Дауыссыз дыбыс түрлері - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
- №192 орта мектебі
Сабақтың мақсаты: - Білімділік: Оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, жаңа сабақты меңгерту
- Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру
- Тәрбиелілігі: Сабақ барысында оқушыларды өзін-өзі ұстауға, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: жаңа сабақ
- Әдісі: Сұрақ-жауап, ассоцация,
- тапсырма беру
- Көрнекілігі: сызба плакат,
- ойын плакат
Сабақ барысы: - Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеп, кітап дәптерлерін дайындау. Сабаққа әзірліктерін тексеру
- 2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау.
- 1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт
- 2. Заттың атын білдіретін сөздер.
- 3. Заттың қимылын білдіретін сөздер
- 4. Заттың сынын білдіретін сөздер
- 5. Заттың санын білдіретін сөздер
Жаңа сабақ: - Қатаң: К, Қ, П, С, Т, Ф, Х, Ц, Ч, Ш, Щ
- Ұяң: Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З
- Үнді: Л, М, Н, Ң, Р, Й (У)
Сергіту сәті - 121-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу
- Жатқа жазу
- Арыстандай айбатты,
- Жолбарыстай қайратты.
- Қырандай күшті қанатты,
- Мен жастарға сенемін. М. Жұмабаев
“Алма теру” ойыны Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар - Тақтаға дауыссыз дыбыс түрлерін іліп, толтыруға тапсыру.
Сабақты қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |