Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік 1 Раундтағы жеңіс



бет5/16
Дата26.08.2020
өлшемі46,51 Kb.
#76990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Төрешілік

Тақырыптардың түрлері

Тақырыптарды командаларға жүктелетін жүктемеге байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады (“Бұл палата ... жасайды “, “ Бұл палата ... деп есептейді”, “ Бұл палата … қолдайды”). Төрешілер осындай сөздерді бірден бір тақырыптың ішінде қолданбайды, себебі ойыншыларға тақырыптың түрін түсіну оңай болу үшін. Біз сіздерге төмендегідей ақыл-кеңес береміз:



  • “Бұл палата ...А... жасайды” тақырыбы көбінесе үкімет А заңын ұсынады жайыңда әңгіме қозғалады – сол заңды еңгізу үшін дәлелденетін аргументтер топтамасы. Осындай дебаттың орталық сұрағы – осы А заңын енгізу керек па, жоқ па? Үкімет тарапы осы заңдылықты еңгізген жөн екенін және болашақта жақсы болатынын дәлелдесе, оппозиция тарапы осы заңнан жаман жағдай қалыптасатынын дәлелдеуге тырысады. Бұл дебат үкімет тарапы институт (әдетте мемлекет) осындай іс-әрекеттерді жасап жатқандығы немесе шын өмірде осындай жағдай қалыптасып жатқандығы жайлы болмау керек. Сәйкесінше, оппозиция «бұндай заң мемлекет қабылдай алмайды» немесе «саясаткерлер ешқашанда олай жасамайды» деп қарсылық айта алмайды. Пікірсайысшылар мемлекет немесе саясаткер ретінде осы заң жайлы әңгіме айту керек, заң шың өмірде қабылданус мүмкін ба, жоқ па емес.

  • “Бұл палата ...А... деп есептейді” тақырыбы көбінесе үкімет тарапынан қандай да бір іс-әрекетті талап етпейді, бұл тақырыпта А тұжырымдамасының шынайы екенін дәлелдеу қажет, ал оппозиция оның дұрыс емес екендігіне төрешінің көзін жеткізу керек. Мысалы: ” Бұл палата әлемде барлық адамдар минимум өмір сүруге құқылы деп есептейді”. Кейде кейбір осындай тақырыптағы қарарлар белгілі бір іс-әрекет жайлы болуы да мүмкін: “ Бұл палата [субъект А] жасау керек [іс-әрекет Б] деп есептейді.”

  • “Бұл палата ...А... қолдайды” тақырыбы да үкімет тарапынан белгілі бір іс-әрекетті талап етпейді. Оның орнына үкімет символдық, саясат арқылы, материалдық немесе басқаша жолмен адамды, топты, институтты, істі, құндылықты немесе А тұжырымдамасын қолдау керектігін дәлелдеу керек. Оппозиция Аны қолдамау керектігін дәлелдейді.

  • «Бұл Палата [A] ретінде [Б] болады» ерекше түрге жатады. Бұндай тақырыпта А субъекті ретінде бір қимыл жасау керек. Төрт команда да А субъекті ретінде ойнайды. Мысалы, егер тақырып “Бұл палата Турция мемлекеті ретінде Сирияға масштабтық соғыс ашады” болса, раунд Турция интервенция мемлекеті ретінде ойнатылады. Бұндай раундта Турция мемлекетінің позициясын таңдап, соған байланысты аргументтар келтірілу керек. Раундта аргуметтер А субъектіне негізделеді және спикер Турция араласу керек себебі бұл американдық бизнеске жақсы деген тұжырым айта алмайды, айту үшін бұл Турцияға қандай әсер алып келетінін дәлелдеу керек.

2.7 Дебаттағы оппозиция

Сонымен, үкімет ұсынысты неге қабылдау керек немесе өз ойы неге дұрыс екенін көрсететін аргументтерін ұсынады. Ал Оппозиция мүшелері не істеу қажет? Нақты шаралар туралы пікірталаста Оппозиция неге осы шараны істемеу керек екенін, яғни бұл ұсынысқа тиімдірек альтернатива бар екенін көрсетуге тиіс. Сондықтан, Үкімет қандай дефиниция беретінін таңдай алса, Оппозиция статус квоны қорғау мақсатында екі жолдын біреуін таңдай алады: альтернативті шешу жолын қорғау немесе Үкімет берген қарардағы ешбір шараны істемеу. (Әрине, екінші жолды таңдаған жағдайда команда толық әрекетсіздікті ұсынбайды, тек неге осы қарарды қабылдау мемлекеттін ситуациясын ушықтырытанын көрсетеді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет