Қарай:
Дара: Астана, билік Жалқы: Марат, Алматы
Күрделі: Астана қаласы Жалпы: адам, бала
Зат есім жасайтын жұрнақтар:
1)Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар:
-й: атай, әкей:
-еке,-ке,-қа,-а,-е: атаке, әпке:
-тай,-жан: ағатай,әкежан
-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-ң: балақан;
-шақ,-шек: құлыншақ.
-ша,-ше: сандықша.
-ш,-ыш,-іш: қалқаш
-сымақ: таусымақ
-екеш: тас екеш.
2)Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:
-шы,-ші: қойшы, күйші.
-шылық,-шілік: шаруашылық, кеңшілік.
-лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік: балалық, биіктік, жолдастық.
-кер,-гер: айлакер.
-кеш,-хана,-паз,-қой,-стан,-қор: шайхана,өнерпаз.
3)Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
-м,-ім,-ым: байлам.
-ма,-ме,-ба,-ба,-па,-пе: көрме, кеспе.
-қы,-кі,-ғы,-гі: шалғы, бұрғы.
-с,-ыс,-іс: айтыс, жүріс.
-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек: тарақ, күрек.
-н,-ын,-ін: боран, жуын.
-у: сабау,жамау
-ынды,-інді: шайынды, үгінді.
-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: білгіш, сыпырғыш.
-уыш, уіш: өлшеуіш.
-ыр,-ір,-р,-ар,-ер: үңгір, шұқыр.
Үй тапсырмасы ережені жаттап, түсініп келу
Үшінші сабақ
Лексикалық тақырып: Бүркіт қыран құс
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Мақсаты Зат есімді жан жақты зерттеп, дұрыс қолдануды жаттығу.
1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Бастауыш. Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім не сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. кімім неңіз
Мысалы Жел күшее түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті. Менің әкем кәсіпкер.
Толықтауыш. Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.
Мысалы: Тәрбие тілден басталады. Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
Анықтауыш. Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
Мысалы: Ана тілі - адамның ғұмыр бойы серігі. Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың малдары жайылып жүр.
Пысықтауыш. Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінле келіп, немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады. Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік. Көлеңкеде атам отыр.
Баяндауыш. Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
Мысалы: Біз бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала - артта қалған із, байлық -қолдағы мұз.
2. Зат есімге морфологилық талдау жасау
Кәсіпкерлерге
I Кәсіпкер – зат есім, 2 лексикалық мағынасы, 2 грамматикалық мағынасы бар.
II Бастапқы тұлғасы: кәсіп – (не?) зат есім
а тұрақты белгілері: дара, негігі, жалпы, дерексіз
ә тұрақсыз белгілері: ге – Б.с. жалғауы; -лер – көптік жалғау
III Синтаксистік қызметі : кәсіпкерге (кімге?) толықтауыш
Мәтінді үш рет тыңдап мазмұдама жазу.
Жаңа сөзер
Айбындылық, жемтілігі, сүтқоректілер, сексеуіл, құзжартас
Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.
Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
Үй тапсыпмасы Сөздер мен ережені есте сақтау
Мазмұндамалар
Тауық, тышқан және құр.
Ерте заманда тауық,тышқан, құр – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқалапты.
- Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Тиірменге тарттырыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
- Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,- депті құр.
Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
- Кім от жағады?- деп сұрапты.
- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын,- депті құр.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын.,- депті құр.
Нанды да тауықтың өзі салыпты.
- Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.
- Мен,- деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін,- деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.
*****
Түске алданғандар.
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, сондықтан біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,- депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.
*****
Қожанасыр.
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожаеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же,шапаным ,же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
*****
Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
*****
Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі - ақ.Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар - ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.
*****
Ойын.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.
*****
Үй шаруасы.
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналыстым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
- Мұғалім аяғандай болды.
- Отыра ғой,шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.
*****
Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.
*****
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.
Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
- Қолқанатым менің!- дейді.
1. Қолқанат деген сөзге синоним келтір.
---------------------------------------------
2. Сәкен қандай бала деп ойлайсың?
-------------------------------------------------------
3. Етістіктерді теріп жаз. .........................
4. Сен анаңа қалай көмектесесің? Өз бауырларыңа қандай қамқорлық көрсетесің? ---------------------------------------------------------------
Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет.
1.Орысшадан аударып тиісті сөздерді қой.
Қазақ(язык)-(государственный) тіл. Қазақстанда тұратын (нация(ы) басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. (Они )қазақ тілін (кружок) лерде, (общество)дарда,(школа)тер мен институттарда оқып біледі.
Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады. Олар Қазақстанды өз (народ)і санайды.(Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға тырысып үйренуде.
Аудар. Сұрақтар құрастыр.
1.Диалогты толықтыр және жауабын жаз.
- Сен қазақша сөйлейсің бе?
- .........
- Сенің достарыңның арасында кім қазақша сөйлейді?
-.........
- Қазақ тілін жетік білу үшін қалай оқу керек?
-...........
- Қазақ тілін не үшін білу керек?
-...........
2.Мына сөйлемдерді келер және өткен шаққа айналдыр.
1.Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін.
2.Менің жолдасым қазақша батырлар жырын оқып отыр.
Тарихи қайраткерлер.
Мәтінді оқы, аудар.
Қазақ хандары.
ХV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.
- Ұлы жүз
- Орта жүз
- Кіші жүз.
Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар - руларға, рулар аталарға бөлінген.
Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында - хан тұрған.
Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке, Абылай және т.б.болды.
Сұраққа жауап бер.
1. Абылай хан кім?
2Абылайдың шын аты қандай?
3.Ол қай ғасырда өмір сүрді?
4.Ол қандай батыр?
5.Абылай хан кімдермен соғысты?
6.Қазақ халқы Абылайды қандай адам деп санаған?
7.Сенің пікірің. Менің ойымша .....деп баста.
1.Сөздерге синоним жаз.
Басқарушы -
Дұшпан -
Батыр -
Күш -
Атақты -
Құрмет -
Туу -
Өлу -
Сөздерге антоним жаз
Жоғарғы -
Қосу -
Қорқақ -
Ірі -
Жоқ -
Сыртқы -
Қолдау -
Беру -
Қазақстан Республикасы.
Сұраққа жауап бер:
1.Қазақстан – көп ұлты мемлекет пе?
2.Халқының саны қанша?
3.Қазақстан қай жерде орналасқан?
4.Оның жер көлемі қанша?
5.Бүгінгі Қазақстан қандай елге айналды?
6.Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті кім және қашан сайланды?
1) Мәтінді орысшадан қазақшаға аудар.
Отечеством мы зовем нашу республику. В ней жили наши отцы и деды.
В ней говорят на родном нам языке. Родина как мать. Она защищает и бережет нас от бед. Много
на свете государств. Но одна у человека мать, одна у человека Родина.
2) Сөздерге синоним жаз.
Атақты -
Халық -
Ел -
Тұнғыш -
Ақыл -
Ұлттық киім.
1) Мәтінге 5-6 сұрақ құрастыр.
Ерлердің киімдері: жейде, шалбар, қамзол, ішік, тон. Ерлердің бас киімінің түрлері көп: қалпақ, тымақ, бөрік, малақай, т.б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады. Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі. Көйлектердің сыртынан алтын жіппен, асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі. Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен, күміс, маржанмен әшекейленеді. Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген, көп қаржы жұмсаған.
Төмендегі сөздерді оқыңыз. Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын табыңыз да, кестеге енгізіңіз.
Сырт киім - күртке,........
Бас киім – бөрік,............
Аяқ киім – бәтеңке,........
Көйлек, тымақ, жейде, етік, туфли, белдемше, тон, пальто, шалбар,костюм,орамал, свитер, қалпақ, кофта, қамзол.
2) Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және олардың антонимін табыңыз.
Черный -
Дешевый -
Принести -
Большой -
Хороший -
Ночь -
Тонкий -
Низкий -
Продать -
Покупатель -
Новый -
Дать -
3) Сатушы мен сатып алушы арасында сөйлесулер құраңыз.
Егінші мен қасқыр
Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
- Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек.Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...
- Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
- Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.
- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.
Ертегінің мазмұнын мұғалім түсіндірді. Сұрақ-жауаптар қойылды.
а) Мәтін кім туралы? (Егінші мен қасқыр)
ә) Екеуі не туралы сөйлесіп отыр? (Нан туралы)
б) Қасқырдың қандай екенін байқадыңдар? (Шыдамсыз).
Әр қатар кезектестіріп оқушыларға рөлге бөліп оқытады.
1. Ертегінің ерекшелігі неде?(Адам мен аңның әңгімелесуі. Адамның қиялынан туындайды).
2. Нанның қалай дайын болғанын баяндап бер.
1.Ой қозғау.
- Балалар, нан қалай жасалады?
- Ұннан.
- Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
- Таба нан, бөлке нан, тоқаш т.б.
Қане, балалар нан ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. (топтастыру әдісін жасаймыз).
Ұннан жасалады.
Нанды қастерлеу керек.
Тоқаш
Жерге тастауға болмайды
«Менің досым»
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
– Досқа бергенің босқа бергенің емес. Дұрыс істегенсің. Мына алманың біреуін өзің же де, біреуін досыңа бер.
– Апа, менің досым жалғыз емес.
– Ендеше қанша?
– Бесеу.
– Олар кімдер?
– Антон, Ғаниден, Әпсалам, Бауыржан, Вова...
Шешесі бес алма берді.
Ырысбек алмаларды алып, үйден шықты
Оқушылардың жетістіктері
2014-2015 оқу жылы – қалалық олимпиада. 1 орын, 8 сынып. Мухамадеева Ксения
2012-2013 оқу жылы – қалалық олимпиада 3 орын, 11 сынып. Шепель Ольга
2011-2012 оқу жылы – қалалық олимпиада 1 орын, 9 сынып. Кулищ Полина
2010-2011 оқу жылы – қалалық олимпиада 1 орын, 11 сынып. Мельникова Кристина. Облыстық олимпиадада 3 орын.
2010-2011 оқу жылы қалалық олимпиада 3 орын, 8 сынып Кулиш Полина.
Пайдаланған әдебиет:
1. Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж.
2.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1,
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориасы мен әдістемесі .
Алматы, 2010жыл
4».Шың» оқулығы. Алматы 2010ж.
Достарыңызбен бөлісу: |