1-тоқсан
1
|
Логикалық тапсырмалар
|
жеке карточкалар
|
24.09
|
2
|
Метаграмма. Сөзжұмбақтар шешу
|
жеке карточкалар
|
01.10
|
3
|
Диктант. Тапсырма орындау
|
жеке карточкалар
|
08.10
|
4
|
Шығарма жазу
|
өздік жұмыс
|
15.10
|
5
|
Мазмұндама жазу
|
өздік жұмыс
|
22.10
|
6
|
Олимпиадалық тапсырмалар
|
өздік жұмыс
|
29.10
|
2-тоқсан
|
1
|
Фонетика. Дыбыстық талдау
|
жеке карточкалар
|
05.11
|
2
|
Тест жұмысы
|
жеке карточкалар
|
12.11
|
3
|
Сурет бойынша шығарма жазу
|
жаттығу жұмысы
|
19.11
|
4
|
Жоспар бойынша мазмұндама жазу
|
өздік жұмысы
|
26.11
|
5
|
Сөздерге ассоциация құрастыру
|
өздік жұмысы
|
03.12
|
6
|
Мәтінді көшіру
|
өздік жұмысы
|
10.12
|
7
|
Олимпиадалық тапсырма
|
өздік жұмысы
|
24.12
|
3-тоқсан
|
1
|
Лексика
|
жеке карточкалар
|
07.01
|
2
|
«Екі жақта түсініктеме күнделігі» стратегиясы
|
жаттығу жұмысы
|
14.01
|
3
|
«Бес жолды өлең» құрастыру
|
жаттығу жұмысы
|
21.01
|
4
|
Тұрақты сөз тіркестері
|
жаттығу жұмысы
|
28.01
|
5
|
Тест жұмысы
|
өздік жұмысы
|
04.02
|
6
|
Синтаксис
|
жеке карточкалар
|
11.02
|
7
|
«Түртіп алу»
|
жаттығу жұмысы
|
18.02
|
8
|
Мәтінді жазу, талдау. «Венн» диаграммасы
|
жаттығу жұмысы
|
25.02
|
9
|
Мазмұндама
|
өздік жұмысы
|
03.03
|
10
|
Сюжетті сурет бойынша мәтін құрастыру
|
өздік жұмысы
|
11.03
|
11
|
Олимпиадалық тапсырмалар
|
өздік жұмысы
|
18.03
|
4-тоқсан
|
1
|
Морфология. Сөз таптарына талдау
|
жеке карточкалар
|
01.04
|
2
|
Анаграмма
|
жаттығу жұмысы
|
08.04
|
3
|
Терме диктант. Сөйлем мүшелеріне талдау.
|
өздік жұмысы
|
15.04
|
4
|
Көшіру диктанты. Грамматикалық тапсырма
|
өздік жұмысы
|
22.04
|
5
|
Диалог құрастыру
|
жаттығу жұмысы
|
29.04
|
6
|
Монолог құрастыру
|
жаттығу жұмысы
|
06.05
|
7
|
Олимпиадалық тапсырмалар
|
өздік жұмысы
|
13.05
|
8
|
Тест жұмысы
|
өздік жұмысы
|
20.05
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ.
Мақсаты: пән бойынша оқушыларға мемлекеттік стандартты меңгеру,
үлгермеушілікті, нашар оқитын оқушылар қатарын азайту.
Міндеті:
Оқушылардың кластағы, мектептегі психологиялық микроклиматына ерекше мән беру;
оқушыларға тактикалық түрде көңіл бөліп қарау;
оқушылардың қызығушылығын ескеру.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы
Б.А.Курмангалиеваның үлгерімі төмен балалармен жеке жұмыс жоспары
Жүргізілетін жұмыстар:
Деңгейі төмен оқушыларды анықтау.
2. Әр сабақ сайын білімін жаңғыртып, тілдесім әрекетіне баулу.
3. Қосымша материалдарды пайдалану.
4. Оқушыларды сыныптан тыс шараларға қатыстыру.
5. Сабаққа жаңа әдіс- тәсілдерді, сызбалар мен көрнекіліктерін пайдалану.
Үлгерімі төмен балалармен жеке жұмыстың мақсаты :
Қазақ тілі пәнінен оқушының сабақ үлгерімін жақсартуға жағдай жасау, білім сапасын көтеру.
Міндеттері:
1 . Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту;
2. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. Оқушының ойын арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
4. Қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Үлгерімі төмен балалармен жеке жұмыс жоспары
Мұғалімнің аты- жөні: Б.А.Курмангалиева
Пән атауы Қазақ тілі және әдебиет
№
|
Үлгерімі төмен оқушылармен
Жүргізілетін жұмыстар
|
Берілетін тапсырмалар және өз бетінше орындауға берілетін жұмыс
|
1
|
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту
|
1.«Керекті сөзді тауып айт» ойыны
2. Әңгіме оқыту
3.Сөйлемді аяқтау
4.Логикалық сұрақтар
|
2
|
Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу
|
1. Үйге берілген мәтінді оқып келуді, сызба арқылы мазмұнын айтуды қадағалау.
2.Мәтінді көшіріп жазып келу.
3.Сөздерді буынға бөлгізу, буын түрлерін ажырату.
|
3
|
Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту
|
1.Сөзжұмбақ шешуді үйрету.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
3. Сызба бойынша бір тақырыпқа сөйлету
|
4
|
Әр оқушының сауаттылығын арттыру
|
1.«Қатеңді тап» ойыны
2.Заттардың атауын көпше түрінде жаз
3.Берілген сөздерден сөйлем құрастыру
|
5
|
Сөйлеу қабілетін дамыту
|
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
3.Бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру
4. Жаңылтпаштарды жаттату
|
БЕКІТЕМІН:
«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ
директоры:----------------------Тогузова А.З.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.
Дайындаған: Саньязова Б.Қ.
Зырян, 2015-2016 оқу жылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ.
Түсінік хат.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.
Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.
Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады. Сондықтан, бағдарламада оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері қамтылған.
Бұқаралық ақпарат қатты дамыған кезеңде баланың ойлауы мен сөйлеуі арасында алшақтық айқын байқалады. Бағдарлама осы алшықтықты жоюдың бірден-бір жолы олардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Бағдарламада қамтылған жұмыс түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп құрылған. Балалық жас – қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:
оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;
оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;
шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың міндеті:
сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде көркем әдебиетке сүйіспеншілікке баулу;
тілдік қолданыстарының әдеби деңгейін қалыптастыру;
таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;
логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағыттау;
өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |