Дцоликлондарды қолданып тікелей агглютинация реакциясы арқылы қан топтары мен Rh-факторды анықтау 1,Студент



бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі30,96 Kb.
#191958
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
физио дағды

8. Креатинин клиренсін анықтау
1.Студент несеп түзілуінің бірінші (шумақтағы сүзілу) кезеңіне түсінік және сипаттама береді.
2.Студент клиренс жайлы түсінік береді
Шығарылу жылдамдығын бағалау үшін клиренс түсінігі қолданылады. Қандай да бір заттың клиренсі сандық тұрғыдан 1 минуттағы бүйректің осы заттан толық тазарған плазмадағы мөлшеріне тең болады
Студент бұлшықет тіндернің ыдырауы барысында креатинин түзілетіндігін, алдымен қан айналымына, содан соң шумақтық сүзілу жолымен бүйрекке түсіп келеді. Креатинин бүйрек түтікшелерінде қайта сіңбейді және түзілмейді. Эндогенді креатинин клиренсі шумақтық сүзілу жылдамдығын (ШСЖ) сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.

3.Студент креатининн клиренсі бойынша ШСЖ есептеу қалай жүргізлетіндігін түсіндіреді. Студент формуланы жазып, эндогенді креатинин клиренсін есептеу үшін қандай көрсеткіштер керек екендігін түсіндіреді:


Сcr = (Ucr/ Pcr) xV, мұндағы, Сcr –креатинин клиренсі(мл/мин); Ucr – несептегі креатинин мөлшері (мг/мин); Pcr–қан плазмасындағыкреатинин мөлшері (мг/мин), V – минутттық диурез (мл/мин). Студент қалыпты жағдайдағы креатининнің ШСЖ мөлшерін (мл(мл/мин) айтады: 80-125 мл/мин тең
4.5
Бүйректің өзін-өзі реттеу қызметін зерттеу. 3имницкий үлгісі
1.Студент жалпы несеп талдауы көрсеткіштері, физикалық қасиеттері – несептегі еріген заттардың (мочевина, несеп қышқылы, креатинин, әртүрлі тұздар) мөлшерін көрсететін, меншікті салмағы(салыстырмалы тығыздығы) жайлы түсінік береді.Дені сау адамда несептің салыстырмалы тығыздығы тәулік бойына едәуір жоғары дәрежеде ауытқып отыруы мүмкін. Таңғы уақытта қоюлығы біршама жоғары – 1.020-1.025 тең болады
2.Студент несептің меншікті салмағының жоғарылауы сұйықтықты аз мөлшерде қабылдағанда, көп су жоғалтқанда байқалатындығын түсіндіреді. Несептің меншікті салмағының төмендеуі сұйықтықты көп қабылдағанда байқалатындығын айтады. Студент осы жағдайда бүйрек қызметінің реттелу механизмдерін түсіндіреді. Бүйректің қоюландыру (концентрациялау) мүмкіншілігін бағалау үшін және біріншілік несепті ажырата алуда3имницкий үлгісі қолданылатындығын айтады
3.Студент Зимницкийүлгісі қалыпты тағам және су рационы жағдайында жүргізілетіндігін айтады. Зерттелушіден зәр тәулік бойына 3 сағат сайын: 09.00, 12.00, 15.00, 18.00, 21.00, 24.00, 03.00, 06.00 уақытта жеке-жеке бөліктерге бөлініпалынады. Әрбір бөліктегі алынған несеп мөлшері мен оның меншікті салмағы анықталады, тәуліктік мөлшері, сонымен қатар, жеке түнгі және күндізгі диурез есептелінетіндігі айтылады.
4.Студент зерттеу нәтижелерін бағалау келесі негізде (қалыпты жағдайдағы бүйрек қызметіне тән) жүргізілетіндігін түсіндіреді: Қалыпты жағдайдағы тәуліктік диурез мөлшері –800 -1500 мл. Тәуліктік диурез орташа есеппен қабылдаған судың65-75%-натең болуы керек. Күндізгі диурездің түнгіден басымдылығы (күндізгі несеп жалпы несептің 2/3 бөлігін құрайды). Меншікті салмағы жеке-жеке алынған бөліктердің біреуінде де1.020 төмен болмауы керек. Ең жоғарғы салыстырмалы тығыздығы 1.025-1.026 аралығында біршама ауытқиды. Жеке бөліктердегі тәуліктік несеп мөлшері (мысалы, 40-300 мл) және меншікті салмағы (мысалы, 1.008- 1.025) біршама ауытқиды. Тәуліктегі несеп мөлшері мен меншікті салмағы алынған жеке бөліктерде біршама ауытқиды. Егер Земницкий үлгісі бойынша несептің ең жоғарғы салыстырмалы тығыздығы 1.020 жоғарыласа, бұл бүйректің қоюландыру мүмкіншілігініңжақсы көрсеткіші болып саналады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет