Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік 1 Раундтағы жеңіс


Дебатерлар менмендікті қойындар!



бет10/16
Дата26.08.2020
өлшемі46,51 Kb.
#76990
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Төрешілік

Дебатерлар менмендікті қойындар!

Бұл кодексті бұзушылық болмаса да, дебатерларға төрешіден қарағанда раундты бағалауды жақсырақ білемін деп есептеуді қою керек. Дебатер өзі ойнаған раунд туралы дұрыс қорытынды жасай алмайды. Бұл тек қана өз тобына деген алдын ала ойлауға ғана байланысты емес. Дебатерлар ойындағы барлық нәрсені төреші секілді ести алмайды: ойыншылар әріптесімен сөйлеседі, сөзін жазады, қарсы шығу жолдарын іздейді, Ақпарат Пункттарын ойлап табады. Сондықтан, көптеген маңызды мәліметті жіберіп алу ықтималдығы жоғары. Онымен қоса, дебатерлар аргумент жасаған кезде не айтқысы келетінін алдын ала біледі – ал төрешілер оны білмейді, сондықтан раундты тек қана дебатер нені айтқанына байланысты (ол әрдайым дебатер нені айтқысы келгенімен сәйкес келмейді) бағалайды. Тіпті үздік төреші өзі ойнаған раундқа әділ баға бере алмайды

Әсіресе, бұл топтар арасындағы айырмашылық аз болған жағдайда өте маңызды. Мұндай шарттарда төрешілерде бір жаққа ауытқу үшін басым себептер жоқ болады. Ойыншылар кейбір кезде кішкентай элементтер бір топтың екінші топқа басым түсуін көрсететін жалғыз нәрсе болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Және де шешімді Раундтың Бас Төрешісі шығарады деп ойламау керек. Іс жүзінде нәтижелер жеке адамдармен емес, төрешілер панелімен шығарылады.

Осы себептен, егер сіз ойыншы ретінде қорытындымен келіспей, көңіліңіз қалса бұл әдеттегі жағдай. Төрешілер барлығын біле бермейді, және Төрешілер Коллегиясына төрешілер қаншалықты дебат қорытындыларын түсіндіре алатыны туралы мәлімет керек. Дегенмен, командаларға нәтижелер қате деп есептемес бұрын себептерін тыңдап алу керек; келіспейтін тұстар туралы Төрешілер Коллегиясына агрессивті түрде емес, тиісті арналар арқылы жеткізуге тырысу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет