Ақпарат пункттары
Ақпарат пункттарын қою мен қабылдау туралы 1.4 бөлімінде айтылған болатын. Топтардың Ақпарат Пункттарын қабылдау да, қою да өте маңызды. 1.4 аталып кеткендей, әр дебатер өзінің сөзінде екі Ақпарат Пунктын қабылдайды деп күтіледі – оның біреуі форматтың талабы. Төрешілер дебатерларға Ақпарат Пункттарын қабылдауға міндеттей алмайды. Алайда, Ақпарат Пункттары басқа топтармен жұмыс жасалғандығын көрсетеді. Егер дебатер бірде-бір Ақпарат Пунктын қабылдамаса, Төрешілер дебатер өз сөзінде сенімділігі аз екендігін және басқа топтармен диалогта аргументін қорғай алмағандығын қорытындылай алады.
Ақпарат Пунктын қабылдамағандығын бағалаған кезде төреші дебатқа қатысудың басқа формалан ескеру қажет. Мысалы, қарсы шығу (ребаттл) сенімділікті қалпына келтіруге жеткілікті. Егер ойыншы Ақпарат Пункттарын қабылдамаса, қарсылас топтың аргументтеріне өте аз немесе мүлдем қарсы шықпаса, бұл Төрешінің көзінде жағымсыз фактор болып саналады. Бір кездері Ақпарат пунктын қабылдамау, өте зиянды бір Ақпарат Пункт болып есептеуге ұсынылған. Бірақ мұндай тәсіл бұл әрекетті бағалауға дұрыс емес. Төреші ешқашан берілмеген аргументке үлкен маңыздылық бермеу керек, тіпті басқа топтар өз рөлдерін толық орындамаса да. Бірақ Төреші Ақпарат Пунктын қабылдамауды қарсылас жақтың үздік материалымен жұмыс істелінбеді деп есептей алады.
Ойыншы қабылдайтын Ақпарат Пункттары, идеалды жағдайда, кем дегенде, басқа командалардың ең төменгі белсенділігіне сай болуы тиіс. Мысалы, егер Үкімет хатшысына Ашушы Оппозициядан сөздің бірінші жартысында ондаған сұрақтар қойылғанда ешқайсысын қабылдамай, кейін Жабушы Оппозицияның бірінші Ақпарат Пунктін қабылдаса, ойыншы АО кейсін елемей жатыр деген ой кетеді (әрине егер одан кейін де АО тобынан ештеңе қабылдамаса). Контекстке байланысты бұл АО аргументтерімен жұмыс жасалынбағанын көрсете алдады, және контекстке байланысты (мысалы ЖО аргументтері АҮ аргументтерінен айқын күштірек болған жағдайда) легтимді тактика бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |