Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері


Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді



бет2/5
Дата15.10.2023
өлшемі50,63 Kb.
#185614
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дарынды үлгерімі оқушылар Асель

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау. Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.


Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар-міндеттер:
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

- дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

- дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. 

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттерді, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану.

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

6. Сабақта оқушылардың өзіндік мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы жаңа сабақты игеруге дайындау.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар: білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет