«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Г. Галилей Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», - деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы.
Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;