Дарынды балалармен жұмыс жүйесі қҰрмашова нұРГҮл информатика пәні мұҒалімі №62 орта мектеп



Дата10.06.2017
өлшемі12,65 Kb.
#18667

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ҚҰРМАШОВА НҰРГҮЛ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ №62 ОРТА МЕКТЕП

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» -деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

  • «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» -деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

  • Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.

  • - дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
  • - оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
  • - дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
  • - дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
  • - дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
  • Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

ӘР САБАҚ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫҒА МЫНАДАЙ ТАЛАПТАРДЫ ҚОЯ ОТЫРЫП ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН:

  •      Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін  іздене білу;
  • Ақыл- парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
  • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
  • Өзін – өзі талдауды, өзін – өзі бағалай білуді меңгеру;
  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
  • Қоршаған ортада өз орнын , жеке рөлін анықтай білу;

МЕН ӨЗ ТӘЖІРИБЕМДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МЫНА ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫНДА  АНЫҚТАЙМЫН.

  • Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім  қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек.
  • Дарынды оқушылармен бірге сабығымда ақпаратты- технология құралдарын пайдаланып, электронды оқулықтармен, интернет желісімен жұмыстар жасаймыз. Дарынды оқушымен үнемі бірлесе жұмыс жасап , баланы шығармашылық ізденіске жетелеймін. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап,  анализ жасауына ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, олимпиадаларға , сайыстарға , интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубына, ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау), оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысуға  іріктеп аламын.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

  • р/с
  • Мазмұны
  • Сынып
  • мерзімі
  • жауапты
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • Дарынды оқушыларды анықтау
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, шығармашылық жұмыстар)
  • Өз шығармашылықтарын көпшілікке жариялау, тарату
  • Ғылыми жоба жұмыстарына дайындау
  • Олимпиада есептерін шығару жолдарына дайындық /Паскаль программасы бойынша/
  • “Ақпараттандыру әлеміне саяхат” жобасына дайындық жұмыстары
  • MS Office Publisher 2010, CorelDraw бағдарламаларының көмегімен Web-сайт жасау жолдары
  • Интернет желісі бойынша жұмыс. Википедия энциклопедиясын зерттеу, танысу жұмыстары
  • Энциклопедияға мақалалар жазу, жіберу жұмыстары
  • 7-11 сынып
  • 7-11 сынып
  • 7-11 сынып
  • 7-11 сынып
  • 7-11 сынып
  • 7-11 сынып
  • 10- сынып
  • 10-сынып
  • 10-сынып
  • Қыркүйек
  • Қыркүйек
  • Жыл бойы
  • Қазан
  • Қараша
  • Желтоқсан
  • Қаңтар
  • Ақпан, наурыз
  • Сәуір, мамыр
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н
  • Құрмашова Н, Тәжімбетов Д.
  • Құрмашова Н, Тәжімбетов Д.
  • Құрмашова Н, Тәжімбетов Д.

ОСЫНДАЙ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ МЫНАДАЙ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТТІМ:

  • -         білім сапасы артты;
  • -         аудандық олимпидалардан грамота II, III орын алды;
  • -         ғылыми жобадан I , III орын алды;
  • - республикалық Википедия энциклопедиялық мақала жазу бойынша жүлдегер атанып, ноутбук жеңіп алды;
  • - Энциклопедиялық мақала жазуды тоқтатпай сотка жүлдесін жеңіп алды;

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.

  • Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет