Деректерді интеллектуалды талдаудың артықшылықтары:
Data Mining технологиясы кәсіпорындарға білімге негізделген ақпаратты алуға көмектеседі;
Деректерді интеллектуалды талдау ұйымдарға жұмысқа және өндіріске тиімді түзетулер енгізуге көмектеседі;
Data Mining статистикалық деректерді жинау үшін басқа қосымшалармен салыстырғанда үнемді және тиімді шешім;
Деректерді интеллектуалды талдау шешім қабылдау барысында көмектеседі;
Үрдістер мен әрекеттерді автоматты болжауды, сондай-ақ жасырын паттерлерді автоматты түрде анықтауды жеңілдетеді;
Ол жаңа жүйелерде де, қолданыстағы платформаларда да іске асырылуы мүмкін;
Бұл жылдам процесс, пайдаланушыларға оңай аз уақыт ішінде деректердің ауқымды көлемін талдауға мүмкіндік береді.
Деректерді интеллектуалды талдаудың кемшіліктері:
Компаниялар өз клиенттерінің пайдалы ақпаратын басқа компанияларға ақша үшін сата алады. Мысалы, American Express өз клиенттерін кредиттік карталар бойынша басқа компанияларға сатып жіберді;
Data Mining үшін көптеген аналитикалық программалар пайдалануда қиын және жұмысқа алдын ала дайындықты талап етеді;
Деректерді интеллектуалды талдаудың әр түрлі құралдары оларды әзірлеуде қолданылатын әр түрлі алгоритмдерге байланысты жұмыс істейді. Сондықтан дұрыс деректерді интеллектуалды талдау құралын таңдау өте күрделі міндет;
Деректерді интеллектуалды талдау әдістері дәл емес, сондықтан белгілі бір жағдайларда бұл елеулі салдарларға әкелуі мүмкін.
Data Mining жүйесін қолданудың екі бағыты бар: жаппай өнім ретінде және бірегей зерттеулер жүргізу құралы ретінде.
Қазіргі кезде Data Mining технологиясы бизнес-міндеттерді шешу кезінде кең тараған. Мүмкін, осы бағытта Data Mining құралдарын пайдаланудан түсетін қайтарым кейбір көздер бойынша 1000%-ға дейін құрауы мүмкін және оны енгізуге жұмсалатын шығындар тез өтелуі мүмкін.
Сонымен қатар, Data Mining технологиясы ретроспективті деректер жинақталған адам қызметінің барлық салаларында қолданылады. Төменде көрсетілген 1 кестеде негізгі сфераларды қарастырамыз.
Кесте 1
Data Mining технологиялары кездесетін салалар
Достарыңызбен бөлісу: |