3.4 Шешімді талқылау
Бас төреші шешімдерді және неге олай шешкенін хабарлайды.Егер шешім қабылдауда бас төреші дауыстан ұтылып қалса, онда шешімді және қабылдану себебін дауысты жеңіп алған жақтағы шет төреші жариялайды.
Шешімді талқылауда неге шешімнің солай қабылдану себептері нақты көрсетілуі және командаларға ақыл-кеңес берілуі керек. Себептер раунда не болғаны жайлы болады, ал ақыл-кеңес ойында болу керек, бірақ болмаған жайлы заттар туралы талқыланады. Соңғысы, яғни ақыл-кеңес міндетті емес. Шешімді талқылаудың басты міндеті: ойыншыларға неге сондай рангтер алғандығын нақтылап түсіндіріп беру.
Шешімді талқылау негізінде былай өтеді:
Ойыншыларға рангтерін түсіндіру
Бір команданың екінші командадан жоғары алуын түсіндіретін салыстырмалы анализ
Командаларды салыстыру оңай жасалатын тірлік емес. Бұл процесс кімнің ойында жеңгендігін, кімнің аргументтері мықты екендігін нақты түсіндіріп берілу кекек. Бұл жерде төрешілерге артылатын тапсырма өте маңызды, төрешілер анализді нақты, ойыншыларға түсінікті жеткізуге міндетті. Ойында болған аргументтерді байқай және қаншалықты олар қарсылыққа ұшырағанын анықтай білу керек . Сонымен қатар, қандай аргументтер заңды қабылдауға немесе қабылдамауға әсер еткендігін айта білу керек.
Шешімді талқылаудың бір түрі хронолиялық реттілікті сақтау: мысалы, бірінші АҮ, екінші АО, т.с.с. Екінші түрі – бірінші орын алған командадан бастап төменгі ретпен немесе төртінші рангтан бастап жоғарғы ретпен. Сонымен өатар рангтардың себебі, ақыл-кеңестен бөлек жүру керек. Себебі: ойыншылар шатаспай түсіну үшін.
Төрешілер ойыншыларға осындай ақыл-кеңестер бере алады:
Ойынды қалай жақсы ойнауға болады жайлы жалпы кеңестер
Ойын кезіңде ойыншыларда болған проблеманы түсіндіріп беру
Альтернативті кейстар мен аргументтар көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |