Смагулова Айгуль Сагынтаевна Мектептегі дарындылықты анықтау және дамыту жұмыстарының құрылымы, оны ұйымдастыру және іске асыру проблемалары
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу.Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап–жігерлерін жетілдіруіміз қажет.Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы. Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті,орташа деңгейдегі оқушы,үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады.Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе.Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?»деген сұраққа жауап беретін болсақ... Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын,талдай білетін,дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы.Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі.Ғылыми зерттеулерге қарағанда,ерекше қабілетті ,талантты балалардың био-химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді.Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек,ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет.Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек,оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік.Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет. Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек,бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты. Табиғи дарындылық дегеніміз не? Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы. Дарындылық дегеніміз- адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Данышпандық дегеніміз- қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі Дарынды балаларды анықтау жолдары Барлығымызға белгілі бір сыныпта қабілеті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Мүмкіндігінше бір сыныпқа оқушылардың жеке қабілеттеріне, бейімділігі мен ой өрісінің дамуы дәрежесіне көңіл бөліп топтаған дұрыс деп есептелінеді. дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын. . Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психо– педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орындар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікіріне дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады. Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Осыған байланысты өз тәжірибемде бастауыш сынып бірлестігіндегі дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістерін ұсынып отырмын. Бастауыш сыныптар бірлестігіндегі дарынды балалармен жұмыс жоспары Әр бірлестік отырысында дарынды оқушылармен жұмыс қолға алынады.
№ Жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауапты 1 Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау қыркүйек Бірл.жет., Сын жет. 2 Бастауыш сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу Қазан Бірл.жет. Сынып жет. 3 Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту Қазан Бірл.жет. Психолог. Пән мұғ. 4 Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету Үнемі Пән мұғ. 5 Дарынды балаларды бейініне қарай пәндік олимпиадаға дайындау Жыл бойы Бірл.жет. Пән мұғ. 6 Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру Жыл бойы Бірл.жет. Пән мұғ. 7 Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу Қараша Пән мұғ. 8 Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру Үнемі Пән мұғ. Сынып жет. 9 Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау Қаңтар Бірл.жет. Сынып жет. 10 Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру Үнемі Бірл.жет. Сынып жет. 11 Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. Жыл бойы Бірл.жет. Сынып жет.
Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістері (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары ) - Арнайы психо-диагностикалық тренингтер; - Баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-ана тарапынан экспертті бағалау; - Ұжымдық-шығармашылық іс-шараларын жүргізуде балаларды қатыстыру; - Балалардың шығармашылық жұмыстарының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау; Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; - Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу; - Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін байқау, қамқорлық таныту; - Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру; - Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен бастап –ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Оқытудың мәңгілік сауалы: нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? күрделеніп барады. Себебі, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістердің оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген Мақсат- бұл келешекте қол жеткізуге тиісті алдын-ала жоспарланған нәтиженің бейнесі. Бастауыш сыныптан бастап дарындылықты анықтау оны іске асыру үшін жүйелі жұмыс қажеттілігі туындайды. БІЛУ ЖИНАҚТАУ ТҮСІНУ ҚОЛДАНУ ТАЛДАУ БАҒАЛАУ Нәтижесі - Қызығушылығын арттырады - Ойлау және қабылдау қабілетін дамытады - Шығармашылық ізденуіне жол ашады. Дарынды оқушымен жеке жұмыс I кезең Тақырыпты таңдау. 1 Тақырыпты таңдау. 2 Ғылыми-зерттеу орындарына саяхат жасау. 3 Пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру. II кезең 1.Тақырыппен жұмыс жүргізу а) архив материалдары ә) ақпаратпен жұмыс б) әдебиеттер тізімі в) қариялар аузынан III кезең Тақырыпты қорғау (сынып ішінде,, мектепте, қалада) Зерттеу тақырыбын оқушы өзі қорғауын назардан тыс қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата-аналар және өз құрдастары алдында қорғай алады.Қорғау кезінде оқушы өз жаңалығын ұсынуға үйренеді басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді. Мектеп психологының зерттеулері: Зерттеу нәтижесі Дарынды балалардың психологиялық тұрғыда ұйымдастыру кестесі
Қалай анықталды? Қандай қолдау көрсетілді? Бағыт беру жолдары Кемшіліктер Жетістіктер *Оқушыдан, ата-анасынан сауалнама алу арқылы *Ойын арқылы *Психологиялық зерттеулер арқылы *Диогностика арқылы Психологиялық қолдау жасау арқылы Жақсы көңіл-күй,дұрыс демалу Болмайды Барлығы көңіл-күйге байланысты болады
Қорытынды: Жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды жасасақ, ең маңызды аспектілерге сүйенуге болады. 1Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру; 2Дарынды балаларды мектепішілік,қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу. 3.Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндік беру; 4.Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызу; 5.Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болмақ.Тәрбие оргсайтынанМектептегі дарындылықты анықтау және дамыту жұмыстарының құрылымы, оны ұйымдастыру және іске асыру проблемаларыатты материалды тегін жүктеп алуға болады.Тәрбие сайтында барлық пәндерденашық сабақ,презентациялар,авторлық мақалалартәрбие сағаттары жинақталған. Мектептегі дарындылықты анықтау және дамыту жұмыстарының құрылымы, оны ұйымдастыру және іске асыру проблемалары Баяндамалар атты материалды сайттан жүктеу үшін осы материалдың астындағы сайттан тегін жүктеу деген сілтемені басыңыз.Ұстаздар сайтыТәрбие.оргМектептегі дарындылықты анықтау және дамыту жұмыстарының құрылымы, оны ұйымдастыру және іске асыру проблемалары атты материалды сізге ұсынып отыр. Сізде авторлық сабақтарыңыз болсатегін сабақ жариялауға болады.