Көрінісі бойынша: * Айқын дарындылық * Жасырын дарындылық.
Жасырын дарындылық:
бір іске ғана қызығатын балалар (компьютер);
барлық ақпаратты қабылдап, бірақ ештеңе жасағысы келмейтін жалқаулар;
өздерін төмен санайтын қарапайым балалар;
қоршаған ортамен жиі қайшылыққа түсе беретін невротиктер;
қайшылықты жақтырмайтын жуас тыныш балалар.
Жас ерекшелік дамуына қарай:
ерте (жастағы) дарындылық (вундеркинд);
кеш (қалыптасқан) дарындылық.
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі: o ой-өрістің жоғарылығы o академиялық табыс o шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту o көркемдік әрекет o қатынас және белсенділік o қозғалғыштық дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек: o жас ерекшелігі o тұлғалық ерекшелігі. O экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.
Дарынды оқушыларды таңдауда назар аударатын ерекшеліктер: o Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды. O Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады. O Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі. O Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.
Дарындылық ұстанымы o сен «білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « сенің қолыңнан келеді!» o белгілі жағдайдан, белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы; o іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш! O баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету! O «қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету! O болашаққа бейімдеу; o дамыта оқыту; o жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!
1. Оқушының танымдық қабілеттері мен дағдылары • үлкен ақпарат көлемін меңгеруі • сөздік қорының бай болуы. • Себеп-салдарлы байланыстарды анықтау. • Жасырын тәуелділіктер мен байланыстарды табуы. • Қорытындыларды жасай білуі. • Күрделі проблемаларды шешуге қатысуы. • Ақпаратты ұйымдастыруы. • Көзге көрінбейтін айырмашылықтарды байқай білу шеберлігі. • Ситуацияларды талдай білуі. • Процестің өзі сияқты нәтижені де бағалай білу шеберлігі. • Болжам құра білуі • идеяларды практикада қолдана білуі. • Ойлаудағы сыншылдығы • жоғары дәрежедегі білімге құмарлығы.